Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке,шаруашылыққа,өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айланысатындарға ғана түсінікті сөз. Мысалы, көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі ,тостай, торша т.б.
Қазақстанның кәсібі мен шаруашылығының түрі өте көп.
Қазақ халқы – мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел. Республикамыздың бір жерінде балық, бір жерінде күріш,бір жерінде марал өсірсе, бір жерінде ағаш, енді бір жерінде қызылша мен темекіні, бау-бақшамен жеміс-жидекті өсіріп кәсіп етеді. Осыған байланысты белгілі бір кәсіппен айналысатын жерлерде сол кәсіпке лайықты сөздер мен сөйлемшелер пайда болды. Бұл сөздер мен сөйлемшелерді осы шаруашылықтың түрлерімен тікелей айналысатын адамдар ғана өзара түсінісе алады.
Кәсіпке байланысты қолданылатын қазақ тіліндегі мұндай кәсіби сөздерді шамамен төмендегідей топтарға бөлуге болады:
- Бау-бақша,суармалы егіске байланысты кәсіби сөздер: қауын,әңгелек,күладі,жерді ызалау,қауынды тігу т.б.
- Балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: жылым, бүркеніш, қаяз, азна,қармақ,шөктірме т.б.
- Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: көсек, күнжара, қауашақ қоза, қозапая,көсектеу,шит егу,сүдігер айдау т.б.
Осы тәрізді шаруашылықтың түр-түріне байланысты сөздер тізімін бұдан ары жалғастыра беруге болады. Қазақ лексикасының құрамы бұл айтылғандармен шектелмейді. Тұрмыстық сөздер,варваризмдер,жаргондар,аргондар,кітаби лексика деген түрлері де бар.