Мақтаның жабайы туыстары Европадан басқа континенттің бәрінде өседі.
Әсіресе Америкада көп кездеседі. Қазіргі Иран, Ауғанстан мемлекеттері және Тәжікістан,Мақтаның жабайы туыстары Европадан басқа континенттің бәрінде өседі. Әсіресе Америкада көп кездеседі. Қазіргі Иран, Ауғанстан мемлекеттері және Тәжікістан, Түркменстан, Өзбекстан республикалары орналасқан Орта Азия жерінде ағаш тектес мақта емес, шөптесін мақта өсіріледі. Ал ағаш тектес мақта Үндістанда өскен, ол – көп жылдық өсімдік. Ол Орта Азияның ауа райына төзбейді. Мақта 1929 жылдан бастап көп егіле бастады. 1932 жылы мақтаны сырттан әкелу 7 процентке дейін қысқарды. Ал, 1935 жылы Совет Одағы мақтаның өнімі жағынан Құрама Штаттарды, Аргентинаны, тіпті Үндістанды да басып өзды. Бұл көрсеткіш қазір де солай. Бізді бір гектар жерден орта есеппен 21-25 центнер шитті мақта алынады. Ал Америкада гектарынан 13,2, Египетте – 14,4, Индияда – 4,5 центнерден ғана жиналады.
Бізде әсіресе көбірек тараған мақтаның отаны – Мексика. Мексикалық мақтаның ерекшелігі – тез піседі, суыққа төзімді және талшықты көп береді. Екінші орында перуан мақтасы. Мұның талшығы сапалы, бірақ жылуды көп қажет етеді және кеш піседі. Мақтаның саусақ тәріздес тілімді жапырағы күнбағыстың гүлісияқты күн ауған жаққа қарай бұрылып тұрады. Ал ірі қоңырау тәрізді гүлі бір күн бойы ғана гүлдейді. Бір қызығы гүл таңертең ашылады да, ол кезде ашық сары түсті болады. Түстен кейін ол гүл қызара бастайды да, кешкісін бұрісіп жабылып қалады.келесі күні ертеңгісін күлтелері көк түске боялады ды түсіп қалады. Мақтаның жеке бұтақтары әр мезгілде гүлдейді. Алдымен төменгі жағында сабаққа жақын орналасқан бұтақтың үш гүлі ашылады. Одан кейін төртінші, бесінші гүлдер ашылып, осы ретпен кете береді. Сөйтіп, мақта өсімдігі гүлдегеннен кейін конусқа ұксап қалады. Бірінші конусы – үш гүл, екінші конуста – алты гүл, үшінші конуста – тоғыз гүл болады.
Күзде мақтаның қорабы төрт жақтау болып ашылады да, одантұқымды қоршап жатқан әппақ мақта талшықтары ашылады. Мақтаның тұқымының сыртына шыққан талшық емес, олар – түктер.
Мақтадан алуан түрлі маталарды айтпағанда автомобиль дөңгелегі де, пластмасса, фотопленка, қағаз, метал лагі жасалады. Мақта тұқымында 20-27 процентке дейін май бар. Мақта майының өзі пайдаланылады және одан сабын, машина майы, маргарин, глицерин, стеарин жасалды, тұқымы қабығынан этил спирті, метил спирті, лимон қышқылыжәне сірке қышқылы алынады. Бір тонна шитті мақтадан7200 метр мата, 54 мың дана орам жіп, 360 килограмм таза мақта түбіті, 110 кг май, 16 кг сабын жасап алуға болады. Бір тонна шитті мақтаны өңдегеннен кейін 180 кг қабық, 260 кг күнжара қалады. Оның құрамында 40 пройент белок бар, ол – аса бағалы мал азығы.
Қоза және оның маңызы
Қоза талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға болады. Бұл топқа сонымен қатар кендір, коньатник, құлқайыр сияқты басқаҚоза Қоза Қоза талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға болады. Бұл топқа сонымен қатар кендір, коньатник, құлқайыр сияқты басқа да өсімдіктер жатады.Талшықты өсімдіктер арасында қозаның алатын орны ерекше. Ол жіп иіретін бүкіл шикізаттың 70-75 пайызын береді.
Қозаның шитті талшығы – шитті мақта осы өсімдіктің беретін негізгі шикізаты болып табылады. Шитті мақтаны мақта тазартатын заводтарда шитінен ажырататын алғашқы өңдеу кезінде мақта талшығы, линт, мақта ұлпасы, шит бүршігі бірте-бірте бөлініп алынады. Шитті мақтада 30-40 пайыз талшық және 60-70 пайыз шит болады, ал шитте 22-29 пайыз мақта майы мен шит бүршігі болады. Шитті мақта- халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсібі, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшін қажетті шикізат.
