Қазіргі ғылым – техника прогрессі дәуірінде адамзаттың табиғатқа әсері артып баруы нәтижесінде, жаратылыстың өзара байланыстары бұзылуда. Соның үшін басқа биология пәндері қатарында экология пәнінің маңызы артуда.
Экология термині бірінші рет Э.Геккель 1866 ж. “Ососбая морфология организмов” деп аталған ғылыми еңбегінде қолданған. Ол экологияны организмдердің оны қоршаған сыртқы ортамен байланысы туралы пән ретінде сипаттаған.
Тірі организмдердің сыртқы ортаға байланысы кәдімгі замандарда мәлім болған. Сондай өсімдіктердің өмір сүру жағдайына байланысы туралы мәліметтер эрамызға дейінгі 372-278 ж Теофраст және эраның 23-79 жылдары үлкен плинийлер еңбектерінде келтірілген. Олар Азия, Африка, Еуропа өсімдіктерін өзара салыстырып, соң өсімдіктердің формалары, өсуі, ауа – райына, топырақ жағдайына байланысты екенін жазған. ХІІІ – ғасырда ұлы Альберт экологиялық мәселелерге тоқталып өсімдіктердің қысқы тыным дәуірінің себептерін олардың қоректенуі, топырақ жағдайларына байланысты екендігі туралы пікірлер айтқан. ХVІ – ХVІІІ ғасырларда ботаниктер Чезальпино Турнефор, Джон Рей, К.Линнейлер жұмыстарында экологияға тиісті көптеген мәліметтер кездеседі: ХІХ ғасырларда орыс ғалымдары С.В.Крашенников, И.Гмелин, П.С.Паллас, И.М.Лепехин, А.Г.Болотовтар түрлі экологиялық классификациялар жаратты.
ХІХ ғасырдың бастарында өсімдіктер географиясы пәні дүниеге келуде. А.Гулебольдтың қызметі үлкен болды. Ол “Идеи географий растений” (1807) еңбегінде сімдіктердің тарқалуында температураның маңызын көрсетеді.
Өсімдіктер географиясы саласында француз ғалымы О.П.Декандолдың жұмыстары өте маңызды. Ол “Очерк начальной географий растений” деп аталған кітабында жасау жайы, тұрар жайы түсініктеріне анықтық кіргізді. Сондай – ақ ол экология, аутэкология деген пәнге негіз салды. Оның баласы А.Декандоль “География растений” деп аталған кітабында температура, жарықтық, намдық, топырақ сияқты сыртқы орта факторларына негізделген классифкацияны баяндайды. Сондай етіп, А.Декандольды өсімдіктер экологиясы пәнінің негізін салушылардан бірі есептелінеді.
Ресейде өсімдіктер экологиясы пәнінің дамуында ботаник географияның негізін салушы А.Н.Бекетовтың жұмыстары маңызды роль ойнайды. Ол “География растений” деген кітабында өсімдіктердің сыртқы орта жиындысына әсеріне бейімделуі яғни биологиялық комплекс туралы түсінік береді. Ол ізденулер арқылы өсімдіктердің экологиялық – физиологиялық классификациясын ендірген. Ол сыртқы факторларға негізделіп, түрлердің экоогиялық таралуы туралы мәселені ортаға қояды.
Өткен ғасырдың соңдарына келіп, экология саласында екі бағыт дүниеге келді. 1895 ж Даниялық ғалым Е.Варминг “Plantesamfund” атты кітабында өсімдіктердің географиялық бағытын жалғастырып, экоогия мәселелеріне анықтама ендірді. Экологиялық географияны флоралық географиядан ажыратты. 1910 ж. Брюссельде ІІІ Халықаралық ботаниктер конгресінде экология ботаниканың дербес саласы деп хабарландырылды. Е.Варминг өсімдіктер экологиясының негізін салушы есептелінеді.
Ресейде іне тиісті бағытта дамыды. 1868 ж Н. Ф.Леваковский өсімдік тамырларының пішішіне сыртық ортаның әсері, К.А.Тимирязев фотосинтез процесінде сыртқы ортаның әсері туралы мәліметтер берген. Академик Б.А.Келлер өсімдіктерді үйренуде экологялық методтар баяндады.
Кейінірек экологиялық физиология саласында Л.А. Иванов жарықтың әсері, Н.А.Максимов құрғашылық және шыдамдылық әсері жұмыстарын дамытты. В.И.Сукачевтың классикалық еңбектерінде фитоценология, биогеоценологияда экоогиялық бағыттар дамыған.
Қазақстанда өсімдіктер экологиясы мәселелері жайлау өсімдікеріне әр түрлі сыртқы ортаның әсерлері үйретілген.
Республика экологиясының дамуында Н.О.Байтулин, байтенов қызметтері үлкен. Экологиялар кейбір факторларды, яғни температура, күн сәулесі, ылғалыдқтарды үйрену үшін белгілі әдістемелерден пайдаланады. Соның үшін барлық уақыт физика, химия, метерология, климатология, топырақтанумен байланысты жұмыс істейді. Кейінгі уақытта математика, ЭВМ пайдалану қолған алынды.
Өсімдіктер экологиясы биология пәндерінен физиологиямен сыбайлас. Экологтар биогеограяфиямен байланысты себебі экология фитогеографиядан ажыралып шыққан. Фитогеографтар түрлерін таңдап алған екі мекен-жай ортасындағы айырмашылықты үйренсе, экологтарға тіршілік ету жерінің өзіндегі айырмашылықтар қызықтырады. Егерде фитогеографтар систематикалық бірліктермен алып барса, экологтар өсімдіктердің тіршілік формалары, экобиоморфтар, экотиптерге көңіл бөледі.
Өсімдіктер экологиясы геоботаника пәнімен де байланысқан. Геоботаниктер өсімдіктерді үйренуде экологиялық мәселелерді приборлар жәрдемінде үйренуде экологиялық мәселелерді приборлар жәрдемінде үйренуге үлкен көңіл бөле бастады. Кейінгі он жылдықта өсімдіктердің экологиялық анатомиясы және экологиялық морфологиясы дүниеге келді.
Экологияның негізгі әдістемесі дала жағдайында өткізіледі. Салыстырмалы экологиялы-географиялық әдіс бұл салада эксперименталь жұмыстарында маңызы күшті. Экология ауыл шаруашылығында маңызды роль ойнайды. Бұл салада барлық мәслелер экологиямен байланысты бірлескен.