Тасымал

Жазып келе жатқан сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз.Мысалы, қа-лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға болады. Сөзде бірнеше буын болғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындары келесі жолға тасымалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасымалдауға болады.Мысалы: ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру, хабарлан-дыру т.б.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар төмендегіше:

  1. Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.

Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.

  1. Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.
  2. Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.
  3. Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.