Т.Руссо шығармашылығы — Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.
«Көшпенділер» арасында И.Е. Репин (184-1930) шығармашылығының алатын орын ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында –ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.
Академияны бітіруге екі жыл қалғанда «Волгадағы бурлактар» картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп,осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Вогаға барып, бурлактармен танысып, эсчкиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар «Курск губерниясына крестік жорық», «1581 жыл , 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван», «П.М. Третьяковтың портреті» туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е. Репин «суретші міндеті – халыққа қызмет ету» деп түсінді.
Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.
Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі- суретсалу деді.
Песталоцци суретсалуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидттің еңбектері аса жоғары танымал болды.
Ежелгі Русьте мүсін жанды бейнеге қарағанда көп қолданылған жоқ. Ол көбінесе сәулет құрылыстарын әсемдеу ретінде қызмет атқарды.
18 ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды.
Ресейдегі ең алғашқы мүсін шебері – Б.К.Растрелли болды. Ол 1716ж. I Петр шақыруы бойынша Франциядан келді. Растрелли шеберлігі А. Меншиков, Анна Иваннова ескерткіштерінде көрініс тапты. Ең маңыздысы – I Петр ескерткіші.
Ал, Петров кезеңіндегі жанды бейнеде портрет маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде Я.Ф. Тургенев бейнесін алуға болады.
И.Н.Никитин сол кезеңде жанды бейне жасауда еңбектенген суретшілердің бірі. Ол білімін жетілдіру мақсатында Италияға барып келді. Никитин Петр портретін әлденеше рет салды.
А.М. Матвеев есімі Петропавл соборында орындаған қабырға суреттерімен, портреттерімен белгілі. Ол «Жанды бейне Аллегориясы», «Әйеліммен бірге» автопортетжұмыстарымен ерекшеленеді.
А.П. Антропов та қолданбалы өнерге әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз суреттерінде формасының айқындылығымен, симметриялығымен ерекшеленеді.
Жиһаздарды негізінен Растрелли және оның көмешілері жобалап отырды. Түрлі бұйымдар үшін кейбір жаңа әсемдеу материалдарын қолдана бастады. Ол — әйнек және фарфор.
Осылайша орыс сәулет өнері жаңалықтарымен толығып отырды. Петербургте, Мәскеуде өзгеше бағыттағы құрылыстар бой көтерді.
Д.Ф.Кокоринов және Ж.Б.Валлен-Деламоттың басшылығымен Нева жағасында көркем академияның құрылысы жүрді. Сонымен қатар В.И.Баженов, М.Ф.Казаков, И.Е.Старов түрлі құрылыстарда шығармашылықпен еңбек етті.
18 ғасырдың екінші жартысында мүсін өнері үлкен табыстарға қол жеткізді. Б.К.Растреллиден кейінгі орыс мүсіншісі М.П.Павлов болды.
Ф.И.Шубин де Павлов сияқты адам мүсінін жасаумен шұғылданды. Ол 1773 жылы князь А.М.Гольциннің кеудеге дейінгі бейнесін сомдады.
18 ғасырдың аяғында И.П.Прокофьев, И.П. Матрос, Ф.Ф.Щедрин сынды мүсіншілер жұмыс істей бастады.
18 ғасыр тарихи жанр негізі болып саналды. Орыс суретшілері жанды бейнеде тарихи картинадағы композицияны өңдеп отырды.
Тарихи жанрда жұмыс істеген атақты суретші А.П. Лосенко болды. Оның «Каин», «Авель», «Владимир және Рогнеда» деген туындылары бар.
Лосенкодан кейінгі тарихи жанрмен айналысқан суретші Г.И.Угрюмов болды. Оның көлемді «Ян Усмар күшін сынау» атты шығармасы осының айғағы.
Бұл кезеңде матамен жұмыс, әйнек, фарфорды қолдану және металды көркем өңдеу кеіңінен жүргізілді.
18 ғасырда портрет жанры жақсы дамыды. Оған О.А.Кипринский жұмыстарын жатқызуымызға болады.
1817-1900 жылдары өмір сүрген атақты суретші-маринист И.К.Айвазовский өз өмірін теңізге арнады. Ол осы кезеңдегі жарқын бейне деп айтуымызға болады.
Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.
Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.
«Көшпенділер» арасында И.Е. Репин (184-1930) шығармашылығының алатын орын ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында –ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.
Академияны бітіруге екі жыл қалғанда «Волгадағы бурлактар» картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп,осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Вогаға барып, бурлактармен танысып, эсчкиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар «Курск губерниясына крестік жорық», «1581 жыл , 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван», «П.М. Третьяковтың портреті» туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е. Репин «суретші міндеті – халыққа қызмет ету» деп түсінді.
Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол олар жасаған әдітеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.