ActivInspire-интерактивті тақтаны қолданудың компьютерлік бағдарламасы. Ол білім беру саласында кеңінен қолданылып жүрген оқыту құралы. Бағдарлама бес түрлі кәсіби қосымшамен жұмыс істей алады.Олар: авторлық әзірлеме, математика, мультимедиа, тақтамен жұмыс және тілдер. Осы қосымшаларға сәйкес әртүрлі құралдардың түрлері қолданылады.
Біздің қарастырғалы отырған математика қосымшасында электронды циркуль, сызғыш, транспортир құралдары қолданылады. Осы құралдармен жұмыс әдістемесін қысқаша қарастырайық. Әр құралдың үш түрлі режимі бар[1]. Олар:
Режим атауы | Режимнің сызықтық белгісі |
Құралды бұру
|
|
Құралдың орнын ауыстыру
|
|
Құралдың өлшемін өзгерту
|
Сонымен қатар әр құралда файлдық режим орналасқан. Онда әртүрлі командалармен қатар жабу командасы енгізілген, ол құралдың флипчарт бетінен жабылуына көмектеседі.
Циркуль инструментін қолданып, шеңбер сызуды қарастырайық [2, 59-бет]: Ол үшін алдымен циркульді флипчарт терзесіне орналастырамыз.
Циркульді бұру арқылы оны қалыпты жағдайға келтіреміз.
Қарындаштың бас жағына екі рет тышқанмен шерту арқылы шеңбердің ортасын таңдаймыз.
Енді қылқаламды алып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қылқаламды шеңбердің ортасын айналдыра жылжыта отырып шеңбердің суретін саламыз.
Сызғыш құралын қолданып, кез-келген бұрыштың суретін салып, оған жазу орналастырайық. Ол үшін сызғыш құралын құралдар жиынынан флипчарт терезесіне орналастырып алайық. Циркульді қолданып, бұрыш доғасын салайық.
Енді сурет толық болуы үшін бұрышқа жазу енгізейік. Ол үшін Негізгі Мәзір қосымшасынан Қою және мәтін әмірлерін орындаық:
Флипчарт тезесінде қосымша жол пайда болғанын көреміз. Ол мәтін енгізуге арналған қажетті әмірлер қосымшалары.
Енді Таңбалар (Символдар)қосымшасынан грек алфавитінің әріптерінен α әріпін таңдаймыз.
Мәтін жолында әріптің көлемін өзгертіп жазамыз:
Транспортир мен сызғышты қатар қолдану арқылы өзімізге қажетті бұрышты сызып көрсетейік:
ол үшін транспортирдің сызғыш функциясын атқара алмайтынына көзімізді жеткізіп, қажетті түзу сызықтарды тек сызғыш пен қылқалам көмегімен орындаймыз.
Сызғығы флипчарт терезезесіне орналастырғанда, оның бойындағы бұрыш шамасының өзгеруін ескеріп, ол бұрыш алғашқыда 00 болуын қадағалау керек.