«Қазақстан 2030» Қазақстанның даму стратегиясы

КІРІСПЕ

ӨТКЕН КҮННЕН АЛЫС ЖОҚ,КЕЛЕР КҮННЕН ЖАҚЫН ЖОҚ

Қазақтың халық мақалы

Қадірлі халайық!

Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.

Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.

Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.

Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.

Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?

Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма?

Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?

Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме?

Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?

Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?

Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.

Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып — біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе — ұдайы таразылап отыру үшін қажет.

Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.

Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.

Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар.

Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ таг біздің жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз.

Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?

Өйткені кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен білігіміз жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.

Бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтеп бере алғанымыз — еңсемізді тік ұстап, иілмегеніміз бүгін-ақ айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан біз бейберекетсіздік пен жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік.

Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымьіз уралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге мүмкіндік береді.

Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді.

Бұл міндеттерді шешуді ертеңге қалдыруға да болмайды, өйткені біз өз реформаларымызды толық аяқтағанша күтіп те отыра алмаймыз.

Басқаша айтқанда, кеше әлі ерте болатын-ды, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін.

Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын тандап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жүмылдырады және жәрдемдеседі.

Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбесіне жинақтайды, ол тәртіпке жұмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен стратегияларды күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол біздің мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл сайынғы шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі.

Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Осы нұсқауларды өмірге енгізудің жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықтан әрбір министрлік пен ведомство өз жұмысын әрбір күн, ай мен жыл біз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай ілгерілейтіндей етіп ұйымдастыратын жүйені құру аса қажет.

Мемлекеттік қызметшілер күн сайын алдарындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды көріп отыруы, екінші кезектегі және күнделікті міндеттерді шешуге алаңдамастан оларды іске асыруы қажет.

Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың арнасында, жұмыс жинақы— жұмылған әpi үйлесімді болуңа тиіс.

Келесі жылдан бастап біздің жыл сайынғы жоспарларымыз ұзақ мерзімді басымдықтарымызға сәйкес болуға тиіс. Оның үстіне, мониторинг жүйесі қойылған мақсаттарымызға қол жеткізуде бiз қаншалықты ілгеріледік деген сұраққа жауап беруге тиіс. Сондықтан бізre стратегиялық жос-парлау мен стратегиялық бақылау, есептілік пен жауапкершілік жүйесі қажет.

Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты — біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіктерінш дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың icкe асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекет халықтың жекелеген топтарымен жане жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде icкe асыруы қажет.

Осы Жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың нeгізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңбе-рінде әзірленген болатын. Бipaқ мен жоғарыда атап өткендей, біздің мемлекетіміз, тұтас алғанда қоғамымыз үшін де координаттар жүйесі болып табылатын, соның шеңберінде жыл сайынғы ic-қимыл жоспарларымызды жасай алатын неғурлым ауқымды болжам мен стратегияны қажет етеді.

Сол себепті осы мәселелерге ерекше орын беріліп отыр. Президенттің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бұдан кейінгі жыл сайынғы Жолдауы ұзақ мерзімді стратегияның іске асырылуына берілетін бағаны қамтиды, сондай-ақ алдағы жылға арналған нақты міндеттерді айқындайтын болады.

  1. БІЗ БҮГІН ҚАЙ ЖЕРДЕ ТҰРМЫЗ

АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІНДЕ ШАРЫҚТАУ СӘТІ БАР, ОЛ,
ЕГЕР ДҮРЫС ПАЙДАЛАНА БІЛСЕ ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗЕДІ.
ЕГЕР ОНЫ ҚОЛДАН ШЫҒАРЫП АЛСА, ОНДА ОДАН КЕЙІНГІ ЖОЛ
ҚАЙРАҢҒА МАЛТЫҒЫП, ТАЙҒАҚ КЕШУМЕН ҰЛАСАДЫ
Шекспир

ҰЛАНҒАЙЫР МҮМКІНДІКТЕР БАРШАҒА БЕРІЛЕДІ,
БІРАҚ КӨП ЖАНДАР ОЛАРМЕН
ҰШЫРАСҚАНЫН СЕЗБЕЙДІ ДЕ
Даннинг

Соңғы алты жыл ішінде біз екі басты стратегиялық мақсатты көздедік.

Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ қазақстандықтар мұның біздің тарихымызда қаншалықты сирек әрі қиындықпен болғанын ұмытпауға тиіс.

Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға әлі жете қойғамыз жоқ, дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелеріміз де бар.

Енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Өзіміздің бекем және босаң тұстарымызды салиқалы тұрғыдан талдап, тек содан кейін ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бұдан бір де кем емес.

Біздің ішкі бекем тұстарымыз бен Қазақстанның қолындағы сыртқы мүмкіндіктерді, өзімізге тән босаң тұстарымыз бен сыртқы қатерлерді тал-даудан бастайын.

Еліміздің қолында сегіз артықшылық бар.

Біріншісі. Біз өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізін қаладық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар қазірдің өзінде бар әрі ай сайын тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ мемлекетіміздің құрылысы аяқталатын күн әлі алыс.

Екіншісі. Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде.

Үшіншісі. Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік. Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті. Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғұрлым сенімді әлеуметтік игіліктер беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда, экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп тынғанын да ұмытпауға тиіспіз. Ол әлеуметтік жағынан да осал болып шықты, өйткені адамдардың көпшілігінің тұрмыс деңгейі шетелдегі тұрмыс деңгейінен төмен еді. Ол, сондай-ақ, жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткені еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында біздің азаматтарымыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз.

Төртіншісі. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.

Бесіншісі. Біздің табиғи ресурстарымыз — орасан зор байлық. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере білмегендіктен, ақыры кедейлер қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Алайда, Шығыс Азияның неғұрлым серпінді дамыған елдері— табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрі жетекші фактор — бұл адамдардыц өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл — бізге гулдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға мүмкіндік беретін нақ сол „алтын кілттің өзі».

Әлемнің келеңсіз тәжірибесін де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының немесе оларды іске асыру қабілетінің болмауы табиғи байлықтар әлеуетінен басым түсетінін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұдан біз шығаратын басты қорытынды — ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға қарамастан жүзеге асыру қажеттігі. Жер қойнауының байлығы — барша келер ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.

Алтыншысы. Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз — орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе — олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы — нақты және тиімді стратегия, адамдар мен капитал.

Біздің жетінші бекем тусымыз — қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің баршамыз өзіміздің біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келеді.

Бұл бір-бірімізбен кедейшілік пен жоқшылық жағынан теңесу, теңгермешіліктің жаңа жүйесін орнату да емес. Сондай-ақ қандай да бір этникалық немесе діни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықтар беру жөнінде де әңгіме болуы мүмкін емес. Біздің стратегиялық міндетіміз – халықтың көптеген топтарынын, бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерді салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздын, жарасымды сатылы дәстурлерін толықтыра түседі.

