Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар. Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң жақ және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды.
Жыландардың бір қатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі –бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек ғана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (Typhiopidae) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақтары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.
Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200-450) омыртқадан тұрады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелендеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.
Жақ аппаратының сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қант тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректерін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің кезектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.
Жыландардың қазіргі 2300-2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте –Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерлерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жануарды сескендіріп барып , тез шабул жасап, ұстайды. Бұған қосымша, улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Сарбас жылан тәрізділер (Calubridae) тұқымдарына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады. Көбірек тараған түрінде кәдімгі сарбас жылан (Natrix natrix) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылтр жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспаның жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасында салады.
Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (Ntessalata) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сұр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.
Полоздар (Coluber Elaphe) сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістеуге ұмтылады, өте қатты тістейді.
Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оңтүстігінде сұр кобра (Naja oxiana) деген түрі кездеседі. Денесі біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Көзілдірікті жыланның (Naja naja) мойының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны мекендейді.
Кәдімгі сұр жылан (Vipera berus ) біздің еліміздің Европалық бөлігінде және Сибирьде таралған . Түсі сұр қара жолақты , немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ол батпақты жерлерде кездеспейді. . Бұларды күндіз үйінділердің , ағаш түбірінің үстінен , таулы жерлердің күнгей жағынанкөруге болады , қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тұшқандармен тдала тышқандармен , сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен, және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп , ағаш тамырының мастында , терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар адамдар үшін аса қауіпті болмағанменкөп азап шегеті.
Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза (Vipera lebetina) кездеседі. Оңың ұзындығы 2 м болады. Олар ш өл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді . Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде , Африкада және Аравияда құм эфасы таралған . Оның ұзындығы 70 см болады. , түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауіпті. Қалқантұмсық – улы жылан , өзіне тән ерекшеліктері- құйрығы қысқа . Көзі мен танау тесігінің ортасында шұңқыры болады. Денесінің жалпы ұзындығы 75 см . Еділ өзенінің бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға , Оңтүстік Сибирге , Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закав казьеде де кездеседі.
Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да жатады.Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауыныңсебебі , олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардың болуына байланысты. Айбат шеккен кезде , құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауціпті улы жылан.