Қазақстанның улы өсімдіктері

Көктемнің алғашқы күні нұры төге бастасымен-ақ айналадағы бар табиғат қымтанған қысқы тыныштықтан босап шығып, біртіндеп ояна бастайды.

Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады. Алғашқы адамдардың өзі өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін біле бастаған. Себебі, табиғатпен жекпе-жекке шыққан алғашқы адамның көзіне алғаш көрінген өсімдік. Бір өсімдік жеуге жараса, екіншісі жарамайды, ал үшінші біреулері уландырып өлтіріп жібереді. Осылай көп жыл бойы өмірін құрбандыққа шалу арқылы адам улы өсімдіктерді өз пайдасына жұмсауды үйрене берді.

Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында,гүлінде және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Бір түрде у гүлдеу кезінде көп жиналса, басқаларыда гүлдегенге дейін немесе жемісі піскенн кезде молайады. Кептірілген өсімдіктерден гөрі жас, жаңа жұлынған өсімдіктер қауіптілеу. Кептірілген өсімдік жас кезіндегіге қарағанда улылығын әжептеуір жоғалтады. Бірақ кейбір өсімдіктерді кептіргеннің өзінде улылығы баяу тарайды. Мұндай өсімдік кепкеннен кейінде қауіпті.

Өсімдіктің улылығы құрамындағы әртүрлі химиялық заттарға байланысты. Ол заттар алкоголойдтар, гликозиттер, органикалық қышқылдар жатады. Алкоголойдтар өсімдікте тұз түрінде кездеседі. Гликозиттер құрамында қант, аглркон болады. Бұл заттар негізінен жүрекке әсер етеді. Сондай — ақ гликозиттерде су мен қосылып сабын көпіршігі сияқты көпіршігі сияқты көпіршік жасайтын сапонин, ауыжды уылдыратын илік заттар, ауыздағы дәм жүйкелерін қоздыратын ащы заттар да болады. Органикалық қышқылдардан Өсімдік құрамында синиль, қымыздық филик, т . б .қышқылдар бар. Кейде улы қасиеті өте күшті сүт шырындары және шайыр сияқты әлі толық зертелмеген күрделі қосылыстар да табылады.

Улы өсімдіктер мен уланып қалу негізінде оны пайдалы және зиянсыз өсімдіктерден айыра алмаудан шығады. Жеуге жарамды өсімдік орнына шатастырып улы өсімдіктің тамырын жеп уланып қалған оқиғалар кездесіп тұрады. Улы өсімдіктерді өздігінен емделуге немесе балгерлердің айтуымен пайдаланып бақытсыздық жағдайға ұшырайтында бар. Бадам, лало, көкнәр сияқты кейбір өсімдіктердің ауамен бөліп шығаратын заттары да адамғаулы әсер етеді.

Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып кетуінебайланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар (лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі (борец). Бұл туысқа жататын түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі түрлерінң тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді. Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.

Бәрпінің латынша аты аконит. Ертедегі Грециядағы Геркаль қаласындағы кеме тоқтайтын айлақтың атымен қойылыпты. Ол жерде ашық әдемі гүлді өсімдіктер өскен көрінеді. Улылық қасиетіне байланысты орыстар бәрпіні қасқыр өлімі (вольчя смерт), қасқыр тамыр (волчий корень), темір дулыға (железный шлем), улы патша (царь – зелье) деп те атайды. Ал қазақта халы қ арасында бәрпіні “уқорғасын” дейді. Оның мәні өлім әкелетін мылтықтың қорғасын оғына теңегені болса керек.

Бәрпіні түйнегі, тұқымдары арқылы көбйтуге болады. Жер аты түйнегін күзде бөліп алып бірден өсіретін жерге отырғызады. Бұл әдіспен көктемде көбейту көбіне жақсы нәтиже бермейді. Жаңадан жиналған тұқымдарын жартылай көлеңкелеген жерге себу керек. Өркендерінің биіктігі 100 – 150 сантиметрге жетеді. Жапырақтары ірі бес бөлімді, немесе бес тілімді, пішіні көбіне қаздың табанына ұқсайды. Бұл суыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік, қандай топырақ болсада өсе береді. Тек суы аса көп топырақта өсе алмайды. Әсемдік мақсатында жалғызданда топтанда өсіруге болады.

Медицинада бәрпі шипалық өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Бәрпінің түйнегінде 0,18-3 процент жер үсті бөлімінде 0,2 процент алколойдтар бар. Бұл алколойдтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа — құрамында меллйкаконлтин бар аконитин жатады. Бұл улылығы өте күшті топ. Екінші – улылығы одан әлсіздеу — атизиндер алколойдтары. Барлық улы түрлеріндегі негізгі алколойд аконитин заты. Бәрпінің кейбір түрлері балшырынды өсі мдік ретінде пайлалы (С. Г. Минков, 1974.) бұл мақсатта ақезу бәрпі (борец белоустный) деген түрі қолданылады. Бұл биіктігі 70 — 200 сантиметірге жететін көп жылдық өсімдік. Гүлі қара көк күлтесінің ішкі жағы ақ. Орталық Қазақстанда, Алтайда, Тянь – Шянь тауларындағы ориандарда, оман алаңдарында өседі. Гүлдеріне бал жинаған аралар жаздың ыстық кезінде келеді, қалған жағдайда олардың уланып, өліп қалатыны бай қалады. Өсімдіктің барлық бөлі мі улы десекте, тозаңы мен балшырыны барлық кезде улы болмайды.

