Тамақтанудың адам денсаулығына әсері

Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тамақ керек екенін әрбір адамзат баласы біледі. Адам организміне әр уақытта да органикалық зат және энергия алмасу болып отырады. Организмге керекті энергия мен құрылыс материалдарының көзі болып тамақпен бірге айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортадан түсетін түрлі қоректік заттар жатады. Егер ағзаға тамақ түспесе адам ашығады. Осы аштықтың өзі адамға, оның организміне қандай қоректік зат керектігін және оның мөлшерін айта алмайды. Біз күнделікті тұрмыста тәтті және тез дайындалатын тағамдарды пайдаланамыз, бірақ осы пайдаланған тамақтың пайдалылығы, қауіпсіздігі туралы ойланып қоймаймыз.

Дәрігерлердің айтуынша адамдардың денсаулығын сақтау, ересек адамдардың жұмыс істеу қабілеттілігін күшейту, ал балалардың организмінің дамуы мен өсуіне өте қажетті жағдай, ол тиімді тамақтану болып табылады.

Қалыпты өсіп даму, үшін және тіршілігін қолдау үшін оған белок, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар керек.

Адамның дені сау болу үшін қырыққа жуық әр түрлі қоректік заттар керек. Оларға витаминдер, минералды тұздар, аминқышқылдары, негізгі май қышқылдары (өсімдік, жануар майлары) және энергия көздері (көмірсудан, белок пен майлардан алынатын калориялар). Міне, осы қоректік заттар күнделікті біз пайдаланып жүрген тамақтың құрамында болуы керек.

Көптеген тамақтың құрамында бірнеше қоректік заттар бар. Мысалы, сүттің құрамында басқа қоректік заттармен қатар белок, май, қант, рибофлавин және де басқа витаминдердің В группасы, А витамин, кальций мен фосфор бар.

Құрамында барлық қоректік заты бар тамақ кездеспейді. Сүттің құрамында мысалы, С витамині жетіспейді. Сондықтан да әр уақытта әр түрлі тамақты жеу керек.

Тамақ әр түрлі болса денсаулыққа қажетті қоректік затпен организм толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан да күн сайынғы тамақ рационында жеміс – жидек, көкөніс, нан және астық тұқымдас өсімдіктердің өнімдері, ет, құс еті, жұмыртқа мен балық, кепкен бұршақ пен атбас бұршақ: қытай бұршағы, үрме бұршақ, жасымық сияқты өсімдік белогына бай заттар және сүт, ірімшік пен йогурт болуы керек.

Жеміс-жидек пен көкөністер әсіресе С мен А витаминдерінің көзі болып табылады. Нан тағамдарында В витамині, темір бар және ол энергия көзі болып есептелінеді. Еттің құрамында белок, май, темір және көптеген тиамин мен В12 витамині сияқты витаминдер бар.

Кальций мен қоректік заттардың негізгі көзі сүт тағамдары болып саналады.

Біз мынандай себептерден тамақтанамыз: өмір сүру үшін, өсу үшін, деніміз сау болуы үшін, энергия алып жұмыс істеп, дем алу үшін.

Сөйтіп қоректік заттарды біздің денсаулығымызды сақтау үшін керек. Бұл химиялық заттар бір-бірімен әрекеттесе отырып біздің организмде мынандай қызметтерді орындайды: организмдегі бұлшық ет пен сүйек ұлпаларының қызметіне қажетті құрылыс материалы болып табылады; организмнің зат алмасу процесіне қатысатын заттардың көзі; организм үшін энергияның көзі болып табылады.

Ас қорыту процесі кезінде қоректік заттар біз жеген тағамнан қорытылып, қоректік зат пен дем алған кездегі оттегі бүкіл денеге тарайды.

Әрбір топтағы тамақтың күн сайын қандай мөлшерде керек екенін мына кестеден көруге болады.

Тамақтардың топтары Порция саны Негізгі қоректік заттар Негізгі қызметі Көздері
Жеміс-жидек және көкөніс 5 Көмірсулар, витаминдер, минералды заттар Энергияның көзі, зат алмасуды реттейді, сау терінің пайда болуына және көздің жақсы көруіне көмектеседі. Барлық жеміс -жидек пен көкөніс
Нан және жарма құймақ, тамақтар 6-11 Көмірсулар, витаминдер, минералды заттар Энергия көзі, дені сау жүйке жүйесінің п.б. себін тигізеді. Сұлы ботқасы, күріш, ұннан жасалған тағамдар
Сүт 3 Кальций , А және В витаминдері Тіс пен сүйектің өсуіне көмектеседі. Бұлшық етпен жүйке жүйесіне көмектеседі. Сүт, балмұздақ, ірімшік, йогурт, сүзбе
Ет 2 Белок, темір Бұлшық ет, қан, сүйек және тері ұлпасын қалпына балық келтіруге қатысады Тауық, үндік еті, ет, бұршақ, жаңғақ майы

Осы бес топқа кірмейтін қосымша тағамдар да бар. Олар: тәтті сулар, конфеттер, қуырылған картоп. Бұл тағамдар біздің организмге ешқандай пайда келтірмейді, қайта керісінше зиян келтіреді.

