Химиялық процестер энергия бөле, сіңіре немесе энергия түрленулері арқылы жүреді. Химиялық технологияда энергия сонымен қатар қосымша операциялар жүргізуге жұмсалады; (материалдарды және дайын өнімді тасымалдау, ұнтақтау, фильтрация, суыту, газдарды сығу т.б.). сондықтан химия өнеркәсібі басқа салалармен салыстырғанда көп энергия тұтынатын салаға жатады. Энергия тұтынылуын дайын өнім бірлігіне шаққандағы жылу мөлшерімен есептейді. (кВт сағ /т, кВт/кг) электр энергиясының кейбір химиялық өнімдерге жұмсалатын орташа шығыны, яғни жұмсалу коэфиценті 1 тонна дайын өнімге шаққанда алюминий-19000, фосфор-16500, синтетикалық аммиак-3200, аммиак селитрасы-11.
Химия өнеркәсібінде энергияның алуан түрлері пайдаланылады. (электр, жылу, ядролық, химиялық, жарық). Бұлардың ішінде су буымен ыстық су түрлеріндегі жылу энергиясы 50% тікелей отын ретіндегі жылу-10%, электр энергиясы -40%. Басқа энергия көздерінің үлесі шамалы мөлшерде ғана болады.
Электр энергиясын
а) электрохимиялық/балқымалық ерітінділер электролизі
б) электро термиялық-/қыздыру
в) электромагниттік/рудаларды электромагниттік байыту
с) электростатикалық құбылыстарда (шаңдерді тұндыру т.б.) процестер үшін пайдаланады.
Электр энергиясын әртүрлі физикалық операциялар үшін де (ұсату, араластыру, центрифизикалық, тасымалдау) пайдаланылуы электр энергиясын ТЭЦ, АЭС, ГЭС-тер өндіреді.
Жылу энергиясын химиялық өнеркәсіпте химиялық реакциялар жүргізгенде регенттерді қыздыру үшін, әр түрлі технологиялық операциялар кептіру, буландыру, балқыту, дистилляция сияқты процесстер үшін қолданады.
Көптеген химиялық өнеркәсіп орындары жылу энергиясын бу және ыстық су ретінде пайдаланылады.
Ядролық энергия тікелей әр түрлі радиациялық химиялық процесстер үшін, осы кезде түзілетін сәуле, нейтрон әсерінен жүретін полимерлену, қатаю, фенолформальдегид синтезіне жұмсалады. Бірақ негізінен ядролық энергия электр энергиясын алу үшін пайдаланылады.
Химиялық энергия экзотермиялық реакциялар нәтижесінде түзіледі. Бұл кезде түзілетін жылу бастапқы заттарды жылытуға, ыстық су немесе су буын алуға жұмсалады немесе электр энергиясына айналдырылады. Осы күннің өзінде энергияға мұқтаждығы химиялық реакциялар есебінен қанағаттандырылып қана қоймай сонымен бірге қосымша энергия басқа тұтынушыларға су буы немесе электр энергиясы түрінде жіберілетін электротехнологиялық химиялық өндіріс орындары бар.
Мысалы 1т күкірт қышқылын өндіргенде күкірттен 5 МДт жылу бөлінеді, ал оның өндірісіне кететін энергия шығыны 0,16 МДт 17-% бөлінеді. Жылудан химиялық энергияны вольвани элементтері мен аккумуляторларда электр энергиясына айналдырылады.
Жарық энергиясы (ультракүлгін, инфрақызыл, лазер сәулелері химиялық өндірісте күн санап көп қолданылып келеді. Хлоридтер синтезі, органикалық қосылыстардың галегенденуі, изомерлеу, суды тазарту сияқты процестерге жарық энергиясы қажет. Күн энергиясын пайдалану мысалы фотохимиялық суды айыру. Энергия пайдалану эффективтілігі оның пайдалану коэфицентімен анықталады. өнім бірлігін өндіруге теория жүзінде қажетті энергия шығынының Wт практикадағы энергия шығынына Wпр қатынасына тең.
Жоғарғы температуралық эндотермиялық рекациялар үшін 70%-тен аспайды. Жылудың қалған бөлігі реакция өнімдері және жылу изоляция арқылы қоршаған ортаға тартады. ГЭС-терде 6т% энергияны атмосфераға немесе су қоймаларына бөлініп шығарылғаны. Оны теплицияларды жылыту үшін т.б. шарттарға жұмсауға болады.