Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
Сөз тіркесі- кемінде екі дербес (толық мағыналы) сөздің бағыныңқы- басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік единица. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркестерімен де, атауыш (дербес) сөз Бен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарларымен де (тізбектерімен) сырттай ұқсас келгенімен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар.
Сөздің, соның ішіндегі күрделі сөздің, бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркестерінің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады. Осыдан келіп, күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді, сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған еденица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына оның бір мүшесі ретінде емін- ер кін енеді де, ер кін сөз тіркесі сөйлеу белгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамындағы сыңарлар ыңғыйына қарай басқа бір сыңарлар мен ауыстырыла алады. Сыңарлардың басқа бір сыңарларымен ауыстырылуынан ер кін сөз тіркесінің грамматикалық табиғыты өзгерілмейді.
Сөз заттары, құбылыстарды, сапа- белгіні, іс- әрекетті және т.б. жеке- дара күйінде атаса, сөз тіркесі оларды бір- бір імен байланысында, өз ара қарым- қатынасында атайды. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында анықтауыш анықталғыш, толықтауыш толықталғыш, пысықтауыш пысықталғыш тәрізді синтаксистік қатыныстар сақталынса, күрделі сөздің сыңарларының арасында мұндай синтаксистік қатынастар жойылады да, күрделі сөздің әрқайсысы бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады. Күрделі сөздің әрбір сыңары сөйлемнің дербес мүшесі бола алмаза, сөз тіркесінің әрбір сыңары синтаксистік дербестігін сақтап, өздігінен сөйлем мүшесі бола алады.
Синтакситік сөз тіркесі сырттай фразеологиялық единцалар мен ұқсас болғанмен, олардан түбірлері айырмашылықтары бар. Сөз атауының сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған еденица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енетін сияқты, фразеологиялық еденицалар да (сон дай- ақ жалпы тұрақты сөз тіркестері) .
Жеке сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологиялық оралымды құрастырушы сыңарлар, дербестігінен айырылып, бүтіндей фразеологиялық оралым сөйлемде бір ғана мише ретінде қызымет атқарса, синтаксистік (еркін) сөз тіркесінің сыңарларының әрқайсысы дербестігін сақтап, сөйлемнің дербес мүшелері бола алады.
Ер кін сөз тіркестерінің мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың мағыналарынан туатын болса және емін- ер кін мүшелене алатын болса, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалған аналитикалық конструкція лексикалық және грамматикалық идиоматизм сипатына ие болып, синтаксистік жағынан мүшеленбейді. Ер кін сөз тіркесі мүшеленетін тіркес бола отырып, мағыналық және құрылымдық бүтіндігін сақтайды да, семантикалық тиянақтылық қасиетімен сипатталады. Ол осы қасиеті жағынан дербес сөз бен көмекші сөздің тізбегінен ажырытылады.
Сөз тіркесі сөздің салалас қатарын құрылымдық ерекшелігі жағынан ажыратылады. Салалас қатардың құрамындағы сыңарлар (сөздер) тең дәрежедегі сыңарлар ретінде өз ара салаласа байланысса, сөз тіркесінің сыңарлары басыңқы, бағыныңқысыңарлар болып, бірі екіншісіне бағына байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағыс сыңарлардың орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етсе, салалас қатардың сыңарларының орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етпейді.
Бағыныңқы байланыстың негізінде сөз тіркесі жасалса, предекативті байланыс негізінде предикативті тізбек жасалады Предикативті емес сөз тіркесі номенативті қызымет атқарса, предикативті тізбек мұндай қызыметке ие бола алмайды. Сөз тіркесінің формулалар жүйесі ұйытқа сөздің формулалар жүйесіне негізделсе, предикативті тізбектің парадигмасы грамматикалық шақ пен объективті модальдыққа негізделеді.
Маңызда мәселелердің бірі — сөз тіркестерін топтастыру мәселесі. “Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында” сөз тіркестері жаңаша топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және ар алас сөз тіркесі (комбинирование словосочитание) болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескері леді.
Жалаң сөз тіркесі деп. Сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сөз тіркестері екі мішелі (мысалы: сөзді тыңдау), үш мүшелі (мысалы: кітапты оқушыға беру, шөпті қораға тасу), төрт мүшелі (мысалы: шығырманы орысшадан қазақшаға аудару) болып бөлінеді.
Күрделі сөз тіркесі екі немесе одан да көп жалаң сөз тіркесінің қосындысына жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделеді. Мысалы: Шығарманы қызығып оқу деген күрделі сөз тіркесі екі жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу және қызығып оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тірелетін екі түрлі байланыс- мегеру (шығарманы оқу) мен қабысудың (қызығып оқу) түйісуіне негізделген.