Жаратылыстану ғылымдарына Птоломей, Евклид, Гипократ, Аристотельдің қосқан үлестері.
Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық – ғылыми төңкерістің басты қорытындысы – б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентрлік жүйесі туралы дәйекті ілімнің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.
ХVІ – XVIIғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялардың нәтижесінде және одан кейінгі уақытта да даму үстінде болған жаратылыстану, қоғамтану және техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған жаңа заман ғылымы ХVIII — ғасырда аяқталды.
Біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай келген Аристотель – Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперниктің, Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан (төңкерісінен) басталды.
Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді.
Галилей инерция заңы мен салыстырмалықтың механикалық принципін ашады. Инерция заңын ашу арқылы Аристотельдің бірқалыпты қозғалысты жасау үшін тұрақты сыртқы күштің керектілігі туралы көп ғасырлар бойындағы қате пікірі жойылды.
Тек Ньютон ғана алғаш рет барлық жер және аспан денелерінің бірыңғай механикасын олардың бәріне ортақ динамика, әсер және қарсы әсер, сонымен бірге өзара тартылыс заңдарымен қоса жасады.
Ғылыми төңкерістер
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде әлем құрылысы туралы ғылымда маңызды жаңалықтар ашылып, олар тарихта жаратылыстанудағы жаңа революциялар (төңкерістер) кезеңіне әкелді.
ХХ ғасыр ортасынан бастап адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты: жаратылыстанудағы, математикадағы және табиғат, техника мен қоғам туралы фундаментальдық ғылымдардағы ең жоғарғы инженерлік жетістіктерді қолдану нәтижесінде әлемдік ғылыми – техникалық білімдерде өте тез және терең өзгерістерге әкелген ғылыми – техникалық революция (төңкеріс) кезеңі басталды.
Қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, жаңа уақыт ғылымы және ХХ ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді.
Ғылымның тууы шын мәнінде б.з.д. VII — VI ғасырларда Ежелгі Грецияда басталды. Бұл ғылым натурфилософия (латынның natura — табиғат) деп аталады, ал сол кездің данышпандары әрі философ, әрі ғалым болды. Мұнда бірінші ғылыми мекемелер: Платонның академиясы, Аристотелдің лицейі, Александриялық мұражай пайда болды.
Античтік атомизмнің негізін құрушылардың бірі ерте заманғы ұлы данышпандардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) барлық дүние тек бос кеңістік пен атомдардан тұрады деп тұжырым жасады.