Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімі немесе лингвистика -/француз тілінің латынша -«тіл»/сөзі бойынша жасалған термин : тіл туралы туралы ғылым дегенді білдіреді/. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылысы болады.

Тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында сөздік құрамы лексикология саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы салалары өз ішінде бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы.Фонетика саласы:

а) сипаттамалы фонетика:

б) салыстырмалы – тарихи фонетика:

в) экспериментальды фонетика және т/б.

Тіл және оның салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі /немесе лингвистика/ тілдің дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы мен гармматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің салаларында өз ара тығыз байланысты.

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны /тілді/ шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар.

Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрниялық лингвистика деп аталады.

Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы /жеке, нақты/ тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің /жалпы т.б мен т.б/ арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады.

Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды /тілдерді/ ғылыми тұрғыдан зертеудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Және осылардың бәрән жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.

Тіл білімінің жалпы теориялық санасы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдеттебір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректердің, олардың ғылыми тұрғыдан зерттееудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Осылардың барлығын жинақтай отырып, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.

  1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы жалпы мағлұмат.

Ғылым атауы әдетте екі топқа бөлінеді: оның бірі – жаратылыс тану,екіншісі – қоғамдық ғылымдар. Жаратылыстануға /физика, химия, биология, математика/, қоғамдық ғылымға /тарих, философия, саяси экономика/ жатады.

Тіл – қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Қазіргі заманда бір жағынан ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып ғылымды диференция процесі жүріп жатса, екінші жағынан, 2 немесе бірнеше жағынан өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәрәне бірдей қатысты проблемаларды зерттейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.

Ғылым атаулының бәрі даму барысында тіл білімде басқа көптеген ғылымдармен байланысты. Ол ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Себебі тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуы мен бірге дамитын қоғадық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін пайдаланады. Содай –ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланысты. Себебі тіл – талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет – ғұрыпын зерттейді. Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.

Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым – психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.

Тіл білімі қоғамдықғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы /сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы/ жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.

Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын – жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін зертеуді де қамтиды, өйткені «тіл — әдебиеттің бірінші элементі» /Горкий/. Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып табылады.Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.

Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.

Біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан, екіншіден, зерттелетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатнасы және т.б проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принціпін белгілейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл мәселе таяныш етілетін негізгі философиялық позиция тұрғысынан шешілуі тиіс: диалектикалық материализм материя алғашқыда, сана екінші туынды деп есептейді.

Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Логика – ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады. Адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті бола алды. Логикада ойлаудың заңдары, формасы, құрылысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құбылысы, формалары мен құрылымдық элементтері зерттеледі.

Тілдік единицалар /сөз, сөйлем/ ойлау категориялары – ұғым және байымдаумен байланысты болады. Осыдан, сөзді ұғыммен, сөйлемді байымдаумен байланыснда зерттеу міндеті келіп туады.

Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психикалық құбылыстарды зерттейді. Ал, түйсік пен қабылдау, елес пен ойдың, сөйлеу поцесінде және оны қабылдап түсіну процесінде тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, біреудің сөзін қабылдау, оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.

Сөздің семантикалық жақтарына, сөз мағынасының ауысуына қатысты құбылыстар да психикалық құбылыстармен астарласып жатады. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы сөз мағынасының ауысуы ассоциация деп аталатын психикалық құбылысқа негізделеді. Тіл ойды білдірудің құралы ретінде емес, сонымен бірге сезмді де білдірудің құралы ретінде қызмет тқара алады. Эмоцияны білдіру тілдегі сөздерге де, сөйлемге де тән.Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесуі мүмкін.

Тіл білімі физиология ғылымдарымен де байланысты. «Адам баласының сөйлеуі неліктен?» деген мәселе социологиялық проблема ғана емес, физиологиялық проблема ретінде де қаралады.

Биолог ғалымдар И.М.Сеченев пен И.П.Павловтың зерттеулерінің арқасында ми мен сөйлеудің әрекеттерін танып білуде қазіргі заманғы ғылым елеулі табыстарға жетті. Жоғарғы нерв қызметінің теориясы шындықты сәулелендірудің адамға тән формасыекіші сигнал жүйесіне негізделетінін көрсетеді.Естілетін және оқылатын сөздер екіші сигнал жүйесін құрайды. Олар /сөздер/ сырттан болатын басқа да тітіркендіргіштер тәрізді әсер етуді де, шартты рефлекстерді тудырады. Сөздердің басқа тітіркендіргіштерденерекшелігі мынада: сөздер бірінші сигнал жүйесін құрайтын нақтылы заттар мен құбылыстардың белгілері, сигналдары болып есептеледі. Демек сөз сигналдардың сигналы ретінде әрекет етеді.

