Өсімдіктер ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Алматы мемлекеттік қорығы — алып тұлғалы Алатау қойнауында орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясына Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орман алқаптары қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және Іле өзені жағасындағы Сарышаған менҚаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың жер көлемі 856,7 мың гектарға дейін жеткен еді. Қазыр Алматы қорығының территориясы 89,6 мың гектар.

Жер бедері мен ауа райы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдары мәңгі мұзбен қар басқан сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын әсем таукімді болса да қызықтырмай қоймайды. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен 1400 – 5017 м биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25мың гектарын тасты құздар алып жатыр. Топырағына эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып тұрады. Оның үстіне қорық территориясына “ән салатын” құмды таулар кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан көрінісінің ұштасуы ғажап-ақ. Шөлды аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Қорық территориясы кіші-гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер – Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м, тереңдігі 0,5-1 метірдей болып, ағысы қатты келеді.Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларын да су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40-50 сантиметрге дейін жетеді. Ара-тұра тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты селге айналатын жағдайлар да кездеседі.

Өсімдіктері. Алматы қорығының бір артықшылығы – тау беткейлерінде орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ “әнші тау” төңірегін қамтиды. Орманды-дала белдеуі қорық жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері – алма, өрік, долана, көктерек, тал.

Бұталар мен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат ұшырасады. Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпайды,ойдым-ойдым болып өзен аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен,жабайы алма бағы 1700м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек өссе өрік сол биіктікте таудың күнгей беткейін ала орналасқан.Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157гектардай.Алматы қорығындағы шырша орманның көлемі 5,3мың гектардай болады.Шырша орманының су режимі бір қалыпты сақтауда топырақтың құрылымын жақсартуда. Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық –көксамай шөптер өседі.Таудың салқынсамлды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып,жақсы өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы,қозы бұлақ, тянь-шянь қоңырбас, аюбалдырған, тағы басқа

балауса шөптер көктемде қаулап шығып,тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады.Алматы қорығының шырша орманының жоғарғы жағын субальпі белдеуі алып жатыр.Белдеу теңіз деңгейінен 2600-3000м биіктікте орналсқан. Бұған тән өсімдік –биіктігі 0,5-1,0м болып өсетін арша.Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700 жылға дейін жасайды.Алыстан қарағанда, тау беткейінде тұтаса өскен аршалар жайып қойған жасмыл кілем түріндей әсер қалдырады. Субальпі арша тоғайының тау топырағын бекітуге және онда мекендейтін хайуанаттардың тіршілігі үшін маңызы зор.Альпі белдеуі 3000-3600м биіктікте орналасқан,одан әрі қар мен мәңгімұзорын тебеді.Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеен түрлері кездеседі.Олардың бастылары-долана,итмұрын жемістері және кәдімгі киіктоты,тасшөп.Осындай адам денсаулығына қажетті шикі зат беретін өсімдіктер қорын, олардың биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті. Көрікті де әсем Алатаудың қыраттары теріскей бетте аласара келіп Іле өзенінің жағасындағы шөлді жазира даламен ұласады.Осы өзеннің оң жағалауында қорықтың шөлді аймағы орналасқан.Оның жер бедері сай-саламен жырымдалып, негізінен жазық болып келеді.Шөлді өңір құмды-“Әнші тау” төңірегін алып жатыр.Ол-сексеуіл өскен құмды төбелер.Онда шөлге тән сораң, бұйырғын және жусан өседі.

Жануарлар дүниесі. Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеуінің ала-құлағы,осған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан-жануарлар турлерінің кең таралуына әсерін тигізеді.Мұнда құстардың 200-ден аса,ал сүт қоректілердің 40-тай түрі тіршілік етедщі.Қорықтың шырша орманында самырсын құсы,шырша торғайы,шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысықторғай, қара шымшық, бұлбұл, маубас жапалақ,қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа құстар тіршілік етеді.Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшарасады.Бұл-сушыл қара қоңыр торғай еді.Ол,негізінен,. Ағыны қатты таудан аққан өзендер бойын мекендейді.Тіршілікгінің бәрі сумен байланысты. Негі қорегі су насекомдары және олардың личинкалары болып табылады.Күні бойы дамыл таппай су түбінде жүзуіде осыдан.Көктемде барлығы бірлесе жұптасып, өз территорияларын жақсы қарғайды. Ерте көбеді. Мартта бұлар ұя сала бастайды.Осы кезде қоразы көп сайрап, “күй салатынын” өткізеді.Сушыл қара ұясын судағы тастар қуысына немесе өзен жарқабағына салады. Салған ұялары өте әсем болады. Ұясын шар тәрізді етіп,бүйірінен есік шығарып, сондай ғажап жасайды.3-6 жұмыртқа салып балапан басады.Қыс айларында да қорегін су түбінен табады.

