Қайта өркендеу дәуіріндегі суретшілер Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты. Олар бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Ченнино өзінің кескіндеме туралытрактатында «Байқасаң , салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу» деп жазған. Ченнино бейнелеуді оқытуда теориялық білім негіздерін игеру үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет деп санады.
«Живопись туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттиста Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке байланысты деп жазды. Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздеме бере отырып сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл –ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кейіннен Микеланджело «суретті қолмен емес баспен салады» деген болатын.
Альберти оқыту процесінің барлығын заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ: бірінші нүктелер және түзу сызықтармен танысу, содан соң әр түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңында көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке-дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды,тек осыдан кейін сөзді құрастыруды оқиды» деп жазды.
Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен таныстырып ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып келеді. әрине нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп табылды. Ол екінші кітабындағы суретсалуда ілмені (завес) пайдалануды ұсынуы еді.
Ілмені пайдалану әдісіне дәлірек тоқталатын болсақ, бейнеленетін зат пен суретшінің арасына кергішке керілген мөлдір қағаз (калька) немесе жұқа мөлдір мата (кисея), кей жағдайда жіптерден торлапкерілген кергіш қойылды. Суретті нәрсені әдейі әзірленген көздеу құралы арқылы нысанаға ала отырып ілме бетіне түсірді. Бұл әдіс перспектива заңдылықтарын дәл сақтап бейнелеуге мүмкіндік жасады, сонымен қатар айтарлықтай кемшілігі де болды: ол суретсалуды механикалық жобалауға айналдырды.
Дегенмен XV ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші-ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Бейнелеу әдістемесінің дамуыне үлкен әсерін тигізген Леонардо да Винчидің «Живопись туралы кітап» еңбегін айтуға болады. Альберти сияқты Леонардо да Винчи де бейнелеуге негізгі ғылыми пән ретінде қарады. Леонардо «ілме» арқылы бейнелеу тәсілі оқушыларға зиян екенін айтып: «Бұл ойластырылған құралдан бас тарту керек, өздігінен сурет сала алмайтын адамдар үшін бұл бағыт ақыл –ойларына зиян келтіреді және оның көмегінсіз ешбір жақсы дүние жасай алмайды» деп жазды.
Леонардоның болымды әдістерінің бірі өткен жаңа материалды бекіту мақсатында есте сақтау арқылы суретсалу болды. Ол: «Егер сен жаңа танысқан нәрсені жақсы есіңде сақтағың келсе, онда мына тәсілді пайдалан: бір нәрсені бірнеше мәрте көшіріп салған соң, ол есіңде қалды деп ойласаң, онда оны үлгіден қарамай бейнелеп көр», -деп жазды.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы неміс суретшісі Альбрехт Дюрер бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жөнінде, сондай-ақ жалпы өнер мәселелері жөнінде аса құнды теориялық еңбектер қалдырды. Ол өзінің «… кімде-кім өзі нені болса да білсе, қажет еткен өзгелерге соны оқыту керек» деген гуманистік көзқарасымен де ерек де ерекшеленеді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне енгізген Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды. Сол кездегі ағартушы-суретшілер кеңінен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде де бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр.
Осыған дәлірек тоқталатын болсақ: адам саусақтарын білезік буынына дейінгі бейнесін перспективада дұрыс бейнелеу өте қиын, ал оқуды жаңа бастаған адамға мүлдем алынбайтын қамал тәрізді. Осы қиындықты жеңілдету үшін қол саусақтарын бірінші қарапайым геометриялық пішінге айналдырып, яғни «көлемді жалпылап» бейнелеуді ұсынды. Күрделі пішінді адам басын бейнелеуді жеңілдету мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әр түрлі геометриялық пішіндерден тұратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді.
Дюрердің күрделі пішіндерге талдау (анализ) жасау және адам басының құрылысын зерттеу ережелері қазіргі кездегі бейнелеу өнерін оқытуға арналған әдістемелік әдебиеттердің барлығында дерлік кездеседі. Ол жалпы педагогика және оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде де бірқатар пікірлер қалдырды.
Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің ісін қорытындылай келіп, олардың біріншіден, бейнелеу ережелерінің ғылыми теориялық негіздерін жасаудағы шексіз еңбектерін атауға болады. Олардың перспектива заңдылықтары жөніндегі еңбектері кеңістіктегі үш өлшемді нәрселерді жазықтық бетіне бейнелеудегі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізді.
Кейбір қайта өрлеу дәуірінің суретшілері барлық уақытын перспектива,жарық,көлеңке,пропорциялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арнады. Қайта өрлеу дәурінің шеберлері практик-суретшілерге ғана емес, сонымен қатар педагогтарға бейнелеу өнерінің аса құнды үлгілерін, ереже заңдылықтарын қалдырғанмен, олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жасауды мақсат етіп қоймады.
