Қазақ тілі туралы жалпы түсінік

Түркі халықтарының Еуропа мен Азияға,Мұзды мұхиттан Сахараның шөліне, дейін 14 млн шаршы км жерге орналасуына қарай түркі тілдері алты топқа бөлінген.

1.Оңтүстік тобы: түрік, гагауыз,әзербайжан, түркімен;

2.Батыс тобы: қарайым, қарашай,малқар, қырым татарлары,

құмық,татар, башқұрт;

3.Орталық топ: қазақ,қарақалпақ,ноғай,қырғыз;

4.Шығыс тобы: өзбек,ұйғыр,сары, салар;

5.Солтүстік тобы: алтай,шор,хақас,тува,тофа,саха;

6.Чуваш тобы.

Көне түркі тілдеріне:хазар, бұлғар, ғұн,көк түрік,сақ,авар тілдері жатады.Әлемдегі түркі тілді халықтар тіл туыстығы жағынан алты топқа бөлінеді.

1.Қыпшақ бұтағы: қазақ, құмық,қарақалпақ,қарашай,

мақар,қарайым,ұрым,қырышақ;

2.Оғыз бұтағы: әзірбайжан,түрікмен, гагауыз,балқан түріктері,түріктер;

3.Қарлұқ бұтағы: өзбек,ұйғыр;

4.Аралық бұтақ: қырғыз,алтайық,хақас,тува,шор,тофа,шұлым;

5.Чуваш:

6.Саха.

Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады.

Түркі халықтарының жазба тілі V-VІІІ ғ.ғ. дүниеге келген.Тіл ғылымында бұл жазба ескерткіштері «Орхон-Енисей ескерткіштері» деп аталады. Олар: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады,сондықтан олар «руна», «рун» (сыры ашылмаған құпия) жазулары деп аталды. Алғаш рет осы аталған құлпытастардағы «Тәңірі түрік» сөздерін оқып,түркі халықтарына тән ескерткіштер екендігін анықтаған ғалым — Вильгелм Томсен болатын. Орыс ғалымы В.В.Радлов та 15-ке жуық сөз оқиды.

Х-ХV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ит-түрік» (1073-1074 жж), Жүсіп Баласағұни «Құдатғу білік» (1067-1070жж), Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» (ХІІғ.), «Кодекс Куманикус» (1003ж) т.б.

Балтабай Адамбаевтың зерттеуінде қазақтың шешендік өнері 5 кезеңге бөлінеді:

1-кезең. ХІ-ХІІІ ғ.ғ. Майқы би,Аяз би

2-кезең. ХІV –ХVІ ғ.ғ. Асан қайғы,Жиренше шешен

3-кезең. ХVІІІ Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би

4-кезең. ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. хан-сұлтандарға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен

5-кезең. ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. Бек-болыстарға қарсы шыққандар: Сырым Датұлы, Досбол шешен т.б.

Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:

Араб жазуы (1929 жылға дейін);

Латын жазуы (1929-1940 ж.ж. арасы);

1940 жылдан бастап кирилица (орыс) жазуы қолданылып келеді.

1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні „Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл статусына ие болды.Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа конституциясында тұрақталып, бекітілді.

1997 жылы шілденің 7-сі күні жаңа „Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңы қабылданды.

1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Конституцияның 7-бабында былай делінеді:

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.

2.Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Білім туралы заң 1999 жылы, 7 маусымда қабылданды

ҚР рәміздері 1992 жылы 4 шілде..