Құстардың қан айналу жүйесінің ерекшелігі

Қантасымалдау жүйесі. Омыртқалылардың ішінде алғашқы рет (крокодилдерді еске алмағанда құстарда 4 камералы жүрек пайда болады. Жүректің оң жақ жартысы венозды, сол жағы-артериальды. Қарыншалардан крокодилдердегідей екеу емес тек бір ғана аорта доғасы шығады, бұл функциональдық жағынан өте маңызды. Аорта доғасы, оттегіне қаныққан кан бар, сол қарыншадан шығып оңға орай бұрылады. Одан жұп атсыз артерия шығады. Оң және сол атсыз артериялардан үш жұп артерия басталады. Олар-оттегіне байыған қанды тұлғаның алдыңғы бөлімі мен басқа апаратын — көкірек, бұғанаасты және жалпы ұйқы артериялар. Құстардын алдыңғы аяқтарынан басқа бүкіл организмі арқа аортасынан шығатын қан тамырларымен артериялдық қанмен байланысады, олар аортаның оң доғасына (бауыр, бүйрек және т.т.)

Тұлғаның алдыңғы бөлімінен венозды қан әрқайсысы яремді (бұғалық), бұғанаасты және көкірек веналарынан қалыптасатын оң және сол жоғарғы қуыс веналары арқылы оң құлақшаға құйылады. Оң құлақшаға, сол сияқты, ең ірі венозды тамыр (артқы қуыс вена) келеді. Оған дененің артқы бөліміндегі барлық басқа веналар (өкпе веналарынан басқалары) келіп қосылады. Құстарда тек осыларға ғана тән құйымшақ-шажырқай венасы болады, ол рептилиялардағы құрсақ венасын алмастырады және бауыр қақпа венасына келеді, оған қарын және ішектен қан таситын бірнеше тамыр қосылады. Бауырда барлық омыртқалылардағыдай, қақпа жүйесі түзіледі. Бауырдан бауыр веналары шығып, артқы қуыс венасына келіп құйылады. Құстарда бүйрек қақпа жүйесі біртіндеп редукцияға ұшырайды және тек бұл органның төменгі бөлімінде ғана сақталады. Өкпе веналары өкпеден шығып сол құлақшаға барып, одан сол қарыншаға оттегіне қаныққан қан апарады.

Құстарға салыстырмалы түрде үлкен жүрек тән. Тез ұшатын және белсенді тіршілік ететін түрлердің жүрегі дене массасының 2%-н құрайды. Жүректің мөлшері салыстырмалы түрде майда түрлерде үлкендеу. Құстар үшін жүректің қарқынды қызметі, әсірісе майда түрлеріне тән. Егер жүрек лүпілі тыныштық кезінде минутына 60 рет соқса, ал ұшуда ол 100-ға дейін көтеріледі. Басқа көрсеткіштер: қан мөлшері, эритроциттер саны, оттегі сиымдылығы сүтқоректілердегідей, бірақ рептилияларға қарағанда біршама жоғары.