Ассирияның өнер тәсілдері. Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Алдыңғы Азиядағы ең қуатты мемлекет Ассирия болды. Оның астанасы Тигр өзенінің жағалауындағы Ниневия қаласы еді. Ассирия патшалары жақсы қаруланған көп әскер жасақтады. Олардың арасында қатаң тәртіп орнады. Ниневияны «арыстанның апаты» деп атады.
Ассирия патшалары Сирияны, Финикияны және шамалы уақыт Мысырды жаулап алды. Сарайлар патшалардың даңқын жайып, құдіретіне деген сенімін ұялатуға тиіс еді.
Саргон патшаның Ниневияға жақын жердегі атақты Хорсабад сарайына кіре берісте, көзі жайнаған, патша бас киіміндегі тәкаппар адам бейнелі, үлкен сақалы, аса зор қанаты, бес ауыр тұяғы бар бұқа тәрізді фантастикалық мүсін қойылған. Сарай қоладан үйілген төбе басына салынды. Кіре берісіне осы мақұлықты, яғни бес аяғы бар жануарды сарайға кіруші әркім өтіп бара жатқанда, зәре-құты қалмай қорқу үшін жасалған (Саргонның сарайына кіре берістегі қанатты бұқа, б.з.б. VIII ғасырдың II жартысы, Париж,Лувр).
Ассириялық сарайдың бедерлері мен әшекейлерінде дінге табыну емес, соғыс сюжеттері басым. Ассириялық патшалар сарайларынан алынған ең елеулі бедерлер қазіргі Лондонның Британ мұражайлары мен Приждің Луврінде сақтаулы. Осынау ескерткіш мүсіннің ерекше үлгілері Санкт-Петербургтегі Эрмитажда да бар.
Ассирия патшасы Ашшурбанипал сарайынан табылған бедер сурет-«аң аулау көріністері» (б.з.б. VII ғасыр ортасы, Лондон Британ мұражайы).
Ниневиядағы Ашшурбанипал сарайынан табылған «Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан» бедер сурет (б.з.б. VII ғасырдың ортасы, Лондон Британ мұражайы)-дүниежүзілік маңызы бар өнер туындысы. Тек осы бедер арқылы ғана біз Ассирия халқының ұлы өнері, ұлы жан-дүниесі болғандығын білер едік. Үздіксіз жүргізілген соғыс Ассирияның күш-қуатын әлсуіретті. Б.з.б. VII ғасырда жаулар оған қарсы одақтасты. Қарсыластарының ішіндегі ең күштісі қайта дәуірленген Вавилон патшалығы еді.
Б.з.б. 612 жылы «Арыстанның апаты» аталған Ниневияны жау шабуылдап, қиратып тастады. Біраз жылдан кейін Ассирия құлады.
Енді Ніл және Тигр мен Евфрат жағалауларындағы алғашқы қауым өмір сүрген уақыттарға, қола дәуіріне оралайық.
Солтүстік Кавказда, Кубаньда көптеген қорғандар ашылды. Б.з.б. 3 мың жылдықтың аяғы мен 2 мың жылдықтың бас кезіне жататын аса бай қабірлері бар биіктігі-10 метрден асатын Майкоп қорғаны табылды. Бұл қабірден көптеген көркем туындылар алынды, соның ішінде Алдыңғы Азиядан әкелінген асыл заттар қазір Эрмитажда сақтаулы.
Бұған қоса , археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде Грузияның әр түрлі аудандарынан б.з.б. 3 мың жылдықтың II жартысына жататын, жасалу формасы жөнінен ертедегі шумер балталарына ұқсас мыс балталар табылды. Сол бір ертедегі уақыттың өзінде –ақ Қосөзен мәдениеті тіпті географиялық жағынан алшақ жатса да көршілес тайпалардың мәдениетімен араласса керек.
Ежелгі Закавказье тайпалары, Кавказдық ірі мәдениетошақтары бүкіл Шығыс Еуропаның қола дәуіріндегі мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Триалетидегі (Грузия) тайпа көсемінің қорғанына б.з.б. VIIIғасырға жататын, тамаша күміс кубок( Тблиси, Грузия мұражайы) табылған.
1940жылдың II жартысында түрік археологтары бір кездері хетт мәдениеті гүлденген Анатольда үлкен қазба жұмыстарын қолға алды. Хетт астанасы маңында, қазіргі түріктердің шағын ауылы орналасқан жерде Қаратау деп аталатын жерден мүсіндер табылды. (Анкара , Хетт мәдениетінің иұражайы).
