Орыс өнерін зерттеуші-Ф.И.Буслаев Ежелгі Орыс өнері 10-17 ғасырларды қамтиды. Көркем Академия тәрбиеленушілері ортағасырлық жанды бейне шығармаларын көшірумен шұғылданған.
Ең алғаш ежелгі орыс өнерін зерттеп бастаған – Ф.И. Буслаев. Ол әсіресе 19 ғасырдың 60-70 жылдары осы ғылыммен терең айналысты. Мамандығы бойынша тіл маманы болғандықтан, негізінен халық өнеріне көп көңіл бөлді.
Жанды бейне шығармлары жаңартылып отырғандықтан, Буслаев оларды көне түрінде көре алған жоқ. Көбінесе икондар түсі уақыт өте келе өзгеріп, жаңа бояулармен боялды.
Ежелгі орыс өнері шығыс славяндардың көркем мәдениетінен бастау алды. Ағаштан, саз балшықтанежелгі славяндар өздерінің үйлерін, қорғандарынтұрғызды. Өз құрылыстарының алған бөлігін геометриялық және өсімдік тектес оюлар бейнесінде ойып, әсемдеуге тырысты.
Славян шеберлері, әсіресе әшекей бұйымдарын жасауда шеберлік танытты. Алқа, сырға, тұмаршаларды металл өңдеудің күрделі техникасын қолдана отырып, әр түрлі өрнектермен әшекейледі.
996 жылы алғашқы тас храм тұрғызылды. Владимир князі өз табысының оннан бір бөлігін шіркеу қорына беріп отырғандықтан, оны десятина деп атады.
Киев Русінде үш славян халықтары – орыс, украин, беларустардың өнері бірлесіп дамыды.
Киев храмдарында Византиядан әкелінген және жергілікті жерде дүниеге келгеникондар болды. Қолжазбалардан икон жазатын шеберханалардың болғанын білуге болады. Тіпті Алимпий атты алғашқы икон жазушы суретшінің де есімі бізге белгілі.
Ал, Киев Русіндегі қолданбалы өнер өзінің әр түрлілігімен, жоғары техникалық шеберлігімен, көркем талғамының жетілгендігімен ерекшленеді.
12 ғасырдың басында Новогород республикаға айналып, өнердің дамуына өз үлесін қосты. 12ғ. Екінші жартысында Новогородтың сәулеті жаңа қырынан көріне бастады.
Моңғол-татар шапқыншылығы сәулет өнерінің гүлденуін кенеттен тоқтатты. 1237-1240 жылдары болған Моңғол шапқыншылығы орыс халқының мәдениетіне едәуір шығын әкелді. Өнер шығармалары өртеніп, қиратылып, тоналып қана қоймай, осы шығармалардың шеберлерін тұтқынға әкетті немесе өлтірді.
Бірақ та Новогород 14 бірінші жартысында экономиканың дамуына байланысты өз мәдениетін көтерді.
15 ғасырда новогородтық храмдардың көлемі кішірейіп, 12 ғасыр сәулетінде көрініс тапқан архаизм пайда болды. Олар – Илья, Петр және Павл шіркеулері.
14ғ. Новогородтағы монументті жанды бейненің гүлденуі Византиядан келген суретші Феофан Грекпен байланысты. 1378 жылы Феофан Спас Приображения шіркеуін көркемдеді.
Өнердің дамуына көп үлес қосқандардың бірі – Андрей Рублев. Ол икон және шіркеулерге роспись жазуда ерекше орын алды.
III Иван тұсында Мәскеу құрылысы кеңінен дамыды. 1475-1479 жылдары Мәскеу Кремліндегі Успен соборы салынды. Оның құрылысында итальяндық сәулетші Аристотель Фиораванти шақырылды.
15ғ. Аяғы – 16 ғ. Басындағы жанды бейне дамуы тамаша суретші Дионисия есімімен байланысты.
17 ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі болды.
17 ғасырдың екінші жартысындағы икон жазудың шебері Симон Ушаков
Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ортаңғы көрініс, соңғы көрініс деген ұғымдар кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақсы орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы көрініс деп аталады.
Заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын көрсету үшін, алдыңғы көріністердегі бейнелеу анық етіп штрихталып, соңғы көріністердегі бейнелер оған қарағанда бұрыңғырлау етіп көрсетіледі. Оқушылар сурет салу негізінде перспектива заңдылықтарын білмегендіктен кемшіліктері осыған байланысты болып жатады.
Ұстаздық мамандықты жете меңгеру, кәсіптік даярлығын өрістетіп отыру.Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру
.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады.Бейнелеуөнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге,шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.
Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.
XI ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың суретсалу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде XVIII ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.
Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.
Осы оқу орындарының бәрі кәсіби –суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілеріне қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.
1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д. Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П. Лосенко және В.К. Шебуев көп еңбек сіңірді.
XIX ғасырдың басында Орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі-О. А. Кипренский.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.
1834 жылы А. П. Сарожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А. П. Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап суретсалудың негізін қалайды.
1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде суретпән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.
Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіріесе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В. Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственногоразвития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілгендей автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды.
XX ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г. В . Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.
Кітаптың мақсаты- бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби деңгейлері мен дайындығын көтеру болып табылад. Кітапта реалистік бейнелеу өнерінің сауаттылығы мен суретті көріністен салудың композициялық принциптерінің теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады.
Көшпенділер-бірлестік суретшілері Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.
«Көшпенділер» арасында И.Е. Репин (184-1930) шығармашылығының алатын орын ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында –ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.
Академияны бітіруге екі жыл қалғанда «Волгадағы бурлактар» картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп,осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Вогаға барып, бурлактармен танысып, эсчкиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар «Курск губерниясына крестік жорық», «1581 жыл , 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван», «П.М. Третьяковтың портреті» туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е. Репин «суретші міндеті – халыққа қызмет ету» деп түсінді.
Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.
Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі- суретсалу деді.
Песталоцци суретсалуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидттің еңбектері аса жоғары танымал болды.
Ежелгі Русьте мүсін жанды бейнеге қарағанда көп қолданылған жоқ. Ол көбінесе сәулет құрылыстарын әсемдеу ретінде қызмет атқарды.
18 ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды.
Ресейдегі ең алғашқы мүсін шебері – Б.К.Растрелли болды. Ол 1716ж. I Петр шақыруы бойынша Франциядан келді. Растрелли шеберлігі А. Меншиков, Анна Иваннова ескерткіштерінде көрініс тапты. Ең маңыздысы – I Петр ескерткіші.
Ал, Петров кезеңіндегі жанды бейнеде портрет маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде Я.Ф. Тургенев бейнесін алуға болады.
И.Н.Никитин сол кезеңде жанды бейне жасауда еңбектенген суретшілердің бірі. Ол білімін жетілдіру мақсатында Италияға барып келді. НикитинПетр портретін әлденеше рет салды.
А.М. Матвеев есімі Петропавл соборында орындаған қабырға суреттерімен, портреттерімен белгілі. Ол «Жанды бейне Аллегориясы», «Әйеліммен бірге» автопортетжұмыстарымен ерекшеленеді.
А.П. Антропов та қолданбалы өнерге әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз суреттерінде формасының айқындылығымен, симметриялығымен ерекшеленеді.
Жиһаздарды негізінен Растрелли және оның көмешілері жобалап отырды. Түрлі бұйымдар үшін кейбір жаңа әсемдеу материалдарын қолдана бастады. Ол — әйнек және фарфор.
Осылайша орыс сәулет өнері жаңалықтарымен толығып отырды. Петербургте, Мәскеуде өзгеше бағыттағы құрылыстар бой көтерді.
Д.Ф.Кокоринов және Ж.Б.Валлен-Деламоттың басшылығымен Нева жағасында көркем академияның құрылысы жүрді. Сонымен қатар В.И.Баженов, М.Ф.Казаков, И.Е.Старов түрлі құрылыстарда шығармашылықпен еңбек етті.
18 ғасырдың екінші жартысында мүсін өнері үлкен табыстарға қол жеткізді. Б.К.Растреллиден кейінгі орыс мүсіншісі М.П.Павлов болды.
Ф.И.Шубин де Павлов сияқты адам мүсінін жасаумен шұғылданды. Ол 1773 жылы князь А.М.Гольциннің кеудеге дейінгі бейнесін сомдады.
18 ғасырдың аяғында И.П.Прокофьев, И.П. Матрос, Ф.Ф.Щедрин сынды мүсіншілер жұмыс істей бастады.
18 ғасыр тарихи жанр негізі болып саналды. Орыс суретшілері жанды бейнеде тарихи картинадағы композицияны өңдеп отырды.
Тарихи жанрда жұмыс істеген атақты суретші А.П. Лосенко болды. Оның «Каин», «Авель», «Владимир және Рогнеда» деген туындылары бар.
Лосенкодан кейінгі тарихи жанрмен айналысқан суретші Г.И.Угрюмов болды. Оның көлемді «Ян Усмар күшін сынау» атты шығармасы осының айғағы.
Бұл кезеңде матамен жұмыс, әйнек, фарфорды қолдану және металды көркем өңдеу кеіңінен жүргізілді.
18 ғасырда портрет жанры жақсы дамыды. Оған О.А.Кипринский жұмыстарын жатқызуымызға болады.
1817-1900 жылдары өмір сүрген атақты суретші-маринист И.К.Айвазовский өз өмірін теңізге арнады. Ол осы кезеңдегі жарқын бейне деп айтуымызға болады.
Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.
Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.
«Көшпенділер» арасында И.Е. Репин (184-1930) шығармашылығының алатын орын ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында –ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.
Академияны бітіруге екі жыл қалғанда «Волгадағы бурлактар» картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп,осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Вогаға барып, бурлактармен танысып, эсчкиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар «Курск губерниясына крестік жорық», «1581 жыл , 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван», «П.М. Третьяковтың портреті» туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е. Репин «суретші міндеті – халыққа қызмет ету» деп түсінді.
Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол олар жасаған әдітеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.