Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырамай еркін шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар – орыс тілінде жоқ дыбыстар.
Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.
Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол – э.Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
- Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.
Жуан сөзде жуан айтылып, жіңішке сөзде жіңішке айтылатын дыбыс – у.
(қуаң, куә).
- Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді:
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.
Оларға: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады.
Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
- Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді.
Еріндік даыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады.
Олар: а, ә, е, э, ы, і.