Биология концепциясының дамуы.
Биология — бұл тірі табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы. Жер бетінде өмір сүрген жіне қазіргі кезде өмір сүріп жатқан тірі организмдер, олардың құрылысы және функциялары, пайда болуы, таралуы, дамуы, бір – бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биология тірі организмдерге сәйкес келетін жалпы және жеке заңдылықтарды белгілейді.(зат алмасу, көбею, өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, өсу, тітіркену … т.б.) Алғашқы Алғашқы тірі табиғатты жүйеге келтіруге ат салысқан ежелгі грек дәрігері Гипократ пен Гален және ежелгі грек философы Аристотель болған. Қазіргі биология пәні – ондаған ғасырлар бойы дамудың нәтижесі. Тірі организмдердің сырын танып білуге деген адамның талпынысы өте ерте заманда ақ дамыған. Алайда бұлар жөніндегі жүйелі білімдер тек ертедегі алғашқы өркениетті қоғамдардың дамуы кезінде қалыптаса бастады. Биология – тірі организмдердің құрылысы, қызметі және өзара байланысын зерттейтін барлық ғылымдарды қамтитын жалпы термин. Биологиялық ой пікір тоқтаусыз дамып келе жатыр, яғни тірі табиғаттың негізгі қасиеті қасиетті тоқтаусыз дәлелдеумен сипатталады. Қазіргі кезеңде биология тірі табиғатты зерттейтін көптеген комплексті ғылымдарды біріктірген. Сонымен, биология дегеніміз – тірі табиғат жайлы ғылымдар жиынтығы. Олардың зерттейтін пәні тірі организмдердің пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, құрылысы мен өмір сүру формаларын танып білу арқылы олардың түрлері мен тұқымдарын адам мүдесіне сәйкес өзгерту және қорғау.
Биологияның даму құрылысы.
Қазіргі биология толып жатқан салалары бар. Оның құрылысын түрліше белгілері бойынша түрліше классификациялауға болады.
А) зерттеу пәніне қарай вирусология, бактериология, ботаника, зоология, антропология болып бөлінеді.
Ә) Қасиеттеріне, тіршілік көріністеріне қарай морфология, физиология, молекулалық биология, генетика, экология болып бөлінеді.
Б) Зерттелетін тірі обьектілердің құрылым деңгейіне қарай анатомия,гистология, цитология, болып бөлінеді.
Биологиялық ғылымдардың бұл көп салалығы тірі дүниенің аса көп түрлілігіне байланысты. Биологтар қазіргі кезде жануарлардың 1 млн-нан астам түрін, өсімдіктердің 0,5 млн – дай түрін, бактериялардың 3 мыңнан астам түрін анықтаған. Әлі де анықталмаған 1 млн — дай түрі бар деп есептейді. Барлық биологиялық ғылымдар системасы үшін басты негізгі категория болып табылатын тірі, тіршілік деген ұғым органикалық дүниені одан әрі жан – жақты танып білуде шешуші роль атқарады. Қазіргі заманғы биология тіршілікті анықтағанда тірі организмдердің негізгі мәнді белгілерінің бәрін атап көрсетуге тырысады.
“Биосфера” деген терминді тұңғыш рет 1875 жылы австралиялық геолог Э.Зюсс пайдаланған болатын. Биосфера деп барлық тірі организмдердің тіршілік ортасымен бірге алғандағы жиынтығын түсінеді. Алғашында биологтар биосфера деп біздің планетамызда тіршілік ететін организмдердің жиынтығын ғана түсініп келді. Биосфераның басты екі құрамдас бөлігі — тірі организмдер және олардың тіршілік ортасы бар екендігі және олар біртұтас динамикалық система құратын органикалық бірлікте, үздіксіз өзара әрекеттестікте болатыны кейіннен анықталды. Биосфера – бірнеше кіші системалардан тұратын глобальдық ірі системаны білдіретін кең ұғым. Сөйтіп, барлық тірі организмдер мен экосистемалардың жиыны биосфера деп аталатын ең ірі системаны құрады. Биосфера туралы ілімді ғылымда жан – жақты зерттеушілердің бірі көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол өзінің зерттеулерінде бүкіл тірілердің өмір сүру барысында жиналған өнімнің бәрін жатқызды. Биосфера жайлы оның принциптері жайлы сөз қозғағанда Вернадский ең алдымен тірі организмнің тіршілігін және оның қызметін анықтап алды. Биосфераның дамуы тірі организмдермен сыртқы ортаның қарым – қатынасының тереңдей түсу жолымен жүреді. Эволюцияның барысында тірі мен өлінің өзара әрекеттесуі және өзара тәуелділігі нығая түседі, сөйтіп біртіндеп бүкіл планеталық интеграциялық процесс іске асады. Бұл интеграцияны В.И. Вернадский биосфераның ішкі мәні деп санады.
Адамның тарихи дамуының биологиясы.
Адам, қоғам табиғатпен айырғысыз байланысты, өйткені олар табиғаттан тыс және оның ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат – тірі табиғаттың дамуының жалғасы. Табиғат адам мен жалпы қоғамның табиғи тіршілік негізі болып табылады.
Егер адам өз тіршілігі үшін қажетті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде табатын болса, онда өндірісті дамытуға оның ынтасы да болмайтыны, соның салдарынан оның адамдық қабілеттері де дамымай қалатындығы белгілі. Табиғаттың адамға тигізетін әсерін адамның табиғаттан тәуелділігін мойындай отырып бірақ сонымен бірге оны асыра дәріптеуге де болмайтынын ескерткен жөн.