Күкірт қышқылының түрлері, қасиеттері мен пайдалану аймақтары

Күкірт қышқылының химия өнеркөсібіндегі маңызы орасан зор. Күкірт кышқылы өзінің қасиеттеріне байланысты сондай-ақ, басқа қышқылдардан әлдекайда арзан болғандықтан, көптеген өнеркөсіп салаларында, химия өнеркөсібінде, металл өңдейтін, мұнай өңдейтін және баска салаларда кең қолданылады. Күкірт кышқылының қатысуымен минералдық тыңайткыштарды, басқа ұшкыш қышқылдарды алуға болады, Оны дөрі-дәрмек, бояу, қопарғыш заттар, талшықтар, жуғыш заттар алу үшін колданады. Күкірт қышқылынсыз ешбір химиялык лаборатория жұмыс істемейді. Өзінің қолданылуына карай күкірт қышкылы өте көп өндіріледі.

Концентрлі күкірт кышқылы — күшті тотықтырғыш (әсіресе қыздырғанда) болып табылады. Ол көптеген металдарды, бейметалдарды, тіпті органикалық заттарды да тотықтырады.

Күкірт қышқылының құрамындағы негізгі элемент күкірт — біздің планетамызда көп тараған химиялық элементтердің бірі. Ол жер қыртысында: бос күкірт, металдар сульфидтері, түрлі сульфаттар және басқа қосылыстар түрінде кездеседі. Күкірт қосылыстары қазба отындардың барлық түрінде болады (тас көмір, мұнай, т.б.). Шикізаттардың осы айтылған барлық түрлері күкірт қышқылын өндіруге қолданылады. Дегенмен, өнеркәсіп бұлармен ғана шектелмейді. Мысалы, түсті металдар өндірісінде қосымша өнім ретінде күкірті бар газдар (Н2 S, SО2) түзіледі. Осы газдарды арнайы ұстағыш құралғылар көмегімен жинап, күкірт қышқылын өндіруге пайдаланады. Бұл жағдай біріншіден, қоршағән ортаны зиянды газдардан қорғаса, екіншіден, қалдықсыз өндіріске, яғни шикізатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай табиғи ресурстар құрамындағы барлық элементтерді пайдалы өнімге айналдыра отырып, тиімді шикізат ретінде пайдалануды кешенді пайдалану деп атайды.

Күкірт қышқылын өндіру үш сатыдан тұрады :

Бірінші сатысы — күкірт (IV) оксидін алу.

Күкірт (IV) оксидін SО2 алу үшін жоғарыда аталған шикізаттарды өртейді. Солардың бірі — күкірт (темір) колчеданын Ғе S, өртеу жағдайымен толық танысайық:

4Ғе S2 + 11О2 = 2Ғе2О3+ 8 SО2

Заводта бұл реакцияны жылдам әрі өнімді жүргізудің барлық жағдайы қарастырылған. Күкірт колчеданы қатты зат, ал онымен әрекеттесетін ауа — газдар қоспасы, сондықтан жанасу бетін арттыру үшін ұсатылған қатты заттарды «қайнаушы қабатта» өртеу әдісі кең қолданылады. Бұл әдістің негізі ұсатылған шикізатты (мысалы, күкірт колчеданы) астынан қысыммен шыққан ауамен қатты үрлеу арқылы араластырып, ұнтақ затты бұрқылдатып, қайнап жатқандай түрге келтіреді, соны «қайнаушы қабат» дейді. Мұндай «қайнаушы қабатта» қатты заттын, ұнтағы ауамен (оттекпен) жақсы араласып, еркін жанасатын болғандықтан ондағы химиялық реакция өте жоғары жылдамдықпен жүреді. Өндірілетін заттың шығымы 3—4 есе артады.