Құстар дара жынысты жануарлар және олардың арасынан гермафродитизм байқалмаған. барлық құстар тек жұмыртқа салушылар және оларда тірі жұмыртқа туатын әрі тірі туатын түрлері жоқ. Аталықтарында кішкене келген жұп тұқым безі болады, олар күйойнақ кезінде 1000 есеге дейін үлкейеді. тұқым жолының алғашқы бөлімі мезанефростың қалдығы (тұқым безінің қосалқысы) болп табылады, ал тұқым жолының өзі – Вольф өзегі тек бір ғана қызмет атқарады, яғни аталық жыныс өнімдерін өткізеді. Клоакаға кірер алдында тұқым жолы аздап кеңейіп, тұқым көпіршігін түзейді, ол жерде пісіп-жетілген сперматозоидтар жиналады. Көптеген құстарда пенис (аталық жыныс мүшесі) болмайды, ал шағылысу бір-бірінің клоакаларын түйістіру арқылы жүреді. Бірақ құстар, тинаму, қазтәрізділер және басқаларында клоаканың үстіңгі бүртігі бар нағыз шағылысу қосалқысы болады және оларда шағылысу аналығының клоакасына аталығының пенисінің кіруі арқылы жүзеге асады. Тұқым көпіршіктері клоакаға зәр шығару саңылауынан сәл алшақ орналасқан жыныс саңылауы арқылы ашылады.
Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы. Жұмыртқа ақуыздан (белок), сарыуыздан және қатты қабықтан тұрады. Қатты қабық көмірқышқыл тұздары мен фосфорлы қышқыл известтен және жіпшелер түрінде жұмыртқа тірегін түзейтін органикалық заттан қалыптасады. Жұмыртқа бетінде өте майда тесіктер болады, олар қатты қабықты тесіп өтетін өзекшелерге барады. Жаңа шыққан жұмыртқаны жауып жататын мұндай беттік жарғақты қатты қабық үсті қабықша деп атайды, ол ауа өткізеді, бірақ микробтар енуіне кедергі келтіреді. Қатты қабық астында қос қабатты қабық орналасады, бұлардың арасында жұмыртқаның доғал ұшында ауа камерасы (қуысы) болады. Сарыуызды қоршап жатқан белок өзінің құрамы бойынша біртекті емес, әсіресе сарыуыз айналасында тығыз және осы тығыз белоктан жұмыртқаның полюстеріне қарай аяқбаутәрізді түзінді -халаза созылып жатады, ол сарыуызды жұмыртқаның орта деңгейінде ұстап тұрады. Сарыуызда өзінің құрылысы жағынан біртекті емес және одан сары және ақ сарыуызды қабаттарын ажыратуға болады. Қоқиқаз немесе бірқазандар сияқты су құстарының жұмыртқаларының қатты қабығы кеуекті известь қабатпен қапталған (ылғалдылыққа және су тиюге бейімдеушілік).