Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұщуға бейімделге түрі. Генеткиалық жағынан құстар рептилилерге ұқсас, оның прогрессивті бұтағы болып саналады
Құстардың рептилийлерден айырмашылығы:
- Құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, соған қарай түрлі жағдайларға бейімделе алады.
- Денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының ретінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан.
- Ауа кеңістігінде ұшу қабілеті, көпшілігінің қозғалу, не болмаса өрмелеу қабілетін жоймаған.
- Көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстар класы жастығына қарамастан жер шарында кеінен таралған.
Қазіргі кезде құстар 3 отрядқа топтасады, 8 мыңнан астам түрі бар, ал амфибияларының – 2800, рептилиялардың – 5500 түрі ғана тіршілік етеді. Морфологиялық жағынан денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің ішінле қуысы бар, ми сауытының шүйдесінде бұжыры бар, жүрегі 4 камералы, оның жанында бір ғана аорта барлығымен сипатталады.
Құстың дене құрылысы
Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері, тұмсық пішіні мен басы, мойынның ұзынды қысқалығы, қанаттары мен құйрығының пішіні – тіршілік жағдайының ортасына байланысты.
Бассүйектің созындысы ретінде мүйізбен қапталған құстың тұмсығы екі бөліктен тұрады: үстіңгі бөлігі — тұмсық үсті, астыңғы бөлігі — тұмсық асты деп аталады. Аяғы 4 бөліктен құралады: сан, сирақ, жіліншік және саусақтар.
Құстардың саусағы әр түрлі: 4,3 тіпті 2 саусақты (африкалық түйеқұс). Төрт саусақтың үшеуі ғана алға қарай, ал біреуі артқа бағытталған. Саусақтарының ұшында тырнақтары болады.
Құстардың терісі жұқа, сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Теріде без болмайды, тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған заттары қауырсындарын майлайды.сөйтіп оған су жұқпайды. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған.
Сүйекте туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Жоғары және төменгі жақтарының үсті азды көпті мүйізденген қапшықпен қапталған.
Құстың қанаттары орналасқан жерлеріне қарай бірнеше топқа бөледі.
- Екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындары – қақпа (маховые) қауырсындар дейді.
- Құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар деп атайды.
- Қанаттың үстін жауып жататын қауырсындары – қанат үсті жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп атайды.
Қалыпты қауырсындар астыңғы жағында ұсақ-мамық қауырсындары орналасады. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардың серіппелері тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшаларысабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды – нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында көп болады. Олардың негізгі қызметі – организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындарда кездеседі.
Құстардың бұлшық еттері олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Құстардың бұлшықеттері біршама жіктеліп барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді.
Екіншіден аяқтарын икемделген көлемді бұлшыет дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұшымен аяқтарға бекінген.
Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшықеттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінен екі жағына орналасады, әсіресе аяқ еттері. Төс сүйегінің қырына бекітілген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 %-не жетеді, бұғана саты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Құс бұтаққа келіп қонғанда тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарынан иіп тұратын сіңір созылады. Бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.