Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Синонимдер кем дегенде,екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы мүмкін. Мысалы: сабырлы,байсалды,төзімді,ұстамды,салмақты.
1.Екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келуінен жасалады: адам – кісі; ел-халық; надан – топас; үлкен – зор; әдейі – қасақана; нану – сену т.б.
2.Кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлумат – мәлімет т.б.
- Түбірлерге қосымшалар қосып, негізгі түбір мен туынды түбір біріне-бірі синоним болады: жара – жарақат, ағын – ағыс, ық – ықтасын, қап – қапшық, келін – келіншек т.б.
Синонимге тән негізгі бес түрлі белгі бар:
а) Синонимдер кемінде екі сөз болуы керек;
ә) Синонимдерге енетін сөздердің мағыналары үйлес, жақын болуы керек;
б) Синонимдер үнемі бір сөз табынан болуы керек;
в) Синонимдер белгілі бір сөз табына тән грамматикалық тұлғада тұруы шарт;
г) Бірін-бірі ауыстыратын синонимдер сөйлемнің бір-ақ мүшесінің қызметін атқаруы керек.
Синонимдер негізінен үш сөз табынан жасалады.
Зат есімнен жасалған синонимдер: кескін, пішін, бейне,
мүсін т.б.
Сын есімнен жасалған синонимдер: қайғылы, уайымды,
мұңды, қасіретті, қапалы т.б.
Етістіктен жасалған синонимдер: айту, жеткізу, сөйлеу,
хабарлау т.б.
Сондай-ақ, синоним қатары үстеулерден де болуы мүмкін.Мысалы: Жақып бұл хабарды шапшаң жеткізді. Жақып бұл хабарды тез жеткізді. Жақып бұл хабарды дереу жеткізді. Жақып бұл хабарды жедел жеткізді.
Антоним (грек тілінен алынған „ қарсы” және „ атау”) – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: аласа-биік, ұзын-қысқа,ақ-қара, алыс-жақын, су жүрек – жүрек жұтқан т.б.