Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі

1944 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiнiң сессиясы одақ-республикалық сыртқы iстер Халық Комиссариатын құру туралы Заң қабылдады. Сыртқы iстер Халық Комиссары болып 4 тамыз күнi Төлеген Тәжiбаев тағайындалды. Ол белгiлi ғалым, Қазақстан ±А-ңың корр-мүшесi, профессор, ҚазМУ-дың ректоры болып қызмет атқарып жүрген-дi. Кейiн ол бес жылға жуық КСРО-ның Үндiстандағы елшiлiгiнiң кеңесшi өкiлi болып қызмет еттi. Т.Тәжiбаев 1950, 1956-1967 жылдары БҰҰБас Ассамблеясының сессиясының жұмысына қатысқан тұңғыш қазақ ретiнде тарихта қалды. Бµµ-ның қамқорлық iстерiмен айналысатын комитетiнiң жұмысына белсене араласты.

Он жылдан соң 1966-1970 жылдары БҰҰсессиясының жұмысына Қазақстан сыртқы iстер министрi Балжан Бөлтiрiкова араласты. Ол бұған дейiн халық ағарту министрлiгiн, әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгiн басқарған болатын. Республика Сыртқы iстер министрi қызметiн ол Министрлер Кеңесiнiң төрағасының орынбасары қызметiмен қоса атқарып жүрдi.

Сыртқы iстер министрi қызметiн тiкелей атқарған Мәлiк Сабырұлы Фазылов болды. Ол МГИМО-ны бiтiрген алғашқы қазақ болатын. Дипломатиялық карьерiн тiкелей Сыртқы iстер министрлiгiнде бастады. 1951-1956 жылдары бiрiншi хатшы, министр көмекшiсi қызметтерiн атқарды. 1973 жылы министр болып тағайындалды. Жаңа министр Министрлер Кеңесiнен жеке бөлiнiп шығып, арнайы дипломатиялық штаттарға ие болды. Консульдық және хаттамалық бөлiмдер ашты. Шет тiлiн меңгерген жастарды жұмысқа тарта бастады. Ол осы қызметте үш жылдай болды. 1976 жылы шетелге қызметке кеттi. Отставкiге кеткенше 14 жыл бойы КСРО-ның алдымен Малидағы, сосын Мароккодағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi болып қызмет атқарды.

Одан соң Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiн белгiлi ғалым-филолог М.Базарбаев басқарды. Бұл кезде республика Азия, Африка елдерiнен делегациялар қабылдаумен ғана шектелдi. Базарбаев бiр мәрте ғана қоғамдық делегация құрамында шет елге шыға алды. 1992 жылғы 2 шiлдеде Республика Президентi Жарлығымен “Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi туралы” Ереже қабылданды.

1993 жылы министрлiк басына Қанат Саудабаев келдi. Республикамыз Бµµ-ға және ондаған халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiздiгiмiздi 117 мемлекет мойындады. 108 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. 40 елде Қазақстан елшiлiктерi ашылса, шет мемлекеттердiң Қазақстанда 56 өкiлдiктерi орнықты.

1994 жылы республикаға 12 жоғары маманданған дипломаттар келдi. Солардың бiрi Қасымжомарт Тоқаев Сыртқы iстер министрлiгiнiң тұтқасын ұстады. Ресейдегi елшi Т.Мансұровтың ²Казахстан и Россия, опыт стратегического партнерства², Қытайдағы елшi Қ.Сұлтановтың ²Казахстан и Китай – добрососедство на путях взаимовыгодного сотрудничества², Қ.Тоқаевтың ²50 лет ООН², ²Под стягом независимости² жинақтары жарық көрдi.

1999 жылғы қазан айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов болды. 2002 жылдан Қасымжомарт Тоқаев.