Шитті мақтадан және қозаның вегетациялық өсіп-жетілу барысындағы бөлігінен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта- мата кездемелері, жіптер, жасанды жібек және тері, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тұрмыстық тұтыну қағаздары мен картондар, тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау дәрі-дәрмектері, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар және басқалар.
1 килограмм мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, тігін машина жібінің 40-тан 140-қа дейінгі орамасын алуға болады.
1 килограмм шиттен 170 грамм май, 400 грамм күнжара, 300 грамм шит қабығын, 30 грамм линт алуға болады. Ал, линттен пластмасса, кино және фото пленкалары, лак және басқа өнімдер жасалады.
1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 килограмм құрылыс тақталарын, 28 килограмм көмір қышқылын, 20 килограмм сірке қышқылын береді.
Қозаның құрылысы және өсіп-жетілуі Басқа да ауыл шаруашылық өсімдіктері сияқты қозаның да өсу және даму процесі барысында оның тамыры, сабағы, бұтақтары,
Басқа да ауыл шаруашылық өсімдіктері сияқты қозаның да өсу және даму процесі барысында оның тамыры, сабағы, бұтақтары, жапырақтары, гүлдері пайда болып, қалыптасып өседі. Оның гүлдерінен өнім беретін көсектер өсіп жетіледі. Мұндай көсек қауашақтарының ішінде ұлпалы шит болады.
Қоза сабағының түп тамыры. Ол негізгі сабақтан және жан-жағына өсіп шығатын бұтақтардан тұрады. Түп тамырдың негізгі сабағы шиттің сортына және оның өсіп-өну жағдайларына байланысты қалыптасады. Ол сабақтың диаметрі 1,0 — 1,5 сантиметр болады.
20-25 сантиметр тереңдікте сабақ тамырының диаметрі 2-3 миллиметрге дейін жіңішкереді.
Жер бетінен 4-6 сантиметр және одан да көбірек тереңдікте негізгі сабақтың бойында алғашқы кезектегі жанама тамырлар пайда болады.
Алғашқы кезектегі жанама тамырлардан одан неғұрлым жіңішке екінші кезектегі жанама тамырлар тарайды, ал олардан бұдан әлдеқайда жіңішке үшінші кезектегі тамырлар тарайды. Сөйтіп, тамыр жүйесінің жан-жаққа тарамданып өсуі қалыңдай түседі.
Тарамдалған жас тамырлар өте нәзік келеді, олардың түсі ақ болады және өте ұсақ талшық тамырлар таратады. Бұл ұсақ тамырлар топырақтан суда еріген минералдық қоректік заттарды сорып алады. Сондықтан да оларды белсенді әрекет тамырлары деп атайды.
Ал, қатайып кеткен тамырларды өткізгіш тамырлар деп атайды. Олар белсенді әрекет тамырлары қабылдаған қоректік заттар мен суды тамырдың сабағы өткізеді. Одан әр ол қоректік заттар сабаққа жетеді, сөйтіп бірте-бірте бұтақтар мен жапырақтарға жайылады. Жапырақтарға сіңген қоректік заттар органикалық заттарға ауадан келіп түсетін көмір қышқылымен бірге қайта өңделеді.
Түп тамырдың өзекті сабағы вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің аяғына қарай топыраққа 1,9-2,0 метрге дейін тереңдікке түседі.
Түп тамырдың өзекті сабағынан жан-жаққа топырақтың жоғарғы қабаттарына жанама тамырлар өсіп таралады.
Түп тамырдың өзекті сабағынан жан-жаққа таралатын алғашқы тамырлары өскін жер бетіне көрінгеннен кейін 5-6 күннен соң пайда болады. Бұл кезде өзекті сабақтың биіктігі шамамен 12-15 сантиметрге дейін жетеді.
Топырақтың тұзданып сортаңдануы қозаның тамыр жүйесінің дамуына келеңсіз ықпал етеді.
Өсімдіктің негізгі сабағы. Қозаның негізгі түп тамырының жоғарғы бөлігі тамыр деңгейінің үстіңгі жағына қарай қозаның негізгі сабағына айналады.
Қозаның негізгі сабағының биіктігі суармалы егіншілік жағдайында оның сортына және өсіп-өну жағдайларына байланысты болады. Әдетте оның биіктігі 70-80 сантиметрден 120-140 сантиметрге дейін жетеді.
Бұтақтар мен бұтақ жаю. Қозаның негізгі бұтағындағы жапырақтар шығатын қуыстарда бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктерден бұтақтар тарайды.