Алдыңғы Азияның таулы және далалы аймақтарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Закавказьенің оңтүстігінде Урарту патшалығы құрылды. Урарттар өздерінің тіл ерекшеліктеріне ыңғайлай отырып, ассириялықтардың сына жазуын пайдаланған, сондықтан лоардың барлық өнерлері, көбінесе өзіндік ерекшеліктерімен сипатталғанымен, рухы жағынан ассириялық өнерге жақын жатады.
Жаңа Вавилоннан жалпы алғанда тек естелік қана қалады, өйткені оны б.з.б. 538 ж. Парсы патшасы II Кир басып алғаннан кейін Вавилон бірте-бірте құрылды.
Далаларда үйір-үйір жылқыларын, түйелерін, басқа да малдарын өрілтіп парсы тайпалары көшіп жүрді. Б.з.б. VI ғасырдың ортасында бір тайпаның көсемі Кир өзге парсы тайпаларын бағындырып, өзін патшамын деп жариялады. Кир Ассирия үлгісімен қуатты әскер жасақтады. Парсы әскері Алдыңғы Азия елдерінің бірінен бірін жаулап алды.
Сөйтіп, Вавилон – ескерткіш қана. Вавилондағы сақталып қалған «Иштар қақпалары» — махаббат құдайы туралы естелік. Ақшыл, көгілдір қышпен қапталған және сары арыстандар шеруін бейнелейтін бедерлі суреттермен әшекейленген (б.з.б. 570 жыл шамасы).
Алдыңғы Азия және мәдениеттердің тоғысуы Перғауындар империясы күйрегеннен кейін көптеген ғасыр бойы пирамидалардың тастан қаланған зеңгір таулары мен алып храмдарының қираған орындары бір кездері мұнда ұлы мәдениеттің гүлденгенін айғақтап, Ніл алқабының жаңа үйлерінің қиялын таң қалдырып келген еді.
Алдыңғы Азияның көп бөлігін таулар мен таулы үстірттер алып жатыр. Олардың арасынан Евфрат және Тигр өзендері ағады. Екі өзен де Кавказдың оңтүстігіндегі таулардан бас алып, қарсы парсы шығанағына құяды. Осы екі өзеннің төменгі және ортаңғы ағыстары арасында жатқан елді ежелгі заманда өзен аралығы деп атаған. Грек тіліндегі атауы – месопотамия. Оны қос өзен деп те атайды. Бір кездегі қуатты Вавилон патшалығы және ұлы Ассирия державасы туралы Інжілден, Герадоттың және ерте заманда өмір сүрген авторлардың жазбалаыран ғана білеміз.
Қос өзен бойында алғашқы таң қаларлық археологиялық жаңалық ашу құрметті Мосулдағы француз елшісі Поль Эмиль Ботанның еншісіне тиді. Ботанның осы бір түсініксіз сынықтарға көңіл қойып жүргенін көрген бір араб оған мұндай сынықтардың өзі тұратын деревняда өте көп екенін, жұрт оны көптен бері шаруашылық қажеттеріне пайдаланып жүргенін хабарлады. Ботта сол араб көрсеткен деревня жанындағы төбешікте қазба жұмыстарын ұйымдастырып, тек әлгіндей қыш сынықтарын ғана емес, таңғажайып аңдардың суреттері бар, тұтас дуалдар мен бедерлер тапты. Ассириялық патша сарайының орны осылайша ашылған еді.қос өзен бойының ежелгі тұрғындары сәулетшілік пен мүсіндеу өнерінде мысылықтардан кем түсе қойған жоқ. Қос өзен дүние қалдықтары неге құмның астында қалып қойған? Қос өзеннің Мысырдан ерекшелігі тастарға кедейлігі еді, яғни тасқа жарымаған. Сондықтан да онда ғимараттар қыштан тұрғызылған. Ал қыштан салынған осындай құрылыстар Мысырда да уақыт сынына төтеп бере алмай қирап қалды.
Тигр мен Евфрат алқабында бір мемлекеттік құрылыс басқа мемлекеттік құрылыспен талай рет алмасып, әр түрлі халықтар өзара соғысып отырған және жеңгендер әдетте жеңілгнедерлің храмдарын, бекіністер мен қалаларын тып-типыл етіп қиратып отырған. Вавилония басқыншылық шабуылдарына жиі ұшырап отырған. өнердің көптеген кейбір ұлы туындылары осылайша құрып кетіп, ұлы мәдниет ұмыт қала берген-ді.
Месопотамия оңтүстігінің ежелгі халықтарының өнері әдетте вавилондық өнер деп аталып жүр: бұл атақ тек Вавилонның өзінің (б.з.б.2 мың жылдықтың бастапқы кезеңі) өнеріне ғана емес, сонымен бірге бір кезде өз алдына дербес өмір сүріп, кейіннен Вавилон біріктірген шумер-аккад мемлекеттерінің өнеріне де қатысты (б.з.б. 4-3 мыңжылдық).
