Химиялық және механикалық технология туралы түсінік

Химиялық заңдарды химия өнеркәсібінде кеңінен қолданады. Өндіріспен танысу химия ғылымының практикалык маңызын түсінуге көмектеседі.

Химия өнеркәсібі мемлекет экономикасының дамуына және адамдардың күн көріс деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді. Бұл саланың сыртқы саудаға қосар үлесі де ерекше.

Химиялың өнеркәсіптің ғылыми негізін химиялық технология деп атайды. «Технология» сөзі «шеберлік туралы ілім» дегенді білдіреді. Бірақ көп адамдар технологияны шикізатты өнімге айналдыруға мүмкіндік беретін өндірістік операциялардың жүйесі деп түсінеді. Кейбіреулер «технология» терминіне одан да кең мағына береді де, оны кез келген салада әсер етудің кезектесу алгоритмі деп түсіндіреді.

Химиялық технологияның мақсаты — еңбек ресурстарын шикізатты, энергияны және қаржыны мейлінше аз жұмсап адам мен қоршаған ортаға мейлінше аз зиян келтіруге тырыса отырып, мейлінше арзан өнім алу.

Қазіргі уакытта химиялык, технологияны біз шикізатты өнімге химиялык, өңдейтін процестерді басқару мәселелерін камтитын практикалық іс-әрекеттегі маңызды білім саласы деп түсінеміз.

Басқа анықтама бойынша -технология -табиғи шикізаттан өнеркәсіп өнімдерін және тұрмыстық заттарды өндіру жолдары мен процестері туралы ғылым.

Өндіріс деп – шикізаттан дайын өнім алуға дейінгі өнім алуға дейінгі барлық операциялық жиынтығын айтады.

Шикізат дайын өнімге дейін өңделетін машиналар аппараттардың жиынтығын технологиялық жүйе деп аталады. Осы машиналар мен аппараттарда жүретін операциялардың графикалық кескінделуі мен баяндалуын технологиялық схема деп атайды.

Әрбір аппаратта бірнеше процесс жүруі мүмкін. Мысалы: реактор деп аталатын химиялық аппараттарда бір мезгілде әр түрлі процестер гидравликалық, жылулық диффузиялық және химиялық процестер жүріп жатады. Технология механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Механикалық технология заттың құрамы қасиеттері мен ішкі құрылысының түбегейлік өзгеру процестерін зерттейді.

Химия өнеркәсібінің маңызы. Химия өнеркәсібі қазіргі қоғам өмірі үшін қажет мыңдаған өнімдер шығарады. Халық шаруашылығын химия өнеркәсібінсіз көзбен елестету мүмкін емес. Химиялық өнімдер ішінде жоғары молекулалық заттардың орны ерекше. Заманауи өнеркәсіп ауыл-шаруашылығы адам тұрмысында қазіргі уақытта 30000-нан астам резеңке өнімдері, 50000 пластмасса өнімдері қолданылады. Химиялық талшықтардан әртүрлі маталар жасайды. Жасанды тері табиғи терінің орнын ауыстыруда. Мұнай, газ, торф сияқты қазба отындарды химиялық өңдеу жоғары молекулалы заттардан басқа кокс, мотор жанар майлар, жанғыш газдар және әртүрлі органикалық заттар алуға мүмкіндік береді (бояу, лак, жарылғыш заттар т.б.). табиғи газдардан, көмірден химия зауыттарында аммиак және азот қышқылдарын алады. Ал олардан өз кезегінде минералды тыңайтқыштар мен әр түрлі синтетикалық заттар алынады. Химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылының маңызы ерекше. Оның көмегімен ерімейтін апатит пен фосфоритті суперфосфатқа айналады. Күкірт қышқылы тоқыма өнеркәсібінде де кең қолданылады

Химиялық технология араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жок. Табиғат бізге тек бастапкы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялык өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа кажетті тыңайткыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды өр түрлі заттарды алады. .

Химияның жөне химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылыктың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етеді. Химиялық технология және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне, халықтың әл-аукатының артуына ықпал етеді.

Химиялық технологиясыз ғылыми-техникалық прогресс болуы да мүмкін емес. Машина және аспап жасау сиякты өндіріс салаларына химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара және түсті металдарды, кұймаларды, ағашты, шыныны алмастыратын берік, ыстыкка тезімді, оптикалық мөлдір, электроқшаулағыш, жемірілмейтін, т.б. қасиеттері бар полимерлер сондай кажет.