Су түбінде бір минуттай болады және күніне жалпы ұзындығы 3-4 шақырымдай жол жүреді.Қыстың 25-30градус суығына қарамай, мұз астында қорек іздеуге бұл құстар жақсы бейімделген.Өзен аңғарындағы жабайы алма ағашында ұшып-қонып әсем құс- мысықторғай немесе сарғалдақ жүр. Әсіресе, оның көктемгі көрінісі сұлуақ. Қоразының түсі айқын сары болып, тек қанаттары сарғыштау дақ араласқан қара келеді. Көбею кезінде мекиендерінің арқасы, басы мен мойны жасыл сары реңді болады. Олар көбінесе жапырақты орманды ұнатады. Қорық территориясында жабайы алма,өрік және көктерек өскен тау беткейлерін, өзен бойындамекендейді.Т ауға 1500-1700м, кейде 1900-2000м биіктікте дейін көтерілетін құс.Мысыторғай қараторғайдан сәл үлкенрек. Оның ән салғандағы үні алыстан естіледі.Бір нәрседен сезіктенген кезде мысықтың ми яулағандай дыбыс шығарады.Балапандары қорек сұрағанда “ки-ки-ки” деп дауыстап,ауыздарын ашады.Сарғалдақ торғайлар ұясын қайың,тал, алма ағаштарының бұтақтарына аспалы тор сияқты іліп қояды.Осында көктемде 3-5 жұмыртқа салып, балапан шығарады.Балапандарын тәрбиелеуге, еркек-ұрғашысы бірдей жұмылады.Мысықторғай орман мен бақ ағаштарына зиян келтіретін насекомдармен қоректеніп, біраз пайда келтіреді.Қар шымшық та ағаш бұтағына қонып, “и-хи-хи-хи”тәрізді үн шығарып шырылдайды.Бұл құс жапырақты, қылқан жапырақты, қылқан жапырақты ормандарда кездеседі.Әдетте суға жақын өскен бұталы тоғайды мекендеуді ұнатады.

Іле Алатауында 600-2600м биіктікте тіршілік етеді.

Жаз айларында жауын,құрты,қоңыздар,молюскалармен,ал күз бен қыс айларында долана,итмұрын, ұшқат,арша жемістерімен қоректенеді.Қара шымшық та орман үшін пайдалы құс, сондай-ақ оның кейбір бұталы ағаштардың жемісін бір жерден екінші жерге тартуға септігі бар.Бұл құс та ұясын ағаш бұтағына ағаш қуысына салады.Онда 3-7 жұмыртқа салып, көбейеді.Қыс айларында қара шымшықты тау етектерінен,тіпті Іле өзені бойындағы торғайлардан да көруге болады.

Құр ағаштың арасына жасырынып тіршілік етеді.Әдетте құр Тянь-Шянь тауларында шырша мен арша өскен белдеуді паналайды.Тіршілігінің көбін жерде өткізеді,тек қыста қорегін ағаш бұталарынан теріп жейді.Қорықтағы тау жоталарында көктемнің алғашқы белгісі сезіле басталысымен-ақ құр тобына ерекше қимыл, абыржу пайда болды. Қыстай тобымен жүрген олар енді бөліне бастайды.Апрельдің аяғы –майдың басында құрдың қоразыдары шырша бұтағынада отырып, судың бүлкілдеп аққанындай дыбыс шығарады.Бұл оладың “күй салтанаты” көп ұзамай басталады деген хабар.Оны өткізу үшін қораздары көбіне орман ішіндегі ашық алаңды таңдап алады. Оған 10-15-тей құс жиналып өздерінің “күй салтанатын” өткізеді.Таң бозара бастасымен-ақ алаңға ең алдымен ересек қорздары жиналы.Қораздары қанатын сүйреп,құйрығын-қанатын үрпитіп, ерекше қимылдарын жасап, алаңның орталық бөлігін иемденіп алу үшін бір-бірмен шайқасады.Бұл кезде бір жас пен екі жас аралығындағы құрлар алаңның шет жағын айналшықтап жүреді.

Олар “күй салтанатына” ересектерінен кейін қатысады.Қорздарының салған әніне егіліп,мекиендері де осы жерге келеді.Олардың алдымен осы шайқаста жеңіп шыққан күшті қораздары иемденеді,солармен шағылсады.Ересек мекиендері осылай ертерек шағылсып ,ұя сау қамына кіріседі.Олар ұяға 16-ға дейін ғана жұмыртқалайды.Қорық территориясында құр біркелкі тарағанмен,коры әлі көбейе қойған жоқ.