Бұл маңызды жұмыспен XVI ғасырдың аяғында ашылған Көркем Академия айналыса бастады. Осы уақыттан бастап бейнелеуге оқыту арнаулы оқу орындарында жүргізілді.
XVII ғасыр бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихындағы жаңа педагогикалық жүйе академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болды. Жаңа жүйе тек оқушыларға ғанаемес, сонымен қатар педагогке де нақты талаптар қоя бастады. Оқыту әдістемесі және тәрбие ғылыми негіздерге сүйене отырып құрылуы керек деп табылып, академия ұстаздары «өнер,суретші жетістігі –ол құдайдың сыйы емес, еңбек пен ғылыми танымның нәтижесі» деп уағыздады.
Академилық жүйемен оқытудың ерекшелігі өнерге оқыту, ғылыми ағарту және биік мақсаттарға тәрбиелеумен қатар жүргізіледі.
Академтялық жүйе бойынша бейнелеуді меңгерген оқушы қоршаған ортаға ғылыми көзқарасы қалыптасып, әлемді таныды. Бұдан, бейнелеуге оқу барлық адамға пайдалы деген ойды тек өнер адамдары ғана емес, сонымен қатар халық ағарту ісінің қайраткерлері де насихаттай бастады.
Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1670 ж.ж.) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.
Бірақ, осындай белгілі адамдардың қолдауы бола тұра XVII-XVIII ғасырларда бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге өз алдына жеке пән ретінде енгізілмеді. Тек XIX ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені сурет салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі- суретсалу деді.
Песталоцци суретсалуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидттің еңбектері аса жоғары танымал болды.
И. Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:
- Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы ;
- Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;
- Елестетуді дамытуға арналған жаттығу ;
- Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы ;
- Перспективада бейнелеуге жаттығу.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол олар жасаған әдітеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.
Канондық жүйе— Адамның басын салудың, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан салу жолдары бар. Әр заманда, кезеңде сурет өнерін оқып-үйренуде айшықты із қалдырған, тіпті қазірге дейін қасиетін жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің өз заманында жазып кеткен оқулықтары бар. Олардың өзіндік тарихы және бүкіл өнер әлеміне үлесі ұшан-теңіз.
Адам баласы сонау ерте заманнан айналадағы қоршаған табиғатты, жануарлар дүниесін және өз болмыс-тіршілігін бейнелеуге әршқашан ынтық болды, соған қызықты. Соның ішінде адам бейнесін салу ерекше қарқынмен дамыды. Оған осыдан 30-40 ғасыр бұрын Пасха аралының тұрғындары жасаған тас мүсіндер немесе Мысырдағы фараондардың мүсіндері, тас бедеріне қашалған ежелгі суреттер дәлел бола алады.
Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарының түп тамырының өзі осы өнер туындыларынан басталғанына күмән жоқ.
Сонау елу ғасырдай тарихи жолы бар Пасха аралының тас мүсіндері, яғни ондағы адам бейнесі жалпылама пішінде жасалған, әсіресе бастың пропоционалдық өлшемдерінің жалпы пішіні өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласын. Яғни, ол кензбдегі суретшілердің де өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғанға ұқсайды. Бірақ, бір өкініштісі олардың әдістемелері бізге жетпеген.
Ал, Мысыр суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғаны бізге белгілі. Олар ада бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндік әдіс – «канонға» сүйеніп жасайтын болған.
Онда адам мүшелері мен пропорционалдық өлшемдері өте дәл математикалық есепке негізделген болатын.
Олар ортаңғы саусақтың ұзындығын адам бейнесінің өлшемі етіп алған. Осы өлшем арқылы бастың пропорциялық көлемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді.
Мысыр мектебінің методикалық әдістерін негізге сала отырып, Еуропада грек және итальян суретшілері оны әрі қарай дамытты. Б.д.д. 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет өзінің «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның қимыл-қозғалысын, психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін өмірге келтірді.
Бұл өнер әлемінде жаңа бетбұрыс жасаған әдістеме еді. Осыдан кейін, ондаған ғасырлар бойы адам пішіні, жансыз тас сияқты бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи көрініске ие болды. Енді көптеген грек суретшілері бейнелеуді табиғи натурадан салуды мақсат етіп қойды.
Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде, сол кездегі итальян суретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздерінің еңбектерінде ешқандай әсерлеуге бармай, асыра сілтеме, тек табиғи бейнесін, табиғи адам мінез-құлқын берді.
Бірақ ертедегі итальян суретшілері сурет әдістемесіне айтарлықтай ештеңе қоспалы, олар тек грек өнерін қайталап жалғастырушы болды.