Байлардың ат төбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан едәуір алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесін көтеріп, абаттанып гүлдене алмайды. Түрлі этникалық және діни топтардың құқықтары әр түрлі болып келетін, біреулерге мүмкіндіктер беріліп, өзгелерге берілмейтін, саяси партиялар мен қозғалыстар тікелей қарама-қарсы тараптарға „бұра тартатын», бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен жауапкершілігі, либерализм мен демократияның және мемлекет күшінің арасында орасан зор сәйкессіздіктер бар елдің де болашағы жоқ. Біз шектен тыс шығандап кетудің бірін бастан кешірдік, екіншісіне түсіп малтықпасақ игі. Менің ойымша, осы бір ақылға сыйымды дүниелерді ұғыну қоғамдық санада нық орын тепкен де тәрізді.

Сегізіншісі. Мен қазақстандықтардың байсалдылылығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілділігі мен ақжарқындығын атап айтқым келеді. Мұны шетелдіктердің баршасы дерлік айтып жүр. Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін ризамын және осы қасиеттер — біздің табысқа жетуіміздін, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықты біздің проблемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын.

Біздің осындай күшті жақтарымызбен бірге сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріміз бар. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігін бөліп айтуға тұрарлық.

Бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердін, ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздін, бабаларымыз түркі халықтарынын, біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік қоғамдастықтық қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардын, көші-қоны ұлғая түседі.

Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде, мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын ұсындым және оны дамыта бермекпін, әрі оның стратегиялық болашағына да сенімім кәміл.

Бізбен шектес кез келген ел тәрізді Қазақстаннық жеке өзі де тиімді транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мұны бірлесе, тығыз әрі өзара тиімді ынтымақпен жасау қажет.

Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздын, өн бойында өз өнімімізді өткіудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда, жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер — Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу және Орта Шығыс елдері — тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия құрылығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын орнықтыру — табысты дамудың қажетті шарты. Соғыстарға, бақталастыққа, бәсекеге және егеске киліккен елдер өздерін тоқыраумен артта қалушылыққа ұрндыра отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.

Екіншісі. Мемлекет қүрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекетгер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Бүл тұрғыда көптеген елдердіқ бізге қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсіресе өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңдерінде өте маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары мен білім-білігі қажет.

Үшіншісі. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты, әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Алайда біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.

Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарынын, салдары екенін атап өту қажет.

Бірінші. Бүл коммунистік принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған біздің діліміз. Кейбіреулер жақында болған өзгерістерді ынта-жігерімен пайдаланды, бірақ басым бөлігі олай істеген жоқ. Адамдарға субъективтік және объективтік факторлар ықпал етеді, олар болып жатқан өзгерістерге баяу бейімделіп, өз проблемаларын шешуде бүрынғысынша мемлекеттің көмегіне иек артып отыр. Мұндай пәлсапа мен тұрмысқа деген көзқарас олардың жаңа қиындықтарға төтеп беруіне бөгет болады, күш-қуаты мен өзінше іс-әрекет жасау талабынан айырады.

Мемлекеттің ендігі жердегі жаңа рөлі адамдар үшін шешімдер қабылдауда емес екенін көптеген шенеуніктердің өздерінің де әлі түсіне бермейтіні құпия емес. Керісінше, оның рөлі бәрінен бұрын азаматтар мен жекеше сектор өздері мен өз отбасылары үшін тиімді шаралар қолдана алатын жағдайларды қалыптастыруда болып отыр. Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.

Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады.

Екінші. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде — әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей қоймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент — бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалық өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт бізді бұрынғыдан да жіті, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.

Үшінші. Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бұл ретте — мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы — орташа таптың шоғыры аз.

Төртінші. Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың үлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.

Бесінші. Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бүған дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткіқұмарлыққа құнарлы негіз қалап, қоғамдық түңілушілікті туындатады және қоғамдық тұрақсыздық мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық деңгей негізінде экономикалық проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз стратегиялардан туындады. Аграрлық және әлеуметтік секторларды (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және т. б.) реформалаудың тиімді бағдарламаларының жоқтығы және өтпелі кезеңнің қысылшаң жағдайларында бюджет қаражатын бөлуді қысқарту осы бір өмірлік маңызы бар салалардың нашарлауы мен тұралап қалуына алып келді.

Осы процестер алтыншы осал жағымызды, кез келген тұрғыдан қауіпті — демографиялық өнімсіздігімізді де сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны қысқара бастады.

Біздің босаң тұстарымыздың қатарына жетінші осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар үйымдастырылған мемлекетгік басқаруды жатқызған жөн. Мүның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз.

Барлық істерге жөн-жосықсыз араласу әдеті, ақпаратты қоғамнан жасыруға жетелейтін құпияшылдықтың қажетсіз және зиянды сілемі, ведомствошылдық пен жершілдік, жекжатшылдык, пен топшылдық, ұжымдық жауапсыздық, сүреңсіздік пен бойкүйездік, сәйкессіз және көп сатылы құрылым, сыбайлас жемқорлық — міне біздін, бюрократияның бұрынғы режим тәрбиелеп кеткен әрі соңғы жылдары анық көрініс берген, жасырын нысаннан ашық күйге ауысқан „қадір-қасиеттерінің» әлі де толық емес жиынтығы осы.

Бұл проблеманың екінші бөлігі кәсіпорындардағы менеджерлер корпусының мүлде төмен сапасы болып табылады.

Жағдайды оңалту үшін көп іс істелді, соның ішінде кей сәтте оташылық әдістерін де қолдандық. Бірақ бұл проблеманың басым проблемалар қатарында турғаны айқын.

Мемлекет басшысы ретінде мен бір нәрсені айтуға тиіспін. Шенеуніктердін, жаңа жағдайға бейімделуі үшін біз бөле алатын уақыт өтіп кетті. Ендігі жерде өзге адамдардың есебінен жарылқаушы болуға, елдің дамуына нұқсан келтіруге болмайды. Осы зиянды әдеттердің қаулап өсу әлеуетіне түбірінен балта шауып, Үкімет аппараты мен мемлекет қызмет реформаларын жеделдету қажет.

Ақыр соңында, бізге заңдарымыздың жартыкештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің іргетасын қалау жеткіліксіз — оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет. Мұның өзі инвестициялық ауанды жаксартуға, кедейшілікті азайтуға, қылмыс біткенді құртуға және әлеуметтік саланы дамытуға қатысты маңызды мәселе.

Мен теріс факторларды оң факторлармен қатар ұлттық стратегиямызды іске асыру үстінде өзіміз ұшырасута тура келетін міндеттерді белгілеу үшін санамалап өттім. Мықты тұстарымыз бен мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ әлсіз тұстарымыз бен елімізге келер қатерді бөліп атай отырып, олардың уақыт кеңістігіндегі серпінділігін әрі диалектикалық тұрғыда өзара байланыстылығын назарда ұстау қажет. Мүмкіндігіміз қатерге ұласуы да, керісінше болуы да мүмкін. Бүгінгі мықты тұстарымыз әлсіз тұстарымызға айналуы және керісінше болуы да мүмкін.

Біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз — бұл біздің өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл қоя білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты.

  1. ҚАЗАҚСТАН МҰРАТЫ

АЛДЫҢДА НЕ КҮТІП ТҰР, СОНЫ ОЙЛА.
ИГІ МАҚСАТҚА ТУРА ЖҮРГЕН ЖЕТЕДІ
Фирдоуси

ҚАЙ ПОРТҚА БЕТ АЛҒАНЫН БІЛМЕЙТІН
КЕМЕНІҢ ЖЕЛІ ДЕ ОҢЫНАН ТҰРМАЙДЬІ
Сенека

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.

Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі танда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да „көптеген» параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өэінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстын, өзіндік ерекшеліктері де бар.

Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ.

Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады.

Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.

Ол жаңа асулар мен шындарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс.

Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез елген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.

Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.

Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс.

Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір ананың сүтін тел емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.

Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.

Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі.

Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің, саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуте қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.

Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі жеткен жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жүмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс.

Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас үшін, бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы — өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.

Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.

Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады. Көпшілігі халық тұтынатын жоғары технологиялық тауарларды және әлемдік рынокта өзінің арзан бағасы мен үздік сапасына орай жоғары сұраныспен пайдаланатын өнімнің көптеген басқа да түрлерін өндіруші болады.

Біздің жас ұрпақтын, кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отыррып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.

2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады, Біздін, балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.

2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың — Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

Оны барлық ұлттар үшін тен, мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардын, өкілдері мекендейтін болады.

2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды, Ол әлі әлемдегі ен, бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

Әрине, мұның бәрі — болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, арман ғана. Сіздердін, көпшілігіңіз бүл мұратты кей кезде ең қарапайым нәрсенің өзі жетіспей жататын бүгінгі тіршілікпен салыстырып, мұны қиялға балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкін.

Бірақ олай емес. Мұның бәріне де қол жеткізуге болады, әрі әлемдік тәжірибе бүл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә бүгін бәрімізге қиын түсіп отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осы жүз жылда қандай жеңіл кезді бастан кешірген екен? Азамат соғысы, аштық пен жұт, жаппай куғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейінгі күйзеліс жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы ғасыр жеңіл болып па? Әрине, бұл — тарих. Тіпті бүгінгі күні де жер бетінде 800 милллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешіруде, талай жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза тауып жатыр.

Ендеше, біз неге аһылап-уһілей береміз, ішкі қуатымызды қысыр сөз бен күңкілге несіне жұмсаймыз?

Кез келген сыннан бірлігіміздің, күш-жігеріміздің және болашаққа деген сеніміміздің арқасында абыроймен шыққанымызды ұмытатындай зердеміз сонша қысқа ма еді? Тәулік бойы тыным таппай жұмыс істіп, аш құрсақ жүрсек те, аузымыздағыны балаларымызға жырып беріп, олардың ертең жақсы өмір сүретініне сенген едік қой.

Бүгін және ертең дәл осылай істеумізге не кедергі? Ендеше неге уайымға салынып, еңсемізді түсіріп жібердік? Ендеше еліміздін, алдында, әрқайсымыздың алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған осындай кезде, ең бастысы бүрын ешқашан еншімізге тимей келген еркіндікке қолымыз жеткен кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. „Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз».

Джон Кеннедидін, американ халқына арнаған үндеуіндегі осы бір сөздер біз үшін бұрынғы қай кездегіден де гөрі көкейімізден шығып тұр.

3. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

БҰЛ ӘЛЕМДЕ ЕҢ БАСТЫСЫ — БІЗДІҢ ҚАЙ ЖЕРДЕ
ТҰРҒАНЫМЫЗ ЕМЕС, ҚАНДАЙ БАҒЫТТА
ЖЫЛЖЫП БАРАМЫЗ — МІНЕ, СОНДА
Холмз

Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

  1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
  2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
  4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
  5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
  6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
  7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

1- ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ
Халық даналығы

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.

Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз.

Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығая береді.

Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.

Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру.

Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.

Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.

Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.

Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.

Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.

Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.

Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.

Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.

Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай» туғызуды көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, „жақсы араздықтан жаман татулық жақсы» дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердің тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс.

Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердін, уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.

Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.

Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.

2 — ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ

БІРЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕТІРЛІК ЖОҚ
Төлеби

Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің — саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.

Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау — біздің міндетіміз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.

Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:

— еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген біріңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік беру;

— этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;

— қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;

— өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;

— ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;

— адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардын, барлық нысандарын дамыту;

— әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайту. Бүгін „Біздер — қазақстандықтар кімдерміз?» деген сырттай қарағанда қарапайым сауалға кез келген адам бірден жауап бере алмайды. Өзін-өзі бірегейлендіру проблемасын шешу үшін уақыт пен белгілі бір тарихи даму кезеңі қажет болады.

Коммунистік режим 70 жылдан астам уақытта бірыңғай кеңес халқын ақыры қалыптастыра алмады. Отарлықтан шыққан көп ұлтты елдердің көпшілігі ондаған жылдар өткеннен кейін де бұл процесті аяқтай алмады. Бізде де бұл сезім қалыптасып, орныққанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтеді.

Бірақ қазірдің өзінде бізді біріктіретін бірқатар факторлар бар. Бұл — өз шекарамыздың шегіндегі жеріміз, оны көркейткен ата-аналарымыз, сәтсіздіктердін, ауыртпалығын бірге көтеріп, жетістіктеріміздің қуанышын бірге бөліскен ортақ тарихымыз. Бұл — келешекте осы жерде бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін біздің балаларымыз. Сондықтан біздің әрқайсымызды өз ата-анамыздың алдындағы борышымызды ұғыну мен балаларымыздың өмірін одан әрі жақсарта түсуге деген ұмтылысымыз біріктіреді. Бүгінгі таңда осы айқын мақсаттар бірлік пен топтасу үшін нақты тұғыр болып табылады.

Тәуелсіздік пен реформалардың алғашқы жылдарында біз коммунистік-ұжымдық негіздерден жекеше-дарашылдыққа қарай ыға бастадық. Жекеменшік дарашылдықтың жедел дамуы құндылықтар бағдарын ауыстыруға ғана көмектесіп қоймай, этникааралық қарама-қайшылықтардың терең тамырларын қиып, олардың әлеуетін кемітуге де ықпал етті.

Алайда шовинизм мен ұлтшылдық әлі толық ұмытыла қойған жоқ. Мүндай процестерді қыздыра тусу әрекеттері халықтың көпшілігін қызықтырмайды, керісінше олардың наразылығын тудырады. Русофобия күрт кеміп, қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеу үдерісі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды. Қоғам этникалық проблемаларды бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылайтын болды.

