Дизайн жұмыстары Дизайн жасау жұмыстарына сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқа да туысқан халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі материалдар пайдаланылып негізделген.
Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады. Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқытуда көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (аппликация, колаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиція құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың васалу береже заңдылықтарын меңгерді.
Бұл жұмыстар баланың жеке бас тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүмкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымызда, өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді.
Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау үшін бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнерімен ұштастыра білу керектігін түсінеді.
Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолөнер түрлерімен: ағаш өңдеу, металл аңдеу, тері өңдеу, тоқымашылық өнерлерімен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негіді болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндігі жөнінде мәлімет алады.
Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдық сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттық қолөнер шеберлердің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.
Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою-үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардың өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жадай жасайды. Сол секілді “Анамызға сыйлық жасаймыз” тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі – түсті қағаз, акварель, гуаш т.б.) сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұнын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Жұмыс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мән берулуі тиіс.
“Жануарлар өрнегі”тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасына, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануарлар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішінде өрнек құрастыру тапсырылады. Жолақ ішінде өрнектелген оюлар мен сәндік қолөнерге ыдыс-аяқ ернеулері, киім-кешектердің етек-жеңдері, төсеніш, түс киіздердің жиектері безендірілетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді.
Оқушылардың көркемдік талғамын тақыптастырып дамытуда тірі гүлдерден немесе кепкун гүл кетперлерінен, ағаш жапырақтарынан композиция құрап, икебана жасау өнерінің де ролі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты қорауға, сүюге де тәрбилейді. Бұл сабаққа алдын ала табаға материалдар жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.
Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындату ды да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді. Осындай сабақтарда орындаған жұмыстарды сынып бұрышы қабырғасын безендіруге пайдаланған жөн.
ІІІ-ІҮ сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны күрделене түседі. Соның ішінде бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтары мен дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектермен безендіру, қағаздан дизайн орындау, оригами тәсілімен түрлі-түсті қағаздардан көлемді бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар орындауға негізделген. Оқушыларды күрделі безендіру жұмыстарын алдымен эскиз түрінде орындауға дағдыландырған дұрыс.
Ал түрлі-түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға көрсетілген үлгі бойынша материалды үнемі пайдалану мақсатында алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет.
Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін мегеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жсасуы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғышқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиылын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.
Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке-жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі бздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштермен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х.наурызбаев, Е.Сергебаев, Ш.Уалиханов, Б.Әбішевтердің, Е.Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларында мүсіндік туындылардың атауларын, тақырыптың мазмұнын талап, көркемдік идеяларын ашады.
Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктары, тақтайшалар, қалақшалар /стека/, су құятын ыдыстар, оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдер болғаны жөн.
Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттер мен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін танула дейін біртіндап дамытылады.