Жоңғар бәрпісі (Борец джунгарский). Бұл түрді кейде “Ыстықкөл тамыры” (Исиккульскийкорень) деп те атайды. Тарбағатай Қырғыз Алатауының ормандарындағы биік өсетін шөптер мен биік тау жайылымдарында және бұталардың арасында өседі. Іле Алатауында Алматы қаласының айналасында көп кездеседі. Бұл ұзындығы 60 – 100 сантиметрге жететін сымбатты өсімдік. Саусақ тілімді жапырағының сырты жалтыр. Ұзынды ғы 20 сантиметрге жететін жіңішке цилиндір тәрізді гүлшоғырына диаметірі 3,5 – 4 см жеке ірі гүлдері бар. Топыраққа терең кетпей, көлбеуорналасқан тамыр сабақтарында ірі конус тәрізді түйнектері бекиді. Өсімді ктің барлық бөлігі улы. Қолдан тамыры тұқымы арқылы оңай көбейтуге болады. Көшеті 2 – 3 жылдан кейін гүлдейді. “Қызыл кітабына енген”

Қаракөл бәрпісі (борец каракольский) Бұл түр Шығыс Тянь-Шяньда, Солтүстік-Шығыс Тянь – Шянь мен Жоңғар Алатауының орман және биік тау орман шалғындарында кездеседі. Мұның жоңғар бәрпісінен айырмашылығы онша көп емес. Жапырақтары жіңішке тілімді және жоңғар бәрпісіне қарағанда ұсақтау көп гүлі бар. Тамыры және тұқымдары арқылы қолдан оңай көбейтуге болады. Бақтарда көп жылдық әсем гүлдермен бірге өсірсе әлгілермен жақсы үйлесім табады. “Қызыл кітабына енген”.

Талас бәрпісі (борес таласский). Одақтық “қызыл кітапқа” жазылған. Ол түрлерден айырмасы бар. Жапырақтары бес бөлімді. ОЛ бөлімдер жапырақ алақанының түбіне дейін тілімделу арқылы бір бірінен айырлады да, сына тәрізді үшкірленген, үшкірлеу тілімді жеке жапырашаларына бөлінеді. Гүлдері көгілдір түт\сті. Батыс Тянь – Шяньның аршалы жоталарында кездеседі. Өркеннің биіктігі 80 – 180 см жететін көп жылдық өсімдік Июнь – июль айларында гүлдейді.

Дәрі бәрпі (борец противоядный) . Бұл бәрпі туысының басқа түрлерінен биохимиялық жағынан ерекше түр. Ол қасиеті жағынан жоғарыда айтылған улы түрлерге қарама – қарсы. Бұл түрдің құрамында болатын алколойдтардың уланған адамдардың уын қайтаратын қасиеті бар, тіпті өз туысы жоңғар және қаракөл бәпісінен уланған жағдайда да адамның уын таратып жібереді. Табиғатта Тарбағатай және Жоңғар Алатауында, республиканың солтүстігінде, солтүстік шығысында және Алтайда кездеседі. Биіктігі 100см дейін жететін көп жылдық өсімдік. Сары гүлдерінің жасылдау жіңішке жолақтары бар. Жұп түйнектерінің пішіні жұмыртқа тәрізді немесе сопақша, ұзындығы 2-5, көлденеңі 1,5-2см жетеді. Түйнектері арқылы өсіргенде жаңа жерде жақсы өсіп кетеді, жыл сайын әдемі гүл береді. Тұқымы арқылы өсірсе 2-3 жылда гүлдейді.

Бәрпімен уланған адамның белгісі мынадай болады. Адам организміне бәрпі түскеннен кейін жүрегі айнып құсқысы келеді, іші ауырады. Жүрегі қыжылдайды, алдымен ерні мен тілі, одан соң аяқ қолы тырысып, сіңір тартылып қалады. Басы айналып ауырады, тынысы тарылады, адам әлсірейді, аузынан көбік ағып, көзі шарасынан шыға бастайды. Ақырында адам көруден, естуден қалып сандырақтайды да өледі.

Бәрпімен уланған адамға қандай көмек көрсетуге болады? Уланудың алғашқы белгісі білінісімен немесе организмге уланудың кеткені анық белгілі болса бірден дәрігер шақырып адамның өзі жақын емханаға баруы керек. Уланған адамға дәрігердің келуін алғашқы көмек беру әсресе, дәрігер алыс болған жағдайда өте қажет. Организмдегі уды шығару үшін адамның құсқысы келе бастағанда оған бірнеше стакан жылы суға тұз қосып ішкізіп, құсуын жалғастырады. Іштегі удың қанға тарап кетпеуі үшін 250 грамм суға немесе 0,5 литр сүтке 2-3 жұмыртқа белогын араластырып береді. Ол іштегі уды қоршап алып, оның еріп қарынның басқа бөлігіне және қанға таралуын баяулатады. Бұдан 20-30 минут өткен соң қайтадан әлгі әдіспен құстыруға тырысады. Үйдегі ауаны таза ұстаған жөн. Ең негізгі уланбас үшін улы өсімдіктен пайдалы өсімдікті айыра білу керек.