Біздің нарыққа қарай басқан космополиттік және интернационалдық қадамымыз этникааралық қарама-қайшылықтарды әлсіретіп, зор қызмет атқарып отыр. Еркін нарық та мемлекеттің бара-бар рөлінсіз кіршіксіз емес, ол маятник сияқты құндылықтардың бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу жылдамдығын алғаннан кейін бізге қажет тепе-тендік нүктесінен ендігі аттап кеткен тәрізді.

Бүгін қарсы тұрудың жаңа полюстері — кедейлер мен байлар арасындағы, басқарылатындар мен басқарушылар арасындағы, село мен қала арасындағы қарсылық полюстері ашылды.

Бұл алшақтық жалпы қабылданған шектен тыс деген түсінік қоғамда пісіп-жетілді. Егер Қазақстан бай адамдардың шағын тобы бар мемлекет болса, өмірге төзімділіктің төмендеуі мен ішкі-сыртқы тұрақсыздық салдарынан, жақсы дегенде, әуре-сарсаңға түседі. Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет ең алдымен орта таптың — фермерлердің, „ақ жаға-көк жағалылардың», интеллигенцияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде большевиктердің осы топтардың барлығына шүйліккені тегін емес. Олар капитализмнен коммунизмге өту үшін басты соққыны қайда бағыттау керек екенін білді. Олар капиталистік мемлекеттің тірегіне соққы берді. Бізді кулактарға, „шірік интеллигенцияға», жұмысшы ақсүйектеріне, ұсақ саудагерлерге қарсы қалай тәрбиелегенін еске түсірейік. Көпшілігімізде жек көрушіліктің орнығып қалуы осыдан емес пе екен?

Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады, бірақ, әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.

Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мүнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая тусуде. Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.

Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз. Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау, экологиялық апат сынды барлық негізгі әлеуметтік проблемалардын, өзегіне айналды. Әйтсе де мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.

Орталықтан қиындықпен „жиналған» қажетті ресурстар қалаларда қалып қойып, селоға жетпейді. Мұндай „жайылыңқы» саясатты доғару керек. Қысқа мерзімде селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуге тиіс.

Мұндағы біздің мақсаттарымыз айқын — біз шаруалар мен село тұрғындарына өз өмірін көбірек қадағалауға мүмкіндік беруге, сондай-ақ осындай бақылауды жүзеге асыруы үшін оларды құралдармен қамтамасыз етуге тиіспіз.

Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан, негізінен экономикалық ілгерілеу арқылы шешуге болады. Мейлінше бай Қазақстан әр адамға барынша көп мүмкіндік береді. Әлемге әйгілі ұлы басшы айтқандай „судың көбеюі таяздан барлық кемені көтереді». Біздің стратегиямыз ұлғайып келе жатқан ұлттық байлықтың бір бөлігін әр адамның алуына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс.

Ал қазіргі өтпелі кезенде адамдардың көпшілігіне оңай болмайды, Үкіметтің де барлық адамға бірдей көмектесетіндей қаражаты жоқ. Бұл салада біздің стратегиямыз мемлекеттік көмекті халықтың ең мұқтаж топтарына, тек соларға ғана тікелей жіберу болып табылады. Бірак, бүгін біз өз қиындықтарын өзі жеңе алатын адамдардың санын көбейтуге мұқтаж болып отырмыз.

Балаларымыздың болашағы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай болатыны туралы сөз қозғағанда біз өзіміз құратын өркениеттің — біздің болашақ қоғамымыздың моделін алдын ала білуге тиіспіз. Бүгін тоталитарлық және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам моделдерінің өзі әр түрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы анықталып отыр.

Негізгі айырмашылық моделдердің екі үлгісінің: ағылшын-саксон және „азиялық жолбарыстар» көрсеткен азиялық үлгілерінің арасында болып отыр. Бірқатар бағыттарда ортақ сипаты бола тұра, олардың арасында үлкен айырмашылықтар байқалады. Бірінші модельге көбіне даралық, екіншісіне — коммунитаризм тән. Бірінші жағдайда мемлекеттің шектеулі рөлі уағыздалса, екіншісінде мемлекеттің жоспарлаумен белсенді түрде айналысып, жекеше сектор мен бүкіл қоғамға жетекшілік етуге тиіс күшейтілген рөлі уағыздалады. Бірінші модельде көңіл макроэкономикаға, екіншісінде — микроэкономикаға бөлінеді және т. с. с.

Бұдан бұрын айтып өткенімдей, бұрынғы жылдары алдымызға жедел өзгерістерді мақсат етіп қойып, белсенді түрде ағылшын-саксон нұсқасы бойынша жүрдік, бірақ бүгін біз бұдан әрі қай жолмен жүру керек деген стратегиялық сауалға жауап табуға тиіспіз. Қоғамда бұған қатысты консенсус жоқ. Қазақстан Еуропаның кішкентай болса да бір бөлігі, тарихи тұрғыдан да біз Батыс өркениетіне ұмтыламыз дейді біреулер. Біз көбінше азиялық елміз, сондықтан „жолбарыстардың»: Жапонияның, Кореяның тәжірибесін ұстануға тиіспіз дейді екінші біреулер. Біз Ресейлік менталитет пен ұжымшылдық принциптерін терең сіңірдік, сондықтан біздің таңдауымыз Ресейдің тандауына сай болуға тиіс дейді үшіншілер. Төртінші біреулер біздегі халықтың басым көпшілігі мұсылмандар, сондықтан біз жаңа түркі моделін негізге алуға тиіспіз деп дауласады.

Ғажабы, бұлардың барлығының айтқаны ақиқат және сонымен бір мезгілде олардың барлығы қателеседі. Біз — өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар евразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады. Ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің ең соны жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз.

Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін бейнелеуге тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуеттік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ өзі.

іздің моделіміз басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып, бірақ негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа азаматтығымызға және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала отырып, ұмтылыстарымызға сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін болады.

3-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ,ДАМЫҒАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕНЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

ЭКОНОМИКА НЕҒҰРЛЫМ ЕРКІН БОЛСА,СОҒҰРЛЫМ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛАДЫЭрхард

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады:

Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.

Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.

Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамьту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.

Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз.

Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте әділ әрі байыпты іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Біз — саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.

Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күштіг конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс.

Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып, керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда істің мұндай күйі біздін, дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын айқын көрініп келеді.

Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай, жалақы мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, зандар мен жарлықтар көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардын, оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:

— Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;

— жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;

— орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;

— сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсуге;

— заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және занды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.

Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.

Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай келмесе, ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз.

Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады.

Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол-инфляция мен бюджет тапшылығынын, төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бүл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.

Біздің алдымызға не инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда үстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық — қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мұны енді түсінді. Әрине, макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп жатыр, енді таяу арада ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.

Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да бұл дағдарыстан шығады. „Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді» дейді қазақ мақалы.

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экоиомикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпымемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.

Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы қазбаларымызды игеруге және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт артып отырған экспорттың ұлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәуір қиындыққа ұшыратып, оны көтеріп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа салаларды, ең алдымен экпорт және қайта өңдеуші салаларды „жоғалту» қаупін төндіреді.

Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын. Сондықтан дүниежүзілік тәжірибені және инвестициялар нарығындағы жұмыс істеп тұрған тетіктерді мұқият зерттеп алып, шетелдегі қаржы инвестицияларының стратегиясын алдын ала әзірлеу керек.

Біз аяқтаған бағаны ырықтандыруға енді күмән келтірілмейді және өзгеріс болмайды.

Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.

Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.

Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар мен әлеуметтік секторда нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейіін немесе есеп бергенситін олақ және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап шегіп отыр.

Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді.

Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрылықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды.

Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр, мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.

Ішкі рыноктары шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол жеткізген елдерді өзін-өзі оқшаулау жолын тандап алған елдермен салыстыру, жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық табыстарға алып келгенмен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып отыр.

Өзіміздің энергетикалык, және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты — экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу.

Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларынын, неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.

Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мумкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.

Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесін бердім.

Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын әрі ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек. Бұл бәйгеде біздің артта қалуға хақымыз жоқ.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп тузетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің ең алдымен — ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажетгігін көрсетіп отыр.

Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру саласының, сондай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлықтай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бүл — өз құрылымдық саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің қүлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.

Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

4-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ

ТАЗАЛЫҚ — САУЛЫҚ НЕГІЗІ, САУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ НЕПЗІ

Қазақтың халық мақалы

Экономикалық ілгерілеу біздід азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бул мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған уқсас шараларды білдіреді.

Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған. Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жургізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуға тиіс:

Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және түпке жетегін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы улкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның „көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.

Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жургізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын усынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсуі сияқты кері нәтижеге душар болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра сілтеушілікке ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарықызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын.

Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп енді. Ол ауылдық жерлерде де адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алды. Бүгін көпшілік қиыншылыққа тап боп, күйзеліске түскенде ішкілікке салыну артып отыр.

Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салганмен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік — денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады.

Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздін, мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.

Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.

Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.

Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.

Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.

Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ор-аны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл — маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен он мындаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты.

5-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ

БАЙЛЫҚ — БАЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛУДА ЕМЕС, ОНЫ ҰҚСАТА БІЛУДЕ
Сервантес

Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар.

Соған қарамастан, біз көп жылдар бойы өзіміздің ішкі қажетімізді қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл — кеңестер кезеңінде жасалған бөліс жүйесі, сондай-ақ өзімізде қажетті инфрақұрылым болмауының салдары.

Сайып келгенде халықаралық рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшін қажетті коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға керекті қаражат алатын мүмкіндігімізді барынша шектеп отыр.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтерді қамтиды:

Біріншісі, біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Біз қазірдің өзінде бірсыпыра ірі контрактарға қол қойдық, ал басқа контрактар әзірлену үстінде.

Біз ұзақ мерзімді келешекке өзімізге міндеттері сәйкес келетін әріптестер іздейміз. Контрактарда біз Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін қатаң әрі парасат тұрғысынан көздестіретін боламыз.

Өзіміздің табиғи ресурстарды пайдалануда біз үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін және Қазақстанның мүдделеріне жауап беретін орнықты келісімдерге мүдделіміз.

Біздің кірістеріміздің тұрақтылығы және контрактарымыздың әділеттілігі, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың қолдауының кепілдігі, міне, осында жатыр.

Біздің стратегиямыздың екінші бөлігі — мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан қүлыламыз.

Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау. Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді инвестициялауга тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды, Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерін қамтиды. Бұл елдер мен компаниялардың біздің ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негізде экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады.

Төртіншіден, шетел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын ұру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз.

Ақыр соңында, бесіншіден, бүл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалануды көздейді.

Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз.

6-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

АДАМҒА АБЫРОЙ ӘПЕРЕТІН ҮШ ІС БАР:
ҚҰМДА ҚАЗЫЛҒАН ҚҰДЫҚ,
ӨЗЕНГЕ САЛЫНҒАН КӨПІР,
ЖОЛ ЖАҒАСЫНА ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН САЯЛЫ АҒАШ
Шығыс мақалы

Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесетін болады.

ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ

Аумағымыздың ауқымын және экономикамыздың шикізаттық бағдарын ескерсек, Қазақстанда жүк тасымалының негізгі көлемі теміржол арқылы жүзеге асырылатын болады. Көліктің осы түрінің алдында турған стратегиялық міндеттерді іске асыру ушін басымдықтар ретінде мыналарды атау керек:

— Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, сондай-ақ Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасқынын қамтамасыз ететін негізгі теміржол бағыттарын жаңарту;

— Достық станциясын дамыту мен Достық — Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтап, оның өткізім қабілетін жылына 10 млн. тонна жүк тасымалына дейін жеткізу;

— Жүк жинақталатын аудандарда көп модульды терминалдар ұйымдастыруға кірісу, сол арқылы көліктің сан түрлерінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ететін контейнерлік және бумалық тасымалды қолдана бастау;

— Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру, оларды бейіні сәйкес келмейтін кәсіпорындардан арылту.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК

— Автомобилъ жолдарын шапшаң аралықтар құру арқылы халықаралық тасымалды қамтамасыз ететін бағыттарда дамыту;

— Жеке меншік автомагистральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау. Оларға осы заманғы халықаралық талаптар деңгейінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;

— Ауылдық жерлердегі автожолдардың желісін басымдық тәртібімен дамыту және ұзақ мерзімді келешекте олардың тығыз табанды жолға көшірілуіне жету, автомагистральдар мен көпір конструкцияларының өткізім қабілетін жақсарту.

ӘУЕ КӨЛІГІ

— Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары сыныпты ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру;

— Әуежайларды қайта жаңартуды қолға алу, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандарттарға дейін жеткізу;

— Қазақстан арқылы өтетін транзиттік әуе желілерін дамыту мақсатында әуе қозғалысын басқару жүйесін қайта ұйымдастыру.

СУ КӨЛІГІ

—„Ақтау» айлағын қайта жаңарту және флотты „өзен-теңіз» түріндегі кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту;

— Өзен пароходстволарының жұмысын, әсіресе жүк және жолаушы тасымалындағы өзіндік құны төмен кемелерді іске қосып, олардың жұмысын жандандыру.

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕЛІЛЕРІ

Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады

Телефондар, факстар мен электрондық почта — осы заманғы бизнесті дамытудың өмірлік маңызды әрі объективті тұрғыдан қажетті шарты. Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым „көпшіл» әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседі. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын бере отырып, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайта отырып, әлеуметтік салалардағы кереғарлықтар мен келеңсіз құбылыстарды азайтуға барынша жағдай жасай алады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткісіз.