Қозаның бұтақтары екі түрлі болады — өсу бұтағы, яғни моноподиялы және өнім бұтағы, яғни симподиялы.
Өсу бұтақтары негізгі бұтақтың төменгі бөлігінде өседі. Ал өнім беретін бұтақтар осы өсу бұтақтарынан жоғары бірінен соң бірі негізгі бұтақтың барлық келесі жапырақтарының қуыстарында пайда болады.
Өсу бұтақтары әдетте өнім беретін бұтақтардан қуаттырақ келеді және негізгі бұтақтан сүйір бұрыш жасап жоғары қарай өседі.
Өнім беретін бұтақтар өсу бұтақтарынан өзінің пайда болу тәсілі жағынан да, құрылысы жағынанда түбірімен өзгеше келеді.
Өнім беретін бұтақтар негізгі бұтақтан өсу бұтағына қарағанда неғұрлым сүйір емес бұрыш жасап жан-жаққа қарай өседі.
Өмін беретін бұтақтар аралық топтарының ұзындығы төрт түрлі топқа бөлінеді:
І түрі – қысқарған аралық топтары бар;
ІІ түрі – орташа аралық топтары бар;
ІІІ түрі – алшақ аралық топтары бар;
ІV түрі — өте алғаш аралық топтары бар.
Аралық топтар неғұрлым алшақ болған сайын оның бұтақтары да соғұрлым ұзын және кең, жайыла өскен бұтаққа айналады.
Жапырақтар. Қозаның жапырағы жапырақ пластинкасынан, сабағынан және осы сабақтың түбіндегі екі жанама жапырақтан тұрады. Қозаның жапырақ пластинкасының ауқымы өсімдіктің түрлеріне, сорттарына және өсіп-өну жағдайларына қарай әртүрлі болады. Атап айтқанда 4 шаршы сантиметрден 40 шаршы сантиметрге дейін жетуі мүмкін.
Қозаның барлық түрлерінің жапырақтарында азды-көпті дәрежеде ұсақ түктер болады. Жапырақ пластинкасының үстіңгі беті жылтыр, жалаңаш болады.
Практикалық тұрғыдан алып қарағанда өте маңызды белгі деп қоза жапырағының неғұрлым көп болатындығын айту керек. Мұның өзі барлық жапырақтың үстіңгі бетінің қосынды жиынтығымен өлшенеді.
Жапырақтардың өнім беретін көсектерге көлеңкені көп түсіруі оның күзге қарай пісіп-жетілуі мен ашылуын баяулатады.
Осы жапырақтарда фотосинтез процесі үздіксіз жүріп тұрады. Жапырақтың хлоропластарында хлорофил пигменттері болады.
Гүл. Қоза гүлінің негізінде оны бұтаққа жалғастырып бекітіп тұратын гүл сабағы болады.
Гүлдің ішкі жағында аталық ұсақ тозаңдары мол кішкентай бағана болады. Аталық тозаңдар өте қысқа жіңішке талшықтары бар тозаңдар жинақталған тетіктен тұрады. Оларда ұрықтық тозаңдар ұрықтық дән сияқты дамып өседі.
Қоза гүліндегі өсімдік аналығы әдетте 3-4 немесе 5-ке дейін ұялық түйін салады. Түйіннің әр ұясында әдетте 8-10 ұрықтық бүршік болады. Олардан тозаңдандыру процесі аяқталғаннан кейін тұқымдық ұрық өсіп жетіледі. Сөйтіп тозаңдану процесі аяқталғаннан кейін әлгі түйін өсе келе өнім беретін көсекке айналады.
Қоза балды жақсы беретін өсімдік. Суармалы жердегі қозаның әр гектарынан 300-350 килограмм нектар алуға болады.
Гүл өзі жарылып шыққанға дейін түйіршек бүршік (бутон) деп аталады. Гүлдердің ашылуы алғашқы тораптар бойынша жоғары қарай бұтақтан бұтаққа көтеріле түсуі әдетте әрбір 2-3 күнде болып жатады.
Қозаның әр гүлі бір күн бойы ғана сақталады. Таңертең ашылған гүл кешке қарай сола бастайды. Гүл ашылғаннан кейін көп ұзамай тозаң жинақталған тетік жарылады да шаң-тозаңдар толық ұша бастайды.
