Құстардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі

Асқорыту жүйесі. Құстардың асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Көп жағдайда оның көлемі шамалы және ежелгі құстарда болған тістер қазіргілерде жоқ. Ауыз қуысында әдетте кішкентай тіл орналасқан, ол үшкір және мүйізденген. Тілдің пішіні мен атқаратын қызметі әртүрлі және қоректену әрі қорегін үстау сипатына байланысты, кейде ол етті болып келуі де мүмкін. Қысқа жұтқыншаққа Евстахий түтіктері мен жіңішке көмекей саңылауы ашылады. Өңештің ұзындығы әр түрдің мойнының ұзындығына байланысты және оның шамамен ортаңғы бөлімінде кеңейген жемсау орналасады. Жемсау етқоректі құстарға қарағанда дәнқоректілерде жақсы дамыған. Жемсау — тек қоректі уақытша сақтайтын резервуар емес, ол сонымен қатар қоректің химиялық өңделуінің басталатын жері болып саналады. Кептер жемсауының қабырғалары қоймалжың сүзбе тәрізді масса («құс сүті») бөліп шығаратыны дәлелденген, осымен олар балапандарын қоректендіреді.

Құстардың өңеші көп қабатты беттік эпителийге және ұзына бойы сілемейлі бездерге бай. Эпителийлі төсеніш 4-10 қабаттан (әупілдек) тұруы мүмкін, ал шағалалар мен су құзғындарында сілемейлі эпителий өте күшті, қалыңдығы 600 мкм-ға жететін қабат құрайды. Сирақтылар мен зымыранның төсемелі эпителийі призматикалық, ал көптеген балыққоректі құстардың өңешінде жалпақ, қабыршақты болып келеді. Балыққоректілердің көптеген эзофагельді бездері қарапайым альвеолярлы және сілемей бөледі. Көрсетілген бездердің мукоидты клеткалармен төселінген шығару өзектері болады.

Нағыз сілемейлі тақтайша диффузды және фолликулярлы лимфоидты ұлпаға бай. Бұлшық еті-ұзын жолақты және циркулярлы қабатты. Өңештің үшінші гастральды бөлігінің сыртынан сақиналы қабаттан жекеленген ұзын салалы бұлшық ет өрімдері пайда болады.

Көптеген насекомқоректі құстарда өте күшті дамыған эпителиальды төсеніш (30 қабаттан артық) болады, олар жалпақ клеткалардан тұрады (маубас пен көкектен басқаларында). Эзофагельді бездер балыққорееті құстардағыдай альвеолярлы типті, бірақ майда сұңқартектестерде. тауықтектестер мен тақтайтұмсықтыларда бұл бездердің шеткі бөлімдерінің құрылысында біршама вариациялар байқалады. Десе де бұл бездер дәнекер ұлпада біртұтас қабат болып жатады. Насекомқоректі құстардың әртүрлі отрядтарында шығару өзегі ұзын болуы да (сайрауықтектестер, қарлығаштар, боздақтар, жыртқыштар) немесе қысқа болуы (тентекқұстар, көкқарғалар, бәбісектер, сандуғаштар) мүмкін. Эзофагель бездердің секретінің табиғаты мукоидты (сілемейлі).