Баршаның пайдалануына ортақ әрі толығымен іске қосылған телекоммуникциялық жүйенің келесі бір жақсы жағы — жолдың ауырлығына, жекелеген аймақтардың алыстығына және жолаушы тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллі жұртқа ақпарат алуға мүмкіндік беретін кепілдігінде жатыр.

Біздің үкіметіміз шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға, ең кемі, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беретін болады. Айталық, балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады. Мұның өзіндік құны өте арзан, әрі алдағы уақытта едәуір пайда келтіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті түр.

Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жай-күйі басқа елдермен салыстырғанда өз желілерінің жетерліктей тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып отыр.

7-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛЕТІН КӘСІПҚОЙ МЕМЛЕКЕТ

БАСТЫҒЫ КӨП ЕЛ ЗАҢНАН ТАЯДЫСоломон

Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, алайда бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын түбегейлі реформалау стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді.

Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бастан-аяқ бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80 проценті мемлекеттердің функциясына жатпайды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттік құрылыс пен басқару мәселелерін көп ретте жаңадан шешуге тура келді. Ең алдымен бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің өмір сүруінің заңдық-құқықтық негізін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дәйектілікпен орнықтыруға қатысты болды.

Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесшің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған саяды:

  1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
  2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарла-малары бойынша атқарылатын жүмыс.
  3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
  4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
  5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
  7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Табысқа жеткен үкіметтер, әдетте ықашам келеді әрі мемлекет қана атқара алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкіметтер өз қызметін аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды іске асыруға ұмтылады.

Үкіметтің тиімділігі өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесімділігіне және кадрлар даярлығының дәрежесіне негізделеді. Біздің таяу болашақтағы міндетіміз стратегиялық жоспарлау әдістерін меңгерген қабілетті, әрі адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы аппарат құру болады.

Әлеуметтік экономикалық өмірдегі дағдарысты құбылыстардың негізгі себептерінің бірі — министрліктер мен ведомстволар арасында, аймақтар арасында үйлестірудің болмауында екенін айтып жату артық. Нақтылы міндеттерді шешу жолындағы жауапкершілік көлемінің бір-біріне сәйкес келмеуі, функцияларды қайталау және жең ұшынан жалғасу сан түрлі кедергілерге және бюрократиялық ішараздыққа, қағазбастылық пен ұжымдық жауапсыздыққа әкеліп соғады. Бүгінгі мемлекеттік басқарудың діңі де, тіні де осында жатыр.

Бұл проблеманың тамыры — стратегиялық жоспарлардың жоқтығында болып отыр.

Әрбір министрліктің, ведомствоның, әкімшіліктің жұмысы, сайып келгенде аймақтық дамудың өзі мақсаты айқын, міндеттері нақты жалпымемлекеттік стратегияға бағындырылуға тиіс.

Мұның тың көзқарас пен жаңа әдістемені талап етері даусыз. Стратегиялық жоспарлау, қаржылық бағдарламалау мен жобалық менеджмент таяу болашақтағы мемлекеттік басқарудағы жаңарудың өзегіне айналуға тиіс.

Ведомствоаралық және аймақтараралық үйлестіру, басым мақсаттарға жедел жетуге деген саяси ерік-жігердің көрінісі ретінде ауадай қажет.

Ведомстволардың стратегиялық міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі мен күш-қимылын бақылайтын біртұтас билік жүргізуші үйлестіруші орган құру қажет.

Мемлекеттік үйлестіру жүйесі тиімді әрі қарымды болуға тиіс. Оның жұмысының нәтижелері барлық есепті органдар үшін ашық болуы қажет.

Министрліктер мен ведомстволардағы бүгінгі қалыптасқан ахуалға келетін болсақ, жауапкершілік деңгейі өкілеттілік көлемінен асып тусіп отыр. Өкілеттіктер мен жауапкершіліктер арасалмағының бір жағына қарай ауытқуы басқару тиімділігін күрт төмендетеді. Әлемдік тәжірибе мекеме басшысына ішкі басқару жөнінен кең өкілеттік берудің билікті асыра пайдалану мүмкіндігінен келетін залалдан гөрі әлдеқайда көп артықшылықтар беретінін дәлелдеп отыр.

Министр мен әкім кең өкілеттіктер иеленуге тиіс және солай болуы керек, алайда олардың қызметі жоғары тұрған органдарға есепті болуы қажет, әрі ұдайы жасалып отыратын тәптіштеуші бақылау емес, стратегиялық бақылауға алынуы керек.

Бір қолға шоғырланған барынша кең өкілеттіктер қабылданған міндеттемелердің орындалмай қалғаны үшін барынша кең дербес жауапкершілікті көздейтіні анық.

Менің айтып өткенімдей, әр министрлік пен ведомство өзіне тән емес функциялардан арылуы керек, оларды мүмкіндігінше орталықтан аймақтарға қарай, мемлекеттен жекеше секторға қарай ойыстыру қажет. Сатылар мен аралық буындар аз болған сайын, өкілеттіктердің ара жігі де айқын ашылады.

Билікті орталықтан алудың және өкілеттіктерді өздері шұғылданатын объектілерге тікелей қатысты неғұрлым төменгі деңгейлерге ойыстырудың қажеттігі айдан анық, сонда орталық және өзге мемлекеттік органдар өзінің іс жүзінде керектігін және пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болады.

Нарықтың көмегімен біз аймақтар арасында: тұрмыс жағдайы жоғары аймақ, тандаулы аймақ принципі бойынша бәсекелестікті туғызып, күшейте беруге тиіспіз. Сонда өндіргіш күштер неғұрлым қолайлы жағдай жасалған аймақтарға шоғырлануға тиіс.

Аймақтардың жарыстас болуы олардың, әсіресе бюджет мәселелеріндегі дербестігіне көбірек сүйенуі керек, шамадан тыс орталықтандыру, міне, осы тұста айқын көрінеді.

Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс.

Жаңа тұрпатты шенеунік — өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне адал және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру — біздің таяу жылдарда шеішуге тиіс стратегиялық міндетіміз.

Күні кешегі өткенімізден бойымызда қалған ескі ниет-пайымымыз, әсіресе идеологиялық кертартпалығымыз, нарықтық шаруашылықтың жаңа жағдайында жұмыс істеуге қабілетсіздігіміз бен білместігіміз — әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы үлкен тосқауыл. Иә, алғашқы жалт еткен жағымды көріністер бар. Алайда, тұтасынан алғанда, жаңа тұрпатты басқарушылар даярлау — таяу болашақтың кезек күттірмес міндеті. Басқаруға білек сыбана іс тындыруға әзір, басым мақсаттар мен міндеттерге жетуге қабілетті білімдарлар келуге тиіс.

Кәсіпқойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік — кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың басты өлшемдері.

Республикада кәсіпқой мемлекеттік қызмет негіздері қазірдің өзінде қаланды. Алайда әлі де көп іс тындыру керек.

