Мектепте сыныптан тыс музыкалық жұмыстың ең көп тараған түрі – хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу, баланың музыка тілін жақсы терең түсінуіне әсерін тигізеді. Баланың өз орындауына жауапкершілігі артып әншілік шеберлікке дағдылана бастайды. Хор шығармаларын көркем орындау шеберлігі оқушының сол шығарманы жете терең түсінуіне, ән-хор дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Әр шығарманың өз мәнрінде мағынасын сезіну, сол шығарманы беріле орындау, баланың музыкаға деген сезімін, ынтасын, орындау шеберлігін тәрбиелейді.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беріледі. Хор үйірмесінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар оқушылардың ән сабағынан алған білімдерін әрі қарай өсіре отырып жетілдіру, осы хор үйірмесінің негізгі міндеті. Сондықфтан да хор үйірмесінің сабағында өткен әндерді қайталамай, одан гөрі күрделірек шығармаларды репертуарлық жоспарына енгізіп, жоғары музыкалық талаптарға сай орындаттыруға тиіс. Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктерне байланысты.
Вокалдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Хор ұйымдастыруда балардың жас ерекшеліктеріне көп байланысты. Міне осыған байланысты хор үйірмелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
- Кішкентайлар хоры 1-3 сынып оқушылары.
- Орташалар хоры 3-5 сынып оқушылары.
- Үлкендер хоры 5-8 немесе 8-11 сынып оқушылары.
Балалар хорына арналған шығармалар көптеп саналады. Олар сүйемелдусіз айтылатын әндер – аккапеллалар, сүйемелдеумен айтылатын әндер, жеке әншімен хорға арналған шығармалар. Балалар хор шығармалары әртүрлі сипатта, әртүрлі ырғақта, екпінде, жылдамдықта жазылады. Мазмұны жағынан әртүрлі болады. Хор шығармалары көпшілігі сүйемелдеумен орындалады. Балалар компоиторлары көптеп саналады. Олар — Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев. К.Қуатбаев.
Ө.Байділдаев 1932 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Алмати мемлекетік консерваториясын бітірген. Шығармаралы: “Туған Отан”, “Шырқа ән”, “Жаңа жылдық ән”, “Сен бәріненде сүйкімдісің”, “Шекарашылар әні”т.б. Ө.Байділдаев 5 сыныпқа оқулық жазған композитор. Балалардың дауыс ерекшеліктерін олардың дауыс көлемін жақсы білетін композитор, әндері жеңілдіктерімен, жүрдектіліктерімен, көңілділігімен, жұмсақтылығымен, әуезділігімен дараланады.
Б.Байқадамов – 1917 жылы Торғай облысында туды. Б.Байқадамов Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Москва қаласында өткен дүниежүзілік фестивальдің лауреаты. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер. Шығармалары: опарасы “Ағайша”, музыкалық комедія “Майра”, “Жас өмір” драмасына жазған музыка. Сүйемелдеумен “Балалар әндер жинағы”, сүйемелдеусіз “Балалар сюитасы”, “Біз Отанды сүйеміз”, төрт хор поэмасы, вокалды-хореографиялық композициялар.
И.Нүсіпбаев – Қазақстандағы көрнекті балалар композиторы. Шығармалары қарапайымдылығы мен турашылдығы мен әуеннің кеңдігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Әндерінің тақырыптары әртүрлі: Отан тақырыбы, туған ел, туған жер, мектеп тақырыптары. Мысалы, “Мұғалім ғазиз, мұғалім”, “Мұғалім ол біздің”.
Қ.Қуатбаев – 1935 жылы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Сарқаант ауылында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консераторияны дирижерлау класы бойынша бітірген. Шығармалары: “Балаларға арналған әндер, билер ойындар”, “Таңсәріде”, “Ол не, бұл не”, “Музыкалық сауат”, “Қысқаша музыкалық сөздік”.