Іле Алатауы қойнауындағы шырша орманын мекен еткен құстың бірі-самырсын құсы.Ол-ұзақтан сәл кішірек,ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызыл келген құс .Ағаштың басына шығып отыруды ұнатады.Ұя басар кезде қалың орман ішіне кетіп, адам көзіне түспеуге тырысады.Қорықтың қылқан жапырақтары орманында самырсын құсы көктем мен жазда шырша зиян кестері: сүен, бізтұмсық қоңыздары қоректеніп пайдасын тигізеді.

Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы.

1922-1923 ж Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д. Н. Қашкаров , М. А. Попов, Е.П Коровин , Н.А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағвсының жоғарғы жағында зертетеу жұмыстарын жүргізді .Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне , өсімдктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь – Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналдырды .Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай Өзіне тән артықшылықтары бар : мұнда тек осы өңірге тән , әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Табиғаты сондай әсем ,сәулетті және үлгі боларлықтай қорық екендігін ашты. Сонымен 1926 жылдың 14шілдесінде Ақсу- Жабағылы мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Тянь –Шаньның лдандшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу.Бұл қорық Қазақстанның тұңғыш қорығы болып саналады.

Таулы алқапта 30 мың гектар жері бар табиғат қорғау жөніндегі бұл жаңа мекемені құруда Б.П.Тризнаның еңбегін айрықша атауға болады .Ол табиғат байлықтарын қорғауда зор жұмыстар атқарды.

Жер бедері мен ауа райы. Ақсу- жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік –батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Шымкент облысының Түлкібас, Ленгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі поллеонтологиялық бөлік кіреді: бірі Қарабастауда, жер көлемі 126гектардай, екіншісі- Әулие, Жер кәлемі 100 гектардай Екеуі де Алғабас ауданы территориясында. Қорықтың негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар. Оның 20616 гектары Ленгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Нево – Николаевка ауыланда орналасқан.

Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. Талас Алатауының оңтүстік беткейі Өгем, Піскем, Шатқал тау жоталарына бөлініп, батысқа және оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Талас Алатауының солтүстік жағы Шоқпақ Майдантал асулары арқылы арқылы Қаратаумен жалғасып кетеді.

Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы , Алатау, Балдыбірек және басқа да біраз тау жоталары кетеді . Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысөа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейіне 2915 м. Алатаудікі-4012 м, Өгем жотасынікі –4072 м биіктікте . Таудың беткейлері көьінесе тік келеді . Тау беткейлеріне тән қасиет –онда орман ағаштары жоқ . Тек кейбір бөліктерінде ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады. Көбіне тау қойнаулары тастақ келеді. Судың жуып шаюынан өзендер бойында терең . беткейлері тік аңғарлар кездеседі .

Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер , Топшақ пен Майданталдан басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады . Қорықтағы ең ірі өзен Ақсу . Ұзындығы 120 км, ені 10 , кей жерлерде 20 м, суының тереңдігі жарты метрдей , суы тасыған кезде 2 метрге дейін жететін ағыны қатты тау өзені болып саналады. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық -ақ: мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүт ақ бурыл болады, бұл өзеннің аты да осыған байланысты қойылған болуы керек. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа :суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болады. Өзендер басын мәңгі мұзбен қардан алады. Сондықтан да сәуір және май айларында екі рет тасиды . Әсіресе жазда тасығанда өзендер кейде арнасынан шығып , жолынағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады .

Ақсу – Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы шақырым болатын иірімдер пайда болады. Мәселен: мұндай көлдерге Қызылжар, Айнакөл, Қызөлген жатады .

Қорық жерінде бұлақтар да бар . Бірақ көбісі күзге қарай құрғап қалады. Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады .

Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін палеозойлық әк тасты тау жыныстарынан құрылған . Гранит пен сиенит жыныстары аз кездеседі. Олардың әк тасымен араласқан жерінде мрамор пайда болады Таудың 1800 м биіктігіне дейін әк тастың бетін бор және үштік дәуірлеріне тән құмтастар, балшық, слонец жыныстары басқан. Мәселен слонецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа пластинкалардан тұрады. Сондықтан да кейде оны қағазды слонецтер деп те атайды. Олардың түсі ақшыл сұр кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден қатқанға дейін Қаратау бассейнінің етегінде жұмсақ лай, тұнба күйінде қалған. Кейіннен қатқан бұл тұнбалар өз беттерінде осы жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардың таңбаларын сақтап қалған Бұл жерде 60- тан астам өсімдік түрлері табылған .