Кадрларды басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін құру қажет, онда оларды елімізде және сырт жерлерде нысаналы әрі тиімді даярлаудың, оларды қызмет бабында жоғарылатудың әділетті тәртібі, бірыңғай ақпарат тетігі, әлеуметтік қорғау кепілдігі әрі басқарудың ең іргелі ресурсы — адамға деген сергек көзқарас қамтылуға тиіс.

Сонымен бірге бұл мемлекеттік жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1998—2000 ЖЫЛДАР

БҮГІНГІ БІР КҮН ЕРТЕҢГІ ЕКІ КҮНГЕ ТАТИДЫ
Франклин

Егер біз XXI жүзжылдықтың басына дейін келесі үш жылға арналған қысқа мерзімді міндеттерімізді белгілеп, оларды орындай алмасақ, осы айтқанымыздың бәрінің де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу қаупі бар.

Біздің көптеген азаматтарымызды дәл бүгін алыс келешектің онша алаңдатып отырмағаны аян, өйткені қазіргі проблемалар еңсе жаздырмай тұр.

Адамдардың көпшілігі таяу уақытта аздап болса да, нақтылы нәтижелерді сезінбейінше, олардың ұзақ мерзімді мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың өзіне сенімсіздікпен қарары анық.

Біздің стратегиялық жолымыздағы алғашқы қадамдар мен алғашқы нәтижелерді неғұрлым тереңірек аңдау мен қадағалау мүмкіндігі бар. Солардың негізінде таңдап алған жолымыздың дұрыстығын терең пайымдайтын боламыз, мемлекетке деген сенім артады, ортақтық және отаншылдық сенім беки түседі. Біздің азаматтарымыз парасатты. Бірталай жылдардың ішінде экономика сауығып қарқын алмайынша, барлық әлеуметтік өткір проблемаларды шеше алмайтындығымызды олар жақсы түсінеді.

Таяудағы бірнеше жылдың ішінде ұзақ мерзімді басымдықтқтарды іске асыру және ұзақ мерзімді стратегияның шеңберінде қысқа мерзімді нақтылы іс-қимыл жоспарларын орындау үшін мемлекет ресурстарының шектеулі екенін де олар түсінеді.

Соған қарамастан, адамдар ғасырымыз аяқталғанға дейін азды-көпті жақсылықтар күтуге де және оларды алуға да хақылы, сондықтан да мен осы тұста Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізінде 1998—2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды міндеттерге тоқталып кетемін. Басым мақсаттар былайша түзілуге тиіс:

— ілгері елдермен белсенді қарым-қатынас жасау, Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және еліміздің әскери доктринасын әзірлеу арқылы үлттық қауіпсіздікті нығайту;

— ауылдың неғүрлым өткір проблемаларын шешу;

— кедейшілік пен жүмыссыздыққа қарсы күрес;

— ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;

— барлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемінде уақтылы төлеу;

— қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;

— Үкімет пен мемлекетгік қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы күресті күшейту.

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2000 жылға қарай:

— Қазақстанның төңірегінде қалыптасып келе жатқан стратегиялық тепе-теңдікті еліміздің геосаяси тұрғыдағы ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін тұрақтылықты мемлекеттің сыртқы саяси институттары арқылы көтермелеу.

— Біз Ресеймен және Қытаймен, Орталық Азия дағы көршілерімізбен, ислам мемлекеттерімен және Батыспен қарым-қатынастарымызды нығайтуда едәуір алға жылжитын боламыз.

— Каспий шельфі мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа ілгері мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылды, ол алдыңғы қатарлы державалардың біздің еліміздің тәуелсіздігіне деген мүдделілігін күшейтеді. Ал мұның өзі әлемдік рынокқа отын шығарып тұрудың тұрлаулылығын қамтамасыз етеді.

— Сыртқы саяси және барлау органдарыньщ күш-жігері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге жүмылдырылады.

— Қазақстанның әскери доктринасы әзірленеді, ол қалыптасқан жағдайға қарай әлсін-әлі дәлденіп тұратын болады.

— Демографиялық стратегияны іске асыру қаражаттың жетіспеуі себепті негізінен оның жоғарыда аталған шығасысыз элементтерінен басталады. Дегенмен Үкімет балаларды және көп балалы аналарды қолдауға арналған жәрдемақыларды одан әрі төлеп тұратын болады.

АУЫЛ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ауылдың ең бір елеулі проблемаларын шешуге келетін болсақ, біз 2000 жылға қарай:

— жергілікті әкімшілікті нарықтық қатынастарға араласудан шеттететін боламыз;

— жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын телитін күмәнді жеке шаруашылықтарға жекешелендіру жүргіземіз;

— банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыратын боламыз;

— ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандатамыз;

— Азия және Еуропа Қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытамыз;

— 25—30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіреміз. Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алуы үшін, заңда тыйым салынбаған кез келген бизнеспен шұғылдануы үшін, жан бағып, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдайда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті;

— тікелей отандық және шетел инвестицияларын тартатын боламыз;

— фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсетеміз;

— сумен жабдықтау және ирригация проблемаларын шешетін боламыз;

—барлық министрліктер мен қорлар желісі бойынша ауыл проблемаларының басымдықпен қаржыландырылуын қамтамасыз етеміз.

КЕДЕЙШІЛІК ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

— кіші кредиттер жүйесін енгізуге;

— шағын және орта бизнесті дамытуға;

— еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;

— шарттар мен контрактар және бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;

— қоғамдық жұмыстарды, ең аддымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;

— жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тас-тауға;

— қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға негізделеді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Өзіміздің осы бағыттағы ұзақ мерзімді басым-дықтарымызды іске асыру мақсатында келесі уш жылдың ішінде:

— қатаң монетарлық саясат бұлжытпай жүргізіледі;

— жекешелендіру аяқталатын болады;

— заң шығару жетілдіріліп, жақсартыла түседі, мұның өзі еліміздегі инвестициялық ахуалды барлық жерде бірдей жақсарта түседі;

— шетел инвестицияларын тарту бұрынғыдан да белсенді жүргізілетін болады, олардың көлемі мен нәтижелері жайында халыққа егжей-тегжейлі ақпарат беріліп тұруға тиіс. Энергетикалық ресурстарға келетін болсақ:

— Қазақстан КҚК құбыр арнасы құрылысын аяқтау және 2000 жылы оны іске қосу, ал 2004 жылы басқа құбыр арнасын — Қытай Халық Республикасына жеткізу үшін қолынан келгеннің бәрін істейді;

— Жерорта теңізіне, Парсы шығанағына, Араб теңізіне балама құбыр арналарын тартуды қаржыландыру мен салу мәселесін пысықтайтын боламыз. Қазақстан өнеркәсібі мен тұрғын үйлерге, сондай-ақ халықаралық рыноктарға отын жеткізу үшін газ қубыры арналары тартылады;