Әрбір адам күн сайын көкөністің екі түрін тамаққа пайалануы керек. Оның бірі – адамды А витаминімен, екіншісі –С витаминімен қамтамасыз етуі керек. Ол витаминдер дені сау тері ұлпасының пайда болуына, өсуіне және түрлі жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі. С витамин жараның жазылуына себебін тигізеді, қан тамырлары мен қызыл иекті әлдендіріп, тіс пен сүйекке беріктік береді.

Әр тамақ рационында міндетті түрде клетчатка болуы қажет. Клетчатка тамақтың ішекте жылжуына себін тигізеді; ол қара нанда көп болады.

Енді, осы бес топқа кірмейтін тамақтың бірі – қантқа тоқталайық. Қант қоректік затқа жатпайды. Ол тіске зақым келтіріп, тістің кіреукесін бұзады. Қантты шамадан тыс көп пайдаланғанда, ол организмге май болып жиналады. Қант диабеті ауруы көбінесе, массасы ауыр толық адамдарда кездеседі. Мұндай аурулар жүрек ауруымен де ауырады.

Ас тұзы– тұздың құрамында натрий мен хлорид бар. Егер натрий адам организмінде көп болып кетсе, адамның қан қысымы көтеріледі.

Біздің күнделікті организмге қабылдайтын тамақтардың үлкен мәні бар екенін білдік. Міне, сондықтан да дұрыс тамақтануға да үлкен мән беру керек. Дұрыс тамақтанбаудың өзі диабет, семіздік, тіс кіреукесінің бұзылуы, қан қысымының ктерілуі, инсульт, қатерлі ісік сияқты ауруларға әкеліп соғады.

Тиімді тамақтану зат алмасу ауруларының ғана емес, басқадай аурулардан сақтайды. Ол тек алдын алып қана қоймайды, сонымен қатар кптеген ауруларды емдеу де үлкен мәні зор. Емдік тамақтандыру көптеген зат алмасу және асқазан, ішек ауруларын емдеудің міндетті бір ережесі болып саналады.

Кейбір синтетикалық дәрілік препараттар организмде аллергия сияқты ауруларды туғызады. Сондықтан да, ауруларды емдегенде осы емдік тамақтандыруды пайдаланған жөн.

Міне, сондықтан да бұрынғы заманнан бері адамдар көкөніс, жеміс-жидек, тұқымды, көк шөпті түрлі ауруларды емдеуге пайдаланған.

Көптеген азық – түлік тағамдарының бактерицидтік қасиеттері бар, олар түрлі микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тоқтатады. Мысалы, алма шырыны стафилококктың дамуын тоқтатса, анардың шырыны сальмонелланың дамуын тоқтатады; мүкжидектің шырыны әр түрлі ішектің шіріту және басқа да микроорганизмдердің жұмысын тоқтатады. Пияз бен сарымсақтың микробтарға қарсы қасиеті бәрімізге белгілі. Өкінішке орай, осы жасыл дәріхананың бай қоры қолданылып келе жатқан жоқ. Әрбір тамақты дайындағанда санитарлық тазалық ережесін қатаң сақтау керек. Жеміс- жидекті болсын, ет тағамдарын болсын жақсылап жуып, қайнатып, пісіріп пайдалану керек. Бұл шаралар адам организміне биологиялық ластаушылар-ауру туғызатын бактериялар мен паразиттердің түспеуі үшін жасалады.

Қазіргі кезде тамақтардың химиялық ластану қауіпі туды. Осыдан келіп экологиялық таза тағам деген түсінік пайда болды.

Азоттың өсімдік үшін де, жануар организміне тіршілігі үшін де өте маңызды екенін сіздер білесіздер. Өсімдікке азот топырақтан келіп түседі, содан барып азық-түлік және жем-шөп арқылы жануарлар мен адам организміне түседі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдары минералды азотты химиялық тыңайтқыштан алады, себебі, азот жетіспейтін топырақтарды органикалық тыңайтқыштар азотпен көп мөлшерде азотты сіңіру нәтижесінде нитратты азоттың өсімдіктің органдарына жиналуына әкеледі.