З, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан т.б.
Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады. Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б.
В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің барлық буындарында қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б.
Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, деген байырғы сөздерінде ғана жазылады.
Х әрпі хат, хабар, халықсияқты араб –парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады. (техника, А.Шох).
Б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб т.б.
Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киос+і+лер т.б.
Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс-прогрестік, металл-металдар, грамм-грамнан т.б.
Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс-Кузбасста, Донбасс-Донбассқа.
Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд, дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.Мысалы: трест+ке, подъезд+ге, т.б.
Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б.