Буын- сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1) Бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла,ә-ке,о-рақ,ұ-ран; ат,ер,ін.
2) Екі дыбысты буын: ба-ла, ше-ше,да-ла.
3) Үш дыбысты буын: көз,бас,төс,ұлт,ант.
4) Төрт дыбысты буын: төрт,қант,тарс,жұрт.
Дауысты дыбыстардың жуан,жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында
дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын сөздің бөлшегі буын деп аталады. ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.
Қазақ тілінде дауысты дауыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын үш түрге бөлінеді:
- Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады немесе дауыстыдан басталып дауыстыға дыбысқа бітеді. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.
2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады.Мысалы: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.
1-буында: ат,ет,от,ант,өрт.т.б.
2-буында: ки-ік,ти-ін т.б.
3-буында: тұң-ғи-ық, а-қи-ық т.б.
4-буында: әдеби-ет, мәдени-ет т.б.
3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ,бал-дыр-ған, бал-мұз-дақ,бір-лес-тік т.б.
Қосымша:
Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар у,й,ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әріпі болады.Мысалы: қа-уын,қа-йық, қо-ңыр т.б.
Қатар келген үш дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады.Ал, үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.
Қазақ тілінде бір даустыдан тұратын буын сөздің басында (а-та),ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.