Дауысты дыбыстардың жазылу емлесі

1.Ы,і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік.

Ы, І сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда түсіп қалады:

а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық-халқым, әріп-әрпі т.б.

Ескерту:

1.құлақтың құлығы, ұстаның көрігі дегендегі құлақ, көрік сөздерінде ы,і әріптері түспейді.

2.ауыл, дауыс сөздерінде екі түрлі жазыла береді. (ауылы-аулы, дауысы-даусы)

ә) Ойын, орын, жиын, қиын сөздерінде туынды етістік жасайтын –а жұрнағы жалғанса: мысалы, ойын+а=ойна, орын+а=орна т.б.

б) Кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса: алты-алтау, қорық-қорқу. т.б.

в) Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанса: оқы-оқу, тоқы-тоқу, ері-еру т.б.

2.Ы,І дыбыстары сөз басында р,л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б.

  1. О,ө,ұ,ү,ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, сәкіде, әңгіме т.б.

Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл,Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.

Ескерту: Ұ,ү,ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олардың кейбіреулері бір кезде қазақ тіліне еніп сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, іңкәр, сірә, мағлұмат, дүлдүл т.б.

  1. Буын талғайтын әріп -ә дыбысы. У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады:
    • у дыбысы дауыстыдан кейін келсе (тау);
    • сөз басында дауыстының алдында келсе (уақ);
  1. И,у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан (бару, тиын); бірде жіңішке (жүру, қиын) болады.
  2. У дыбысына аяқталған тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жауу, сауу, жуу т.б.
  3. Я, ю әріптерінен бұрын ы,і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, зиян, ақию т.б.

Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, тыйым, тыйылдыр т.б.

Аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу,йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, миуа, қиуа т.б.

  1. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буыныда келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.
  2. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жайлап, мән- жайы т.б.