Кірме сөздерге басқа тілдерден әр түрлі себептермен енген сөздер жатады.Қазақ тілінде монғол,араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол.Монғол тілінен сөз ену кезеңі ХІ –Х ғасыр деп саналады.(Мұсабаев), абдыра,алтын,аймақ,аға,жиен,бажа,балта, бұрғы, бура,бұқа т.б. араб, иран тілінен сөз ену орта ғасыр деп шамаланады. Қазақ тіліне араб- иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді. 1. Шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, орамал, перле, таразы, мақта т.б. 2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердауси,Науай,Омар Хаям,Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен, мектеп, мереке, емтихан, ғылым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат т.б. 3.Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет т.б. Орыс тілінен қазақ тіліне сөз ену сонау ХYІІІ ғасырдан басталады. Күріш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бұл күнде өте мол. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерді Қазан революциясына дейін енген сөздер, Қазан революциясынан кейінгі ауысқан сөздер деп екіге бөлуге болады.
Қазан революциясынан бұрын орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы жағынан қазақ тілі ережелеріне бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Мысалы: болыс-волост, жәшік-ящик, сот-суд, кереует-кроват,самауыр-самавар т.б. Ал,Қазан революциясынан кейін ауысқан сөздер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт т.б.