Энергия – материяның барлық түрлерінің қозғалысы мен әрекеттесуінің сандық орта өлшемі, табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланыста болу себебі осыдан. Жүйедегі энергия жұмыс істелген кезде өзгереді.
Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы былай дейді : табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді, ол тек бір түрден келесі түрге айналады. Бұл өзгерістер кезінде энергия мөлшері сақталып отырады. Табиғаттағы барлық процестер осы заңға бағынады. Термодинамиканың екінші заңы былайша тұжырымдалады : энергияның бір бөлігі әрқашанда пайдалануға келмейтін жылу энергиясы түрінде шашырап кететіндіктен, кинетикалық энергияның (мысалы, күн сәулесі энергиясының) өздігінен потенциялдық энергияға (мысалы, синтезделуші органикалық заттардың химиялық байланыстар энергиясына) айналу эффективтілігі әр уақытта 100% -тен кем болады.
Экожүйенің ең маңызды термодинамикалық көрсеткіші – оның іштей реттелгендік түзуге және реттелудің жоғары деңгейін, яғни энтропиясы төмен күйін сақтап тұруға қабілеттілігі. Қауымдастықтың тыныс алуын фотосинтезге қарама – қарсы процесс ретінде сипаттауға болады :
(СН2О) +О2=СО2+Н2О+Г ангс.
Экожүйедегі тыныс алуға, яғни оның тіршілігін сақтауға жұмсалатын энергияның (Р англис.) биомасса құрылымында жинақталған энергияға (В) қатынасын термодинамикалық реттелгендік өлшемі (англс.Р/В) деп атайды.
Экожүйе қоршаған ортадан тек энергия емес, зат та келіп тұратын жағдайда ғана сақталына алады, яғни нақтылы экожүйелер энергетикасы және құрылымы бойынша ашық жүйелер болып табылады. Бір – бірімен және жансыз ортамен жылжымалы тепе – теңдік күйінде болатын компоненттердің әрекеттесуі арқасында барлық экожүйелер бір бүтін құрылымға айналған.