— Каспий шельфіндегі мұнай және газды барлау мен өндіру, Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында газ конденсатын өндіру, тасымалдау және өңдеу жөніндегі келісімдерге қол қоямыз. Инфрақұрылымды дамыту жоспарында мыналар қарастырылған:

— 2000 жылдың соңында „Достық» және „Ақтоғай» станциялары арасындағы теміржол инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында теміржол көлігінің қуаттарын ұлғайту;

— 1999 жылдың соңына қарай Ақтау қаласындағы теңіз айлағын қайта жаңартудың бірінші кезегін жүзеге асыру;

— 2000 жылдың соңына қарай Алматы — Ақмола — Бурабай жолын жаңғыру;

— 2002 жылдың соңына қарай Семей қаласында Ертістегі көпір мен оның кірме жолдарының құрылысын аяқтау;

— 2000 жылы Ақмола қаласындағы әуежайды қайта жаңарту.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР

2000 жылға қарай:

— Жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды — бұл өткен уақыт құбылысына айналады;

— Қоғамымыздың барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам кіші кредиттердің көмегімен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы мемлекеттен көмек алады;

— Барлық өнімділігі төмен және шығынмен істейтін зауыттар банкроттық жосығынан өткізіледі;

— Ұзақ мерзімді басымдықтарымызды қолдауға бағытталған бюджет реформаларын батыл жүргіземіз, қолымыздағы қаражатымызға қарай өмір сүру приципін ұстанатын боламыз;

— Қазақстандықтар үшін салық төлеу үйреншікті іске, отаншылдық парызға айналады;

— Зейнетақы реформасын нысаналы түрде жүргізе беретін боламыз;

— Өз қаржы секторымыздың реформасын тәмамдап, құнды қағаздар нарығын іске „қосамыз»,

КӘСІПҚОЙ ҮКІМЕТ

2000 жылға қарай:

— Үкімет пен мемлекеттік қызмет реформасы аяқталатын болады;

— Біліктілігі саяз шенеуніктерден арылуға және мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалануға қарсы күреске бірінші кезекті мән беріледі.

ҮКІМЕТКЕ 1998 ЖЫЛҒА 8 НАҚТЫ ТАПСЫРМА

ҚОЛ ҚУСЫРЫП ҚАРАП ОТЫРСАҢЫЗ,
ТҮЗУ ЖОДДЫҢ ҮСТІНДЕ ДЕ ТАБАН АСТЫНДА ҚАЛАСЫЗ
Годфрей

Мен өзіміздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыз ішіндегі келесі үш жылдығы міндеттерімізді айқындап бердім, алайда сонымен қатар келесі жылдың өзінде шешуіміз қажет бірсыпыра міндеттер бар. Сондықтан да мен Үкіметке 1998 жылға мынадай 8 нақты тапсырма беремін:

  1. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды және бюджеттік ұйымдарда жалақыны толық және уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.
  2. Бір жыл ішінде кемінде аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына парапар сомада кіші кредиттер беру.
  3. Үстіміздегі жылдан бастап шағын және орта бизнесті, фермер қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға кемінде 100 млн. АҚШ доллары сомасында кредиттердің берілуін қамтамасыз ету.
  4. Мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долла-рын бөлу.
  5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған кредиттердің кемінде 2,5 млрд. теңгеге арзандатылуын қамтамасыз ету.
  6. Салауатты өмір салты жолындағы қоғамдық науқанды бастау.
  7. Осы мақсатқа кемінде 40 млн. АҚШ долларын бөле отырып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісу. 1998 жылғы сәуірде осы бағдарламаны жүзеге асырудың принциптері мен одан күтілетін нәтижелер жайында жұртшылыққа баян ету.
  8. Балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.

ҚОРЫТЫНДЫ

КҮШТІМІН ДЕГЕН СЕНІМНІҢ ӨЗІНДЕ КҮШ ЖАТЫРБоуви

Ұзақ мерзімді басымдықтарды тандап алу, 1998—2000 жылдарға арналған міндеттерді белгілеу және келесі жылдың іс-қимыл жоспарын әзірлеу — аса күрделі міндет. Алдын ала бәрін болжау мүмкін емес, бұл жолда қандай қиындықтардың тосып тұрғаны да беймәлім. Алайда осынау ұзақ мерзімді басымдықтарды әзірлеу бірден бәріміздің қажырымызды жанып, іске жұмылдырары анық, ал бұл бізге жетіспей жүрген қасиет.

Бүгінгі ұрпақтың көпшілігінің осынау стратегиямыздың іске асқан кезіне жетер-жетпесі де неғайбыл. Ендеше оның нақтылығы мен дұрыстығын бағамдау — біздің балаларымыздың еншісі. Біздің күнбе-күнгі мақсаткерлігіміз бен табандылығымызға баға бере отырып оны әлем жұртшылығы саралайтын болады.

Осынау ұзын-сонар жолда бізді орасан зор ішкі және сыртқы қиындықтар тосып тұр. Өз дамуының стратегиясын әзірлеуге қауқары жетпеген көптеген елдер әлемге аян. Өз жоспарларын іске асыра алмаған мемлекеттер болғанының мысалы одан да көп. Жағдаяттардың ыңғайы, бастаушыларының саяси ерік-жігері мен қабілетінің әлсіздігі оларды мұратына жеткізбеді.

Егер күн сайын енжарлығымызды еңсеріп, бойымыздағы барша күш-қуатымызды басты бағыттарға жұмылдыра алмасақ, табандылық пен икемділік, тәртіп пен шығармашылық қарым таныта алмасақ, біздің де сондай күйге ұшырауымыз ықтимал.

Күнбе-күнгі қам-қаракет пен ағымдағы істердің ыңғайына жығылып, басты нысанамызды біртіндеп естен шығару, жеңіл, тіпті кейде керексіз жүмыстарға ауысып, ауырын, алайда стратегиялық тұрғыдан маңыздысын кейінге ысыру — ежелгі сіңісті дертіміз. Сондықтан да күн сайын алдымызда тұрған басымдықтарды бажайлау, әр кун ертеңгілік алдағы мақсатымызға қарай алға жылжудың аз да болса қамын ойлау, содан кейін әр кеш сайын уақытымызды қаншама тиімді пайдаланғанымызды бағамдап отыру абзал.

Жыл соңына дейін барлық 7 басымдығымыздың әрқайсысы бойынша оларды іске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзірленіп, олар кейіннен даму жоспарлары мен бюджеттердің негізіне алынады.

Үкіметтің құрылымы біздің стратегиялық басымдықтарымыз бен жоспаларымызға сәйкес келтіріледі.

Биылдың өзінен бастап Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің және жергілікті өкіметтің қызметі өзіміздің ортақ стратегиямызды іске асыруға бағындырылады.

Қазақстан Үкіметінің әрбір министрінің қолында стратегиялық жұмыс жоспары болады, әрі ол өз ведомствосының, сол жоспардың әрбір нақтылы тармақтарын орындау жөніндегі қызметі жайында