Мысыр мәдениеті сияқты Қосөзен мәдениеті де неолит дәуірінің аяғында дамыған деген қорытынды бар.
Геродоттың айтуынша, егер Мысыр Нілдің сыйы болса, Вавилонияны Тигр мен Евфраттың сыйы деп білген жөн. Мұнда да алғашқы құрылыс бірте –бірте құл иеленушілік құрылыспен алмаса бастады. Бірақ, Мысырдан өзгеше Қосөзен бойында бір ғанав өкімет басқаратын бір мемлекет көке дейін болмады.
Әуелгі кезде үкімет түгелдей абыздар қолында болды. Мысырдағы сияқты Қосөзенде де дін құл иеленуші үстем таптың сүйеніші еді. Бірақ, Мысырдағыдан айырмашылығы, бұл төбе топтың өзі мұнда тұрақты болмады, өйткені басшылық үнемі бір мемлекет қолынан екіншісіне ауысып отырды.
Вавилон өнерінен біз жерлеу салтының бейнелеуін мүлде кездестірмейміз. Вавилонның әдебиет ескерткішіндегі «Мырзаның құлмен әңгімесінде» былай делінген: «Қираған қала төбелеріне көтеріл. Ескіліктің төбе-төбе қалдықтарын аралай жүріп, ондағы бұрын-соңды өмір сүрген адамдардың бас сүйектеріне қарашы. Солардың қайсысы жаудың әміршісі, ал қайсысы қайырымдылықтың әміршісі болды?».
Суға және аспан шырақтарына табыну Қосөзен бойын мекендеушілердің діни нанымында үлкен рөл атқарады.
Суға табыну-ол қайырымды күш, береке,құнарлықтың көзі болады деген сенімнен туындаған.
Аспан жарықтарына табыну-сол аспан шырақтарының нұсқаған жолдыдұрыс, тұрақты қозғалыс пен құдайдың еркін өмірі болған дегеннен шықса керек.
Вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни басқа планетелердыжәне қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеп үлкен табыстарға ие болды.
Олар күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды.
Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Адад –жауын – шашын құдайы, Иштар – махаббат құдайы, Шолпан планетасы, Нергал — өлім құдайы; Марс планетасы, Бельги-от құдайы, Альдебаран жұлдызы, Ирра-соғыс құдайы, Марс планетасы аттарының бірі.
Күйдірілген қыш табақшаларындағы жұмбақ белгілер өткен ғасырда ғана ажыратылып оқылды. Бұл бүкіл жазудың шығуына негіз болған әйгілі шумер сына жазуы еді. Мысыр иероглифты тәрізді жазу сәнді болды. Эрмитаждағы шумер кестесі –дүние жүзіндегі ең ертедегі жазба ескеркішін сақтаушы. Осындай кестелердің мол жиынтығы шумер – аккад қалаларының және Вавилонның өзінінің тұрмысы жөнінде көрнекті түрде кең түсінік берді.
Едәуір кейінгі кезеңге жататын (б.з.б. 2 мың жылдық) бұл кестенің мәтіні вавилон заңдары қандай рухта құрылғанын және кейде олардың неге әкеліп соғатынын көрсетеді:
Мысыр пирамидалары сияқты Вавилон зиккураттары да бүкіл төңіректегі сәулеттік, салтанаттылық белгісі болды.
Зиккурат дегеніміз – Мысырдағы Джосер пирамидасы сияқты биік мұнаралы ғимарат. Ғимараттар түрлі-түсті бояумен ерекшеленеді.
Әрбір үлкен қаланың тұтас күйдірілген қыштан өрілген өз зиккураты болатын. Зиккурат әдетте жергілікті бас құдай храмы маңында бой көтеретін. Қала осы құдайлардың меншігі саналатын, себебі ол көптеген басқа құдайлардың тобына, осы қаланың мүддесін қорғауға жаралатын. Ура қаласында б.з.б. XII-XI ғ.ғ. салынған биіктігі – 21 метрлік үш сатылы зиккурат басқаларынан гөрі жақсы сақталып қалған.
Шумер құдайы – Айға табынатын ең ежелгі орын да Ура патшалары мазарларында бұдан да төрт-бес ғасыр ертеректе салынған. Шумер мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі Уруктан табынған мәрмәрдан тамаша етіліп қашалған әйел басы,сірә, әйел-құдайдың басы болу керек (Бағдад, Ирак мұражайы).