Минералды тыңайтқыштар өндірісі

Минералды тыңайтқыштар деп –ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімдерін алу мақсатында топыраққа енгізілетін құрамында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтері бар тұздарды айтады. Олар- химия өндірісінің көп тоннаждыөнімі, жыл сайын жүздеген миллион тыңайтқыш өндіріледі.

Минералды тыңайтқыштардың құрамында топырақ құнарлылыгын арттыруга қажетті элементтер бар, сондықтан олар ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары тұрақты өнім алу мақсатында қолданылады.Толпырақта бар пайдалы элементтер жаңбыр суымен топырақтан шайылады немесе керексіз түрге ауысады. Бұдан топырақтағы қоректік элементтердің орнын толтыру кажеттілігі туындайды. Осыдан кейін топыракқа құрамында осы элементтер бар минералдык тыңайтқыштар енгізіледі.

Минералды тыңайтқыштар агрохимиялық маңызына,шығу тегіне, қоректік құрамына , физика-хмиялық қасиеттеріне (ең алдымен топырақ ылғалындағы ерігіштігіне) тыңайатын топырыққа физиологиялық әсеріне байланысты жіктеледі.

Құрамы бойынша олар фосфорлы, азотты, калийлі,магнийлі тыңайтқыштар болып бөлінеді. Бір ғана қоректік элементі бар тыңайтқыштар жай немесе бір жақты , ал екі және одан да көп қоректік элементтері бар тыңайтқытар комплексті тыңайтқыштар деп аталады.(2 элемент қос 3 элемент толық) құрамында бор,марганец,цинк, мыс, молибдені бар тыңайтқыштарды микротыңайтқыштар деп атайды.

күрделі

  1. Комплексті тыңайтқыштар

қалыпты(30 проц төмен)

Тыңайтқыштарконцентрленген (30 проц жоғары)

Топырақ ылғалында еру дәрежесіне қарай суда еритін және топырақ қышқылдарында еритіндер болып бөлінеді.

Минералды тыңайтқыштар аз ғана гигроскопиялық сақтағанда бұзылмайтындай, оңай енгізілетіндей, топыраққа енгізгенде жақсы таралатындай болу керек. Мұндай талаптарға гранулденген тыңайтқыштар жауап береді. Минералдык тыңайтқыштардың құрамы, ондағы элементтермен сипатталады: а) азот тыңайтқышында — азот;

ө) калий мен фосфор тыңайткыштарында — калий мен фосфор

Өсімдіктер ұлпаларының түзілуіне, оның өсуіне және дамуына шамамен 70-ке жуык элемент қатысады. Олардың ішінде азот, фосфор жөне калий элементтері маңызды болып табылады, оларға өсімдіктің зат алмасуы және өсуі тәуелді. Азот белок пен хлорофилл құрамына кіреді және фотосинтез процесіне катысады. Фосфор қосылыстары көмірсулар мен азот құрамдызаттардың айналу процестеріне қатысып, өсімдіктердің көбеюі мен тыныс алуында маңызды рөл атқарады. Калий өсімдікте ететін тіршілік процестерін реттейді, су режимін жаксартады, зат алмасу мен өсімдік үлпасында көмірсулардың түзілуіне себепші болады.

Өсімдіктер оттек, көміртек жөне сутектің негізгі массаларын — ауа мен судан, ал қалған элементтерді топырақтан алады. Мәдени егін шаруашылығының қазіргі масштабында табиғаттағы қоректік элементтердің табиғи айналымы бұзылған, өйткені олардың біраз бөлігі астықпен бірге кетіп топыракка оралмайды.

Минералдық тыңайтқыштар өндірісі үшін әр түрлі шикізаттар қолданылады. Белгілі бір өнімді әр түрлі технологиялық процестерді пайдаланып, түрлі шикізаттан алуға болады. Минералдық тыңайтқыштар өндірісінде қолданылатын шикізаттар:

а) табиғи минералдар (аппатиттер, фосфориттер, сильвинит, карналлит);

ө) атмосфера (ауадағы азот);

б) химиялық жөне өнеркәсіптің басқа салаларының өнімдері жөне жартылай өнімдері;

в) басқа өндірістің (фосфаттық қождар) қалдықтары. Минералдык тыңайтқыштарды алу үшін қолданылатын шикізаттар бірнеше компоненттерден тұрады, сондықтан шикізаттың барлық құрамды бөліктерін пайдалану үшін өндірісті кешенді түрде ұйымдастырады.Көптеген минералдык тыңайтқыштардың өндірісі минералдык тыңайтқыштарды өндіруде шикізат ретінде қолданылатын өнім шығаратын басқа химиялык өндірістермен қатар салынады. Мысалы, суперфосфат зауытын күкірт қышқылын өндіретін зауытпен қатар салады, аммоний нитратын өндіретін цехты аммиак пен азот қышқылын синтездейтін цехпен, карбамид өндірісін аммиак өндірісімен және т.с.с. біріктіреді.