Септік жалғау

Септік жалғауы – көптік жалғауы сияқты сөзбен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, Олар мектепке келді, Олар мектепке дейін келді, Оқушылар мектепте оқиды т.б.

Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп ( жәрдем,көмек, дәнекер ) деген ұғымды білдіреді. Осы сөзден туған септеу деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі – екі нәрсені жалғау, ұластыру; екіншісі – сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгеру жүйесі. Қазақ тілінде мынадай септіктер бар:

1.Атау септіккім? не?

2.Ілік септіккімнің? ненің?-ның,-нің,-дың,-дің,

-тың,- тің

3.Барыс септік кімге? неге?-а,-е,-қа,-ке,-ға,-ге,-на,-не

4.Табыс септік кімді? нені?-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

5.Жатыс септік кімде? неде? -да,-де,-та,-те,-нда,-нде

6.Шығыс септік кімнен? неден? –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,

-нен

7.Көмектес септік кіммен? немен? –мен,-бен,-пен,-менен, -бенен,-пенен.

Қазақ тілінде септелудің екі түрі бар:

1.Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі.Мысалы,үй, үй-дің, үй-ге, үй-ді,үй-де, үй-ден, үй-мен.

  1. Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі. Мысалы, үй-ім,үй-ім-нің,үй-ім-е,үй-ім-ді,үй-ім-де,үй-ім-нен,үй-ім-мен