Сөйлеу поцесінде жоғары нерв жүйесінде, сезім мүшелері мен дыбыстау мүшелері де бірдей қатысады. Сөйлеу жоғары нерв жүйесінің қызметімен байланысты болса, адамдарда болатын афазия /тілдің күрмеленуі/ ауруы мидың зақымдануымен байланысты. Осылай болғандықтан медицина ғылымының уәкілдері- психиаторлар, дефектологтар, логопедтер сөйлеуді /реч/ жоғары нерв жүйесінің қызметі және мидың қызметімен байланысында қарастырады. Психиотрия, логопедия ғылымдары.

Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тілдегі сөздер өздерінің дыбыстық жамылғышы – дыбыс тіркестері арқылы өмір сүреді. Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің фонетика саласы зерттейді. Ал жалпы дыбыс атаулыны, дыбыс құрылыстарын физиканың акустика саласы қарастырады.

Акустика дыбыс ырғағы мен дыбыс әуені деп аталатын белгілерді анықтап ажыратады. Сонымен бірге тон, салдыр, резонанс деп аталатын дыбысқа қатысты құбылыстарды да айқындайды.

Тіл білімінің тарих ғылымдарымен, соның ішінде этнография және археологиямен байланысты. Тіл тарихи – сол тілде жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихына байланысты. Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білудітарихқа қатысты әр-түрлі проблемаларды танып білуге көмектеседі. Ол проблемаларға белгілі бір халықтың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтарға байланысы туралы мәселелер енеді.

Тіл білімі «Адам баласы қай заманда және қалай сөйлеп үйренді?» деген сұраққа жауап беру барысында антропологиямен жақындасады. Антропология – адамның биологиялық табиғаты, органикалық тіршілік ішінде адамның алатын орны, алғашқы адамның пайда болуы, адаманың адам тәрізді жануарлардан айырмашылығы, көне заман мен қазіргі замандағы адамның морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе палеантропологияның деректері айрықша маңызды.

Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы — лингвистикалық географиядан көрінеді. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың қандай территорияға тарағанын және географиялық тұрғыдан алғанда, қай территориямен шектелетіндігін көрсетеді. Лингвистикалық географияның, әсіресе диалектерді зерттеуде, белгілі бір диалектінің таралу шегін айқындауда үлкен маңызы бар.

/Лексикалық және грамматикалық диалектер/

/машан – масан/ барғым жоқ – барғым келмейді

/ашап – кілт/ біздің – біздің, күнігі сайын – күн сайын

/әйдек үлкен/ алың – ал

Тіл таңбалардың комуникативті жүйесі болып саналады. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын, таңбалардың жалпы теориясы туралы ғылым – семпотикамен байланысты.

Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі математикамен машиналық аударма мәселелері бойынша байланысса, тілді зерттеуде математикалық статистика методтарымен қолдануы жағынан байланысады.

Кибернетика тірі организм мен машинада байланыс пен меңгеру және бақылау процестерінің кейбір ортақ белгілері болады. Электронды машинаның адам миының қызметіне ұқсас қызмет атқаратын механикалық құрылысы болады.

Тіл білімінің ғылым ретінде теориялық үлкен мәні болуымен бірге, оның практикалық маңызы да күшті. Тіл білімінің теориялық мәселелерін зерттеудің нәтижелері және олардың жасалған қортындылары мен топшылаулары лингвистиканың көптеген практикалық мәселерін шешуге және оған бағыт – бағдат сілтеп дұрыс жолға қоюға көмектеседі.

Тіл білімі тілдің даму заңдылықтарын және ондағы тілдің категорияларын бір- бірімен байланысын, өзара қарым- қатнасын ашып айқындаумен бірге, тілді оқыту ісіне, оның заңдылықтарын білдіруге көмектеседі. Сондай –ақ тіл білімі тілдердің әрі қарай дамуының перспективасын көрсетіп, тілді өңдеудің, оны жетілдіре түсудің ғылыми негізімен қағидаларын жасап береді.Тіл білімінің практикалық мәні әсіресе біздің елімізде айрықша болып отыр.

Орыстың ойшылары және әдеби сыншылары В.Г.Белинский менН.Г.Чернышевский философия тіл эстетика, әдебиет мәселерімен бірге тіл және тіл білімі жайында ғылыми үлкен маңызы бар пікірлер айтып, бай мұра қалдырды. В.Г.Белинский тілдің тағдыры жеке адамдардың еркіне зорлығына көнбейді, тіл тазалығын сақтаушы да, қорғаушы да сол тілді жасаған халық деп түйіндейді.

В.Г.Белинский да, Н.Г.Чернышевский да өздері өмір сүрген дәуірдегі грамматикаларға рецензиялар жазып, талай рет құнды сан – пікілер айтты. Сонымен бірге, олар тіл мен ойлаудың байланысы, тілдің мәні мен қызметі, тіл тазалығы, аударма және оның тілі жеке ақын жазушылардың тілі мен стилі тәрізді мәселелерді үңіле қарастырып, олар жайында терең талдау жасады.