Мұнда пайдалы қазбалар да мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көп. Қорықта ауа райы өте құбылиалы. Қысы суық, кейде қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын- шашын тапшы келеді Тәуліктік ауа температурасы да өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір күндерінде өте суық болады. Орташа жылдық температура тау етегінде -7,6 градусқа тең; қаңтар айынды орташа температура -4,9 градус болса. Шілдеде ол +21,6 градусқа жетеді. Көбіне көктемде бұ жер жауын -шашанды болып келеді. Жалпы алғанда ауа райы басқа жоталарға қарағанда ылғалды.

Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа райы өзгеріп отырады. Таудың биік щыңдарында күшті желдер де болып тұрады .Тау етектерінде қар 4-5 ай жатады, кей жерлерде қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Март айында бұл -өңірде ауа райы күрт өзгереді, қар еріп , күн жыли бастайды. Бәйшешектер гүлдеп, қара ала торғайлар келіп , тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар жауып , суық болып кететін жағдайлар көктемде көктемде байқалады. Бұл жағдай ерте ұшып келген құстардың тіршілік етуін қиындатып жібереді.

Таудың белдеуінде қыс 6-7 айға дейін созылады. Қар қалың түседі, көбіне тау жоталарының теріскей беті қарлы келеді де, күнгей жағы қарсыз болып, онда тіршілік ететін елік, арқар, таутеке сияқты хайуанаттардың қыстап шығуына қолайлы жағдайлар тудырады.

Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің әр алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты құзды келетін белдеуінде (3000-4000м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды дала белдеуі (1200-2000 и) қызыл қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.

Ақсу- жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктік 61, қынаның 58-ден астам , жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.

Қорық территориясы түгелімен дерлік ьиіктігі 12000- 4200метрге дейін таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті , далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болыды .Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қиақ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1200-1250м биіктік аралығынан ұшырастырамыз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан — талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін қарқас, мойыл бақтарын көрсек, ойда аздап шеттеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. Ал, алтай доланасы мен регель алмұрты тек 10-20 түптей ғана (Қармышева, 1973).

Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобығының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады (Кармышева, 1973).

Ақсу- Жабағылы қорығында өсімдік түрлерінің көп екендігін төменде келтірілген мәліметтер айқын байытады және бұл мәліметтерден өсімдік тұқымдастарының арақатынасын да жақсы айыруға юолады.

Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны-69 (түр саны-216), бұршақ тұқымдастар –14 (131), астық тұқымдастар-41 (122), ерінді гүлділер -24 (70), шатырша гүлділер -34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны -24 (түр саны-68), қалампыр тұқымдастар -15 (60), лалагүл тұқымдастар- 11(56), сарғалдақ тұқымдастар -18 (49), сабынкөк тұқымдастар -12(48), айлық тұқымдастар -21 (40), айқыш гүлділер -21(39). Ал басқа бірқатар өсімдіктердің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана.

Қара арша. Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700-2400 м биіктікте көбіне тау қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы қиын жерлердегі аршалы орман 200-350 жылдай жасаған. Мұндағы аршаның биіктігі 13метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден көріп, тамашалауға болады.

Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай жерді алып жатыр. Аршаның бұл түрі Ақсу өзенінен солтүстікке қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып тұрған бұл арша Аршалысайда, Талдыбұлақта, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады . Сауыр аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200гектардай. Оны Үлкен жене Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700-1900м биіктіктен көреміз, Балдыбірек пен Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарында да өскен , Ақсу өзенін көмкеретін қыраттардың күнгей беткейлерінде кездеседі. Балғын аршасы қорықь жерінде субальпі белдеуіне тән тұтасып өседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп- өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды. Жалпы алғанда

Ақсу — Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша — аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік.

Ақсу- Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Өзен бойындағы бұл тоғайлардың да су режимін реттеуде маңызы зор.Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфмр майлы, жеміс беретін өсімдіктер көп. Тамаша жемшөптік өсімдіктер- жабайы тянь- шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, т.б. айтпай кетуге болмайды. Тіпті піскен жуасын жеуге пайдаланып қоймай, сонымен қатар онымен өкпе туберкулезі мен сарып ауруын да емдейді. Сондай-ақ тауға әр түрлі реңді сән беретін қызғалтақ гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді.

Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауарайының құбылмалы болып келуі жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын терреиториясында Европа, Солтүстік Африка, Англия және Орта Азияның әр түрлі ландшафтарында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Міне осылай бір жерде шығу тектері әр түрлі аңдар мен құстардың шоғырлануы – Батыс Тянь-Шань тауы хайуанаттарының тарихы күрделі және өзінше ерекше екендігін көрсетеді.

Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Насекомдардың да алуан түрлері осы төңіректе қоныстанған.

Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Кекілік көбіне орманды-дала, субальпі белдеулерінде қоныстанған, қыс айларында таудың төменгі етегіне қарай қоныс аударып отырады. Ақсу-Жабағылы қорығында мекендейтін құстар туралы әңгімелегенде үнді қара ала торғайына (майна) тоқталмай кетуге болмайды. Ол негізінен Индия, Бирма, Пакистан, Ауғанстанда мекендейтін құс. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Ауғанстаннан бұл қара ала торғай әуелі Амудария өзені бойына, одан кейін Сырдария жағалауына дейін қоңысын кейтті. Қазірде Самарқанд, Ташкент маңында көптеп кездеседі. Осы маңнан Қазақстан территориясына еніп отыр. Бірінші рет қорық территориясында бұл құс 1962 жылы байқалған. Соңғы жылдары үнді қара торғайы Оңтүстік Қазақстанда өзінің таралу аймағын одан әрі кеңейтіп келеді. 1962 жылы бұл сәнді құс тіпті Алматыға жерсіндірілді. Қала төңірегінде ол өзінің мекендейтін қоныстарын жылдан-жылға үлкейтіп келеді.

Ақсу-Жабағылы қорығының, әсіресе, кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерді қорғауда рөлі зор. Бұлар-арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа, барыс, мәлін, тас сусары, ақкіс, түлкі, борсық, ұзын құйрықты суыр және мензбир суыры. Сонда таудың күнгей беткейіне жайылып шығып, көктемде қорыққа оралады. Сол кезде арқардың біразы бракьонерлердің оңай олжасы да болады. Рас, бұл тұяқты аңның аздаған бөлігі Жабағылы өзенінің оң жағалауындағы қыста қары аз болатын тау беткейінтебіндепшығады. Арқарға қарағанда қорық жері таутекенің мекенднеуіне қолайлы.

Тау-тасты, тік жарлы, құзды өңірде тіршілік етуге бейімделген ол таудың ең қиын учаскелерінен азық тауып жей алады. Жаздың ыстық күндерінде тастар көлеңкесінде тынығады. Таңертеңгілік және кешкілік мезгілде оның үйір-үйір болып тау адырларында жайылып жатқанын жиі көруге болады. Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары жүргізген есебі бойынша, бұл тау ешкісінің қоры үш мыңдай болып отыр.

Арша орманының негізгі тұрғындарының бірі – елік. Ол Жабағылы өзенінің бойында көбірек кездеседі. Сондай-ақ, бұл бағалы хайуанаттың саны тек қорық территориясында ғана емес, сонымен қатар онымен көршілес тау жоталарында да өсіп келеді. 1962-1963 жылдары қорықтың аршалы тоғайында 200-дей елік мекендейді деп саналса, қазірде оның саны 2-3 есе өсіп отыр.

Ертеректе Батыс Тянь-Шаньда әсем мүйізді маралдар мекендеген. Бірақ, кейіннен браконерлік әсерінен олар жойылыпкеткен болатын. Бұрынғы қоныстарын игеру мақсатымен 1952 жылдан бері қорықта марал өсіріле бастады. Олар жаңа қонысқа жақсы бейімделіп, жылдан-жылға көбейіп отыр. Көбіне арша, жабайы алма өсетін және жапырақты орманды жерлерде мекендейді. Маралдар жазда субальпі белдеуінде, қыста тоғайлы жерде тіршілік етеді. Қорықтағы бұталы өзендер жағасында жабайы шошқаларда кездеседі. Бірақ қоры онша көп емес. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласын. Негізінен ормандарда тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау беткейлерін мекендей береді. Бұлар мұнда өздеріне қолайлы қонысты құздар арасындағы тас қуыстарынан және аршалы ормандардан табады. Осы жерлерден ол алыс сапарға шығып тұрады. Көктемде тау жоталарынан қызғалдақ жуашығын қазса, жазда сонау биіктегі қарлы белдеуге жақын жүреді де, онда өсетін кейбір өсімдіктерді қорек етеді.

Жаз айларындағы бұл аюдың сүйсіне жейтін азығы – рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан насекомдарды да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер де болады. Қоры жеріндегі аю саны едәуір. Мұнда 730 шаршы километр өңірде 50-60 аюдан келуі бұған дәлел. әсіресе, Ақсу өзені бойында көбірек көзге шалынады. Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Қорықшалар аю үңгірлерін 2000-2400 м биіктікте кездестіріп жүр. Басқа жыртқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты, терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақта көзге түсіп қалады.