Қала ансамбліндегі классизмнің жетекші ролі. XIX ғасырдың басында Орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі-О. А. Кипренский.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.
1834 жылы А. П. Сарожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А. П. Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап суретсалудың негізін қалайды.
1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде суретпән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.
Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіріесе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В. Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственногоразвития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілгендей автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды. 14ғ. Новогородтағы монументті жанды бейненің гүлденуі Византиядан келген суретші Феофан Грекпен байланысты. 1378 жылы Феофан Спас Приображения шіркеуін көркемдеді.
Өнердің дамуына көп үлес қосқандардың бірі – Андрей Рублев. Ол икон және шіркеулерге роспись жазуда ерекше орын алды.
III Иван тұсында Мәскеу құрылысы кеңінен дамыды. 1475-1479 жылдары Мәскеу Кремліндегі Успен соборы салынды. Оның құрылысында итальяндық сәулетші Аристотель Фиораванти шақырылды.
15ғ. Аяғы – 16 ғ. Басындағы жанды бейне дамуы тамаша суретші Дионисия есімімен байланысты.
17 ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі болды.
17 ғасырдың екінші жартысындағы икон жазудың шебері Симон Ушаков
Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ортаңғы көрініс, соңғы көрініс деген ұғымдар кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақсы орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы көрініс деп аталады.
Заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын көрсету үшін, алдыңғы көріністердегі бейнелеу анық етіп штрихталып, соңғы көріністердегі бейнелер оған қарағанда бұрыңғырлау етіп көрсетіледі. Оқушылар сурет салу негізінде перспектива заңдылықтарын білмегендіктен кемшіліктері осыған байланысты болып жатады.
Зергерлік құмыра жасау кәсібі кең дамыды.Феодалдық қалалар біртіндер ірі сауда орталығына айнала бастады.Орыс жерінің ірі қалалары Мәскеу, Тверъ,Костромо Новогорд Смоленск қайтадан көтеріліп ірі қалаларға айналды.Орыс саудагерларі өзінің товарларын алтын орда астанасы Сарай-Бату қаласына апарып сатып ,олардан шетел үнді қытай товарларын сатып алып отырды. Әрбір орыс қаласында сауда-саттық орындары көбейе бастады. Бұл феодалдық қарым-қатынастың орнығып шаруашылықтың өркендеуіне орыс жеріндегі ішкі байланыстың дамуына ,натуралъды дұмаға түйік шаруашылықтың ыдырап ,ақша товар қатынасы қалыптаса басиауына мүмкіндік жасады. Бұл процес орыс жерінің бірігуіне алғы шарттар тудырды.
Луврдың шығыс фасады. 18 ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды.
Ресейдегі ең алғашқы мүсін шебері – Б.К.Растрелли болды. Ол 1716ж. I Петр шақыруы бойынша Франциядан келді. Растрелли шеберлігі А. Меншиков, Анна Иваннова ескерткіштерінде көрініс тапты. Ең маңыздысы – I Петр ескерткіші.
Ал, Петров кезеңіндегі жанды бейнеде портрет маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде Я.Ф. Тургенев бейнесін алуға болады.
И.Н.Никитин сол кезеңде жанды бейне жасауда еңбектенген суретшілердің бірі. Ол білімін жетілдіру мақсатында Италияға барып келді. Никитин Петр портретін әлденеше рет салды.
А.М. Матвеев есімі Петропавл соборында орындаған қабырға суреттерімен, портреттерімен белгілі. Ол «Жанды бейне Аллегориясы», «Әйеліммен бірге» автопортетжұмыстарымен ерекшеленеді.
А.П. Антропов та қолданбалы өнерге әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз суреттерінде формасының айқындылығымен, симметриялығымен ерекшеленеді.
Жиһаздарды негізінен Растрелли және оның көмешілері жобалап отырды. Түрлі бұйымдар үшін кейбір жаңа әсемдеу материалдарын қолдана бастады. Ол — әйнек және фарфор.
Осылайша орыс сәулет өнері жаңалықтарымен толығып отырды. Петербургте, Мәскеуде өзгеше бағыттағы құрылыстар бой көтерді.