Көсек. Қозаның өнімі көсек түрінде өсіп жетіледі және ол әбден піскеннен кейін қауашақ болып ашылады. Көсекті бұтақта ұстап тұратын сабақ қозаның түрлері мен сорттарының көпшілігінде орта есеппен 3-4 сантиметр болады. Қозаның әр түрінің көсектері өзінің көлемі, диаметрі және шитті мақтаның салмағы жағынан бір-бірінен өзгеше болады. Көсектің ішкі жағы бірнеше қалта арқылы бірнеше ұяға бөлінеді. Ал сыртқы жағы біртұтас жарма қауашақ қалақшалармен жабылады. Көсектегі ұялардың саны түйіндегі ұялардың сандарына сәйкес келеді.
Көсектің ашылу деңгейі алуан түрлі болып келеді. Көсектің дамып, өсіп-жетілуі қоза гүл жарған күні пайда болған түйіннің ұрықтық бүршігі ұрықтанған кезінен басталады. Бүкіл осы кезең орта есеппен 50-60 күнге созылады.
Көсектің ашылуына ауа райының жағдайлары мен қатар өсімдікті суару, оған тыңайтқыштар беру, оның қатараралығын баптау, жегенелеу сияқты басқа да агротехникалық факторлар ықпал етеді.
Суық ұрған немесе дефолиацияланған жағдайда әлі пісіп жетілмеген көсектер тез қурайды және белгілі бір дәрежеде ашылады.
Шит. Толық қалыптасқан және пісіп жетілген шиттің сыртқы түрі жұмыртқаға ұқсас. Шит өзі пайда болған ұрық пен оны қоршап тұратын екі қабаттан – ішкі жұқа қабықтан және дәннің қабығы деп аталатын тығыз қабаттан тұрады.
Сыртқы қабықтың үстіңгі жағында талшық пен шиттің ұсақ ұлпасы өсіп жетіледі. Ал, қозаның кейбір түрлерінде шиттің сыртқы қабығында тек талшықтар ғана өседі. Сондықтан да қозаның кейбір түрлерінде тұқымдық шит оның сыртқы талшығын алғаннан кейін тек ұсақ бүршіктің ішінде ғана қалады.
Шит дәнінің үлкендігі қозаның тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, түрлері мен сорттарына қарай, сондай-ақ өсімдіктің өсіп-жетілу жағдайларына байланысты болады.
Өте маңызды бір белгі тұқымдық шиттің салмағы болып саналады. Ал, әрбір 1000 шиттің осындай салмағы 95 граммнан 160 грамм аралығында болады.
Шиттегі ядро деп те аталатын ұрық екі дән жарнағынан, жоғарғы бөліктегі өсу бүршігінен, дән жарнағы астындағы тіреуіш тізеден және ұрықтық түбіршектен тұрады.
Шиттің құрамындағы майдың мөлшері оның салмағының орташа алғандағы 20-25 пайызына тең. Шит неғұрлым пісіп жетілген сайын ондағы майдың мөлшері де арта түседі.
Талшық. Талшық шиттің қабығының сыртқы бөлігіндегі клеткалардан өсіп шығып дамиды. Әр талшық күшті өсіп шыққан бір клетка болып табылады. Талшықтың өсіп дамуы шиттің өсіп дамуы мен қатар жүреді. Сондықтанда талшықтың өсіп жетілу кезеңі басталғанынан (гүл пайда болған күннен) бастап және оның әбден пісіп жетілгеніне дейінгі аралық орта есеппен алғанда 50-60 күн болады.
Талшықтың пісіп жетілу барысы екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңнің барысында әр талшық ұзарып өседі және өзінің толық ұзындығына жетеді. Мұның өзі пісіп жетілудің нақты жағдайларына байланысты қозаның әрбір сортына өзінше тән болып келеді.
Екінгі кезеңнің барысында талшық неғұрлым жуандай түседі. Талшықтың жуандауы оның ішкі қабатындағы өсіп-жетілу барысында пайда болады. Талшықтың өсіп-жетілуінің екінші кезеңі аяқталғаннан кейін ол шитпен және тұтас алғанда бүкіл көсекпен бірге дегдіп, кебе бастайды.
Талшықтың өсіп-жетілуінің әртүрлі дәрежеде болуы оның мықтылығына және басқада қасиеттеріне ықпалын тигізеді.
Талшықтың ұзындығы 5-6 миллиметрден 55-60 миллиметрге жетеді.
Әр түп қозаның жалпы өсіп-жетілу барысы. Қоза шит себілген күннен бастап әбден пісіп жетілгенге дейін дамудың бес түрлі кезеңінен өтеді: 1) шиттің өніп шығуы ; 2) өскіндегі жапырақтаң пайда болуы; 3) қозаның түйнектеуі; 4) гүлдеуі, 5) пісіп жетілуі немесе көсектердің ашылуы.