Минералды шикізаттарға жер қыртысының құрамына кіретін 16км тереңдікке дейін жататын әр түрлі тау жыныстары жатады.
Минералдық шикізаттар рудалы және рудасыз шикізат болып 2 ге бөлінеді.
Рудалы шикізат немесе руда деп құрамында металы болатын және олар техникалық мүмкіндігін сонымен бірге экономиканың тиімді концентрацияда болатын тау жыныстарын немесе минералдарды агрегаттарды айтады. Рудаларда бір немесе бірнеше мнталдар болуы мүмкін. Мысалы; Мына тау жыныстарында ферум оксиді Ғе3О4 магнитті теміртас Ғе2О3 қызыл теміртас. Ғе(ОН)3 батпақ рудасында тек темір металы ғана болады. Ал каолинит минералында бірнеше металл болады.Бірнеше металы болатын рудаларды құрамындағы металы кему ретімен қосарлап атайды. Мысалы; Мысты-цинкты, қорғасынды-цинкты-күмісті т.с.с.
Мұндай рудаларды полиметалды рудалар депте атайды.
Рудасыз шикізат деп- химиялық өндеусіз тікелей қолданылатын немесе метал еместер өндірісінде бастапқы материал ретінде қолданылатын ( фосфор,хлор, күкірт.) сондай-ақ басқа химиялық өнім алуда қолданылатын (сода,тыңайтқыш,негіз,қышқыл, цемент,т.б.) тау жыныстары мен минералдарды айтады.
Рудасыз қазба байлықтар шартты түрде 4 топқа бөлінеді.
1.Механикалық және термиялық өңдеуден соң тікелей құрылыста қолданылатын құрылыс материалдары. (Саз, құм, қиыршақ тас, цемент,т.б.)
2.Химиялық өндеу арқылы немесе тікелей қолданатын химиялық минералдық шикізат.(күкірт, фосфирит ұны, ас тұзы)
3.Техникалық мақсаттарға химиялық өндеусіз тікелей қолданылатын индустуриялды шикізат (ізбес, графит, мрамор.)
4.Асыл жартылай асыл өнделетін шикізат бұларды механикалық өңдеуден кейін әсемдік бұйым жасанды тастар, өндейтін материалдар алуға қолданады.(Алмаз, малахит,топаз,т.б.)
Органикалық шикізат 3-ке бөлінеді .
- Қазба шикізат (торф, көмір,мұнай,табиғи газ,серік газ)
- Өсімдік текті шикізат
- Жануар текті шикізат
Өсімдік және жануар текті шикізат ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімі болып табылады.Пайдалану тәсілдеріне қарай олар азықтық және техникалық болып бөлінеді. Азық түлік мәселесін шешу үшін органикалық химияның және химиялық технологияның жетістіктерін пайдалана отырып азықтық шикізатты, азықтық емес шикізатпен алмастыру қажет. Мысалы; Каучук талшық , пластмасса жарылғыш заттар қолданылатын этил спирты 1950жылға дейін негізінен азықтық шикізаттан картоп, бидай, қант қызылшасынан алынып келді.
Қазіргі уақытта этил спирттік ағаш сүрегін гидролиздеу немесе этиленді гидратациялау жолымен алады.
Шикізат қорлары және оны игеру. Химиялық элементтер жер қыртысында негізінен шашыраңқы күйде кездеседі. Әр түрлі тау жыныстары арасында бір немесе бірнеше пайдалы минералдардың эканомикалық тиімді алуға мүмкін беретін кен орны деп аталады.
Пайдалы қазбаларды шикізат ретінде пайдалану шарты оның халық шаруашылығы үшін пайдасы, қайта өңдеу, техниканың даму деңгейі,конц., хор баланысы т.б. болып табылады(силвинит)
Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды бөліп алу,игеру деп аталады. Қатты минералды шикізатты олардың жату тереңдігіне байланысты ашық және жабық әдістермен игереді. Ашық әдіске – ізбес, гипс, құм, саз, гранит, мрамор, құрылыс тас сындырмалары, алтын, платина, алмаз, шайылатын кендер жатады. Жабық әдіске шахталар, рудниктер жатады.
Ашық әдіс жабық әдіске қарағанда экономикалық тиімді бірақ экологиялық тиімсіз болады.
Шикізатты дайындау кез-келген табиғи шикізатты игерген соң су пайдасыз бос жыныстар деп аталатын , ал кейде зиянды қоспаларда болады. Мысалы; Қатты шикізатта кремнезем (SiO2) ізбес (СаСО3 7Н2О) гипс, саз, сулфиттер, темір. Сұйық шикізатта қатты бөлшектер, су, еріген тұздар, газды күкірт сутек. Химиялық өндірістерді концентрленген шикізат қолдануға ұмтылады себебі ол аз шығынымен жоғары сапалы өнім энергетикалық шығынды аз жұмсауға мүмкіндік береді. Шикізатты оның құрамындағы пайдалы құрам бөліктерін жоғарылату мақсатында дайындау прроцесін балқыту деп атайды. Қатты шикізатты балқыту алдында кристалдар мен минерал агрегаттардың арасындағы байланысты бұзу мақсатында оны майдалайды.