Көнерген сөздер –архайзмдер және историзмдер болып екіге бөлінеді. Архайзмдер — әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне,дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөздер. Мысалы: аэрофлот (әуежай), адрес (мекен-жай), рыноктық (нарықтық) т.б.
Қазақ тілінде архайзмдердің мынадай түрлері бар:
1.Киім-кешек, мата, кездемеге байланысты: бөз, мақпал, ләстек, шайы, жаулық, сәукеле т.б.
2.Ыдыс-аяқ атаулары: сапты аяқ, көнек, торсық, талыс, кебеже, керсен т.б.
3.Салт-сана; әдет-ғұрыпқа байланысты: сауын айту, ас беру, жарыс қазан, тоқым қағар, бесік құда, қалың мал т.б.
4.Діни ұғымға байланысты: зікір, жаназа, ақырет, жайнамаз, зекет,пітір, жыртыс, ақтық т.б.
Историзмдер – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданыстан шығып қалған сөздер.Мысалы: уез, барымта, ханзада, батырақ, керуен, жүз басы т.б.
Историзмдер де бірнеше топқа бөлінеді:
1.Әкімшілік басқару ісіне байланысты: патша, хан, ханым, бекзада, ауылнай, болыс, би т.б.
2.Қару-жарақ, әскери лауазыммен байланысты: садақ, жебе, найза, сауыт, қалқан т.б.
3.Қазан революциясы кезінде пайда болған историзмдер: нарком, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл отау т.б.