Қазір аммиак синтезін көптеген зауыттарда шамамен 30 мПа кысымда, 450—550°С-та өндіретін қондырғы экономикалық жағынан тиімді деп есептеледі.
Азот-сутек қоспасы (3 көлем сутек пен 1 көлем азот) компрессорда сығылады да синтездік колоннаға беріледі. Катализаторға қажетті температураны және оңтайлы жағдайды жүзеге асыру үшін жалпы технологиялык принциптер: қарсы ағыс және реакция жылуын пайдалану сияқты принциптер қолданылады. Бұл үшін аммиаксинтезі реакциясының жүруіне қажетті қолайлы жағдайларды: температураны, өршіткіні, қысымды реттеп алған соң, өндірістің ғылыми принциптерін сақтай отырып, арнайы қондырғыда үздіксіз процесс арқылы аммиак синтезделеді. Аммиак өндіретін қондырғыдағы технологиялық процестің мәні: азотсутек қоспасынан реакция жылуын жылу алмастырғышта барынша тиімді пайдалану арқылы өршіткі салынған реакторда жанасу әдісімен аммиак алу. Түзілетін аммиактың шығымы өте аз болғандықтан, шикізатты тиімді пайдалану үшін процесті үздіксіз циркуляциялык. әдіспен жүргізеді. Түзілген газдар қоспасынан аммиакты суытып, сұйыққа айналдырып айырғышта бөліп алады.
Аммиак өндірісінде мынадай ғылыми принциптер сақталады: жылу алмасу,қарама-қарсы ағыс,үздіксіз процесс, циркуляцаялық процесс, т.б.
Аммиак синтезделетін қондырғы мынадай бөліктерден тұрады: синтез колоннасы, жылу алмастырғыш, тоңазытқыш., айырғыш, циркуляциялық компресс
Азот қышқылын негізінен синтетикалық аммиакты тотықтыру арқылы өндіреді. Аммиакты тотықтыру үшін ауа оттегісін пайдаланады.
Аммиакты ауа оттегісімен тотықтыру католизаторларда жүргізіледі, және мынадай реакциялар жүруі мүмкін.
4 NH3 + 5О2 = 4NО + 6 Н2О — -Н (1)
4 NH3 + 4О2 = 2N2О + 6 Н2О — -Н (2)
4 NH3 + 3О2 = 2N2 + 6 Н2О — -Н (3)
4 NH3 + 6NO = 5N2 + 6 Н2О — -Н (4)
Азот қышқылын алу үшін азоттың ІІ оксиді қажет, сондықтан (1) реакция жүретіндегі жағдайлар жасау керек. Осындай жағдайларға t – 8000 С, қысым 0,1 – 10мПа : NН3 қатынасы 1,8 – 2,0, жану уақыты 1 – 2*10-4 сек. Катализатор ретінде 7,5 % родий бар платиналық құйма қолданылады. Бастапқы аммиакты – ауа қоспасы аммиак 10–11,5 % (көлем) оттегі 18 – 19 % (көлем), азот 70 – 72 % (көлем) түзілген қоспаны нитроз газдары деп атайды. Оның құрамында 8 – 10 % азот (ІІ) оксиді болады.
Азот ІІ оксидінің тотығуы
Аммиак тотығудан түзілген нитроз газдарының құрамында азот ІІ оксиді, азот, оттегі, су буы болады. Азот ІІ оксиді IV оксидіне тотыққанда жүйеде 3 параллель реакция жүреді.
Бұл реакциялар қайтымды гомогенді жүйеде жылу бөліну көлемі кему арқылы өтеді. Сондықтан температураны түсіріп, қысымды арттырса тепе – теңдік оңға ығысады.
Азот ІІ оксидін IV оксидіне айналдыру үшін нитроз газдарын 10 -500 С дейін суытады.