Қазақстан «Қызыл кітабына» кірітілген құстар түрі

Қазақстанда мекендеуші 500-ге жуық құстар бар. Соның ішінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген құстар да бар.

Бұйра және қызғылт бірқазандар – бір туысқа жататын бұл екі түр бір-біріне өте ұқсас, еліміздің су қоймаларында тіршілік етеді. Бұл ірі ақшыл құссалмағы 13 кг, ерекше үлкен, ұзындығы 45 см-ге жететін тұмсығы бар, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері қапшықтан тұрады. Қанатын созғанда 3 м-ге дейін жетеді.Олар өте жақсы ұшады.

Бірақазан балықтармен қоректенеді. 2-6, кейде 2-4 жұмыртқа жұмыртқалап, оны екеуі біргелікте басып шығарады. Бірқазандар адамның тікелей қуғынғы ұышарытуынан, соңғы жылдары саны азайып кетті. Екі түр де қатаң қорғауды қажет етеді және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Дегелек немесе ақ ләйлек – биіктігі бір метрдей, аяқтарының ұшы қара, тұмсығы мен аяқтары қызыл, өзі ақ құс. Әуелде Оңтүстік Қазақстандағы сазды жерлерде кең таралған болатын. Қазір су жағдайының өзгеруіне және таяз сулар мен шалшықтардың жоқ болуына байланысты, тіптен азайып кетті. Тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінен кездестіруге болады. Ұясында 3-6 күңгірт ақ жұмыртқасы болады.

Қоқиқаз немесе қызылқаз — өте әдемі және ерекше құс: биіктігі адам бойындай (1,5 метр даралары белгілі), бірақ салмағы небары 4 кг, ұзын мойны мен ұзын аяқтары болады. Қауырсындары қызғылт түсті, ал қанаттарын жайғанда, қанатының қара ұштары мен оның қызыл жабындары көрінеді. Ұшып бара жатқан құс лапылдап жанып бара жатқандай, сондықтан латынша «flamma» яғни «от» деген атқа ие болған.

Олар Каспийдің оңтүстік жағалауын қоныстайды. Өте сирек кездесетін құс ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.