Д.Ф.Кокоринов және Ж.Б.Валлен-Деламоттың басшылығымен Нева жағасында көркем академияның құрылысы жүрді. Сонымен қатар В.И.Баженов, М.Ф.Казаков, И.Е.Старов түрлі құрылыстарда шығармашылықпен еңбек етті.
18 ғасырдың екінші жартысында мүсін өнері үлкен табыстарға қол жеткізді. Б.К.Растреллиден кейінгі орыс мүсіншісі М.П.Павлов болды.
Ф.И.Шубин де Павлов сияқты адам мүсінін жасаумен шұғылданды. Ол 1773 жылы князь А.М.Гольциннің кеудеге дейінгі бейнесін сомдады.
18 ғасырдың аяғында И.П.Прокофьев, И.П. Матрос, Ф.Ф.Щедрин сынды мүсіншілер жұмыс істей бастады.
18 ғасыр тарихи жанр негізі болып саналды. Орыс суретшілері жанды бейнеде тарихи картинадағы композицияны өңдеп отырды.
Тарихи жанрда жұмыс істеген атақты суретші А.П. Лосенко болды. Оның «Каин», «Авель», «Владимир және Рогнеда» деген туындылары бар.
Лосенкодан кейінгі тарихи жанрмен айналысқан суретші Г.И.Угрюмов болды. Оның көлемді «Ян Усмар күшін сынау» атты шығармасы осының айғағы.
Бұл кезеңде матамен жұмыс, әйнек, фарфорды қолдану және металды көркем өңдеу кеіңінен жүргізілді.
18 ғасырда портрет жанры жақсы дамыды. Оған О.А.Кипринский жұмыстарын жатқызуымызға болады.
1817-1900 жылдары өмір сүрген атақты суретші-маринист И.К.Айвазовский өз өмірін теңізге арнады. Ол осы кезеңдегі жарқын бейне деп айтуымызға болады.
Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.
Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.
17 ғасырда ресейде ағаш сәулет өнері епрекше дамыды. Коломно селосындағы ағаштан салынған сарай 17 ғасырда сурет өнерінің озық туындысы болып табылды. Шіркеулер қала тұрғындварының сұранысы бойынша салынды. Шіркеуді салғанда орыс шеберлері халықтың ағаш сәулет өнеріндегі озық үлгілерін пайдаланды.
Орыс сәулет өнерінде ерекше қызыл бояу қолдану арқылы үйдің сыртын әшекейлеген шіркеулердің сырты қызыл кірпішпен өрілген. Мәскеу қаласындағы Кремлъге кейінгі кезде қызыл кірпішпен қаланып ,қазіргі кезде дейін ол қалпын сақтап қалған. 17 ғасырда орыс суретшілері тамаша икондық шығармалары мен фрескалар жасау ісін одан әрі жалғастырды. Белгілі шебер симон өз икондарында адамның шынайы келбетін беруге тырысты.Орыс суретшілері портреттік бейнелер жасауда асқан шеберлікке қол жеткізді .Қалаларда көптеген адамдар өз балаларын оқытуға ұмтылысты.17 ғасырда Ресейде халықтың көбі сауатсыз болатын.Шіркеу сауат ашу ісінде діни уағыздарды насихаттауда негізгі орталыққа арналды. Мектептер ашылып жазылып арифметика пәндері оқытыла бастады. 1687 жылы тұңғыш славян, грек ,латын жоғары мектебі ашылды. Жоғары мектептер грек ,латын, дін ілімі, геометрия , астрономия,арифметика ,граматика пәндері оқытылды.Бұл тұңғыш мәртебесі жоғары шиновниктер оқитын жоғары мектеп еді. Халыққа дәрігерлік көрсету көмек ісінде халық емшілерінің орны ерекше болды.Әртүрлі шөптердің емдік қасиеттері ауруды емдеу құралдары туралы білім ғасырлар бойы жинақталды.Мәскеу қаласында тұңғыш рет дәріхана қызметкерлерінің мектебі ашылып ,дәрігерлер даярлай бастады. Оны орыс емшілерінің мектебі деп аталды.