Терминдер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер.Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай: а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек. ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Термин сөздер ғылымның барлық саласында кездеседі:
1.Әдебиет пен өнерге байланысты терминдер: роман,театр,филармония, актер, образ, дирижер, режиссер.
2.Лингвистикаға байланысты терминдер: лексика, фонетика, морфология,синтаксис,омоним,орфография,архаизм,бастауыш,баяндауыш т.б.
3.Спортқа байланысты терминдер: футбол, баскетбол,волейбол, ,хоккей, щахмат, бокс, акробат т.б.
- Ғылымға байланысты терминдер: математика, синус,биссиктриса, көбейту,косинус,химия,азот,хлор,азон т.б.
Қосымша: Интернацианалдық термин — әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин.Мысалы, фонетика,грамматика,экология,бизнес т.б.