Диалект

Диалект деп тілдегі жалпы халықтық сипат амалын белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз.Мысалы,сіріңке — кеуірт,күкірт, шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшынлеген, жам, кірлен, шылаушын, тас; кесе- самал,пиялай,кәсе,тас аяқ шыны аяқ, ақпар,кәрлен,жанан; күрке – балағаш,балаған,шайла, шабыра,кеппе,аткүрке,алты аяқ,қапын, лапас;

Жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі говор деп аталады. Мысалы, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса,говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді, қамтиды. Мысалы,қазақ тілінде „ Шығыс говоры”, „ Батыс говоры”, „ Оңтүстік говоры” немесе „ Қызылорда говоры”, — „ Шу говоры” дегендер бар.