Ал, орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әседік, ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты, соның құрбаны болды. Тамаша өнер туындылары із-түссіз жоғалып қиратылды немесе отқа жағылды. Ертедегі бай методикалық еңбектер күл-қоқысқа айналды. Осыдан өнер қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылыми тұрғыда дамымады.
Бұл дәірде суретшілерге бұрынғыдай натурадан салуға, табиғат аясында еңбек етуге тыйым салынды.
Қайта өрлеу дәуірінде өнер қайтадан жанданып, ең жоғары шарықтау шыңына жетті. Өнер дамуының жаңа дәуірі басталды. Талай ғасырдан кейін өнер ғылыми әдістемелік тұрғыда дами бастады.
Осы кезде қазіргі өнер тануының негізін салушылар: Альберти, Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер, Рафаэль, Микеланджело т.б. ұлы суретшілер өмірге келді. Олар сурет өнерін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді.
Альберти — Флоренцияның ұлы суретшісі, тұңғыштардың бірі болып сурет салудың теориясын жазды, сонымен қатар сурет өнерін ғылыммен байланыстырып, байытуды алғаш ұсынды.
Ал, Леонардо да Винчи талай ғасырлар бойы рұқсат етілмеген адам ішкі құрылысын зерттеп, адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге де жетті және көптеген әдістемелік еңбектер жазды. Ол өзінің еңбегіне былай деп жазды: «Суретті салғанда ұсақ бөлшектерден емес, оның жалпы пішінін бейнелеп –сызудан бастауц керек», -деді. Оның бұл теориясы сурет салуда заңдылық болып қалыптасады.
Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі теоретик-суретшісінің бірі – Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің қыр-сырын зерттеп, оның сурет салудағы маңызын алғаш жазғндардың бірі болды. Сонымен қатар А.Дюрер алғаш рет адам баласының стильдік пішінін (формасын) жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін өмірге әкелді. Бұл үлгі обрубовка деп аталады. Ол өзінің методикалық тәжірибесінің жинақтай келіп, адам басының пропорциялық жалпы құрылымын (конструкциясын) ойлап тапты.
Альбрехт Дюрердің бұл ойлап тапқан сурет салуда классикалық үлгі болып қалды, оны қазірге дейін барлық оқу орындарында пайдаланды.
Бұлардан кейін сурет теориясына өз үлесін қосып, оны дамытқан: П.Рубенс, А.Ивона, Жюльен т.б. суретшілері болды.
Ал орыс суретшілерінің ішінде: А.П.Лосенко, А.Е.Егоров, А.П:Сапожников, И. Н.Крамской және П.П. Чистяков көп еңбектеніп, біраз жаңа әдістер енгізді. Бейнелеу өнерінде нақты бір адамның ( немесе адамдар тобының) сыртқы кейпін бейнелеуді портрет деп атайды. әрбір портрет суреті салынып отырған адамға (немесе суретшілердің тілімен айтқанда, модельге) ғана тән, өзіндік ерекшеліктерді береді.
Алайда портреттің көркемдік құндылығы сыртқы ұқсатықпен ғана бағаланбайды. Портрет өнері адам бейнесіндегі сыртқы ұқсастықпен қатар оның рухани мүдделерін, әлеуметтік жағдайын, өз өмірін сүріп отырған дәуірге тән белгілерді бейнелеуді талап етеді. Оның үстіне портрет автоары, әдетте, портреті салынып отырған адамның сыртқы кейпіндегі және ішкі жан дүниесіндегі ерекшеліктерді жай ғана көрсете салмайды: суретшінің ол адамға деген жеке көзқарасы, оның дүниетанымы, шығармашылық мәнері шығармаға өз таңбасын қалдырды.
Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда суретшіге адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарын адамның кейпі мен қозғаласын байқап, ұға білуге, осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі бөлшектерден (деталь)айыра білуге көмектеседі.
Мәселен, портрет салып үйрену үшін әуелі адам баласының суретін салып, жаттығу қажет. Бұл үшін суретші бастың құрылысын: бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық ететрінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясын жеткі білуі қажет.
Суретші бастың суретін салуға кіріспе бұрын ең алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын (схема) зерттеуі тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш-күйінішін де беру үшін қажет.
Сөйтіп, натураны мұқият қарап болғаннан кейін, оны түрлі бұрылыстар мен ракустарда зерттеп, басты бейнелеуге мейлінше қолайлы қалыпты таңдап алғаннан соң, жұмысқа кірісуге болады.
Ол үшін көптеген көмекші сызықтарды пайдалана отырып, бастың сұлбасы қағаз бетіне түсіріледі де, содан кейін мұрынның үстіңгі қырын қуа, бетті қақ жарып, төмен қарай тік ортақ сызық жүргізіледі. Бастың жасалған сұлбасы көлденең сызықтр арқылы бірдей
Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.
Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.
Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.
Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.
IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.