Жұмсалу коэффициенті деп – дайын өнім бірлігін (1 т немесе 1 кг) алуға жұмсалған шикі зат жылу, электр энергиясы және да басқа да материалдардың мөлшерін айтады. Бұл көрсеткішті өлшемсіз шамамен көрсетеді.
Мысал: 1 тонна өнімге – 1,5 тонна шикізат, 1 кг өнімге – 5 кв сағат.
Материалдық баланс деп – технологиялық операцияға түскен заттар (кіріс) және алынған заттардың (шығыс) массасының қарым-қатынасын көрсететін көрсеткіш. Бұл бухгалтерлік есеп үшін қажет екен.
Аппараттар жұмысының өнімділігі – түзілген өнім мөлшерлерінің немесе қайта өндірілген шикі заттың () уақыт бірлігіне () қатынасын көрсететін көрсеткіш
П – апараттар жұмысының өнімділігі
Оптималды жұмыс жағдайындағы аппараттардың максималді мүмкін болатын өнімділігі оның қуаты деп аталады.
Аппараттың қуатын өсіру үшін оның көлемін арттыру керек. Аппараттың көлемі артқан сайын металдар мен конструкциялар материалдар өнімдері.
Жылу электр энергиясында жұмысшы күшіде үнемді жұмсалады.
Сондықтан экономикалық эффективтілік тұрғысынан өндіріске енгізілетін машиналар мен аппараттардың қуатын үздіксіз өсіру керек.
Мысалы: күкірт қышқылы және аммиак өндірісінде қолданылатын негізгі реакторлардың қуаты соңғы 20 жылда 30 есе артты. Бірақ аппараттардың көлемінің өсуі белгілі бір шекараға дейін ғана мүмкін. Одан асқан соң аппараттық аппарат күрделене бастайды және оны жұмыс істеуде қиындықтар туады.
Сондықтан аппарттың өнімділігін арттырудың эффективті жолы аппараттық жұмыстың интенсивтілігі болып табылады.
Аппараттың жұмыстық интенсивтілігі деп – осы аппараттардың өнімділігінің оның қандай да бір өлшеміне қатынасын айтады. Көп жағдайда интенсивті есептегенде өнімдер көлемне немесе апараттың кесінді ауданына бөледі.
Аппараттың интенсивтігін арттыру үшін 2 түрлі іс шаралар жасалады.
- Машина немесе аппараттың конструкциясы жетілдіріледі.
- Берілген аппараттағы технологиялық процесстер жетілдіріледі.
Аппараттардың жұмысының интенсивтігі процесстің жылдамдығына тура пропорционал, сондықтан технологиялық процесстер максималды жылдамдықта өтуі қажет.
Процесстер максимальді жылдамдықта өтуі үшін мынандай технологиялық факторларды қолдану қажет.
- Температураны өсіру.
- Қысымды арттыру.
- Әрекеттесуші заттар концентрациясын өсіру.
- Катализатор қолдану.
- Әрекеттесуші зат қоспалар араластыру.
Бірақ, кейбір процесстер жылдам жүру үшін керісінше t-ны төмендету, вакум қолдану және заттар концентрациясын азайту қажет. Сондықтан химиялық технологияда техникалық режимдер алуан түрлері қолданылады. қысым вакум жағдайын мыңдаған мега Паскальға дейін.
Жоғары t-мен қысымдарды қолдануды конструктуралық материалдардың шыдамдылығы анықтайды. Процесті жүргізуде энергия көп жұмсалса аппараттардың жұмыстардың интенсивтілігі төмендейді.