Қазақстан биоресурстары табиғи ресурстарға өте бай. Себебі ол кең байтақ дала және түрлі географиялық аймақтарға бөлінгендігі. Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Табиғи байлықтардың ішіндегі ең бай биоресурстар болып табылады..
Биоресурстар дегеніміз — биологиялық тірі жанды заттар қорын айиамыз.
Оларды екі топқа бөлеміз:
1.Жануарлар ресурстары.
2.Өсімдіктер ресурстары (микроорганизмдер).
Өсімдіктер биоресурстары ежелден адамзат игілігіне пайдаланып келеді. Өсімдіктер ресурстарының көпшілігін ормандарды құрайды.
Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді:
1.Судан және желден қорғаушы ормандар. Бұлар өзен, көл, авто, темір жол бойларында егіледі. Бұл ормандарды біз өндірісте пайдаланбаймыз.
2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты тіктеу үшін отырғызылатын ормандар. Бұл ормандар шектелген түрде пайдаланылады.
3.Бұл ормандар көп аудандарды кездеседі. Оларды өндірісте және ағаш материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз.
Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен маңызға ие. Олар медицинада биологиялық белсенді заттар жасауда кең пайдаланады.Өсімдіктер ресурстарының тағы бір пайдасы ауыл шаруашылығы өсімдіктер есептелді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен адамзат өздеріне қажетті киім кешек, азық түлік жасауда кең пайдаланады. Біздің Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 570 түрі өседі. Төменгі сатыдағылардың 500 ге жуығы өседі.
Жануарлар дүниесі туралы түсінік.Жануарлар дүниесі тарихи өзгерістермен пайда болған өз ареалына ие болған жануарлар түрлері жиынтығы болып есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, жасау ортасымен түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар классификациясынан басқа бір түрге кіргенмен олардың таралуына қарап та оларды бірнеше топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік).
Қазақстанда жануарлар ресурстарын пайдалануына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар.
Жабайы жануарлардың біздің елімізде аңдардың 150, құстардың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекнділердің 12, балықтардың 8 түрі бар. Биоресурстарда ежелден келе жатқан түрі аңшылық болып есептеледі.
Аңшылық жануарлардың терісі, еті үшін ауланады. Қазақстанда кеңес өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, терісі бағалы аңдар болса, соның ішінде суырдың 40%-і ауланады.Орта Азия мемлекеттерінде ауланған аң түрлері дүние жүзі бойынша алғашқы орында тұрады. Қазіргі күндері «жұмсақ алтын» деген ат қойылып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет өнімдерін жетістіруде тұяқты аңдарды кең пайдаланады. Кеңес үкіметі кезеңінде олардың саны 6 -7 млн болса, қазіргі уақытқа 500 -600 мың шамасында қалып отыр.
1970 жылы тұяқты аңдар есебінен жылына 6,5 мың тонна ет дайындаған. Қазақстанда балықшылықта өркендеген кәсіптің бірі болып есептеледі. Балық кәсібі Балқаш, Каспий теңіздерінде өндіреді. Одан басқа да 11мыңға жуық кішігірім өзендер,7000 жуық көлдерде бар. Қазақстанда жылына 490 мың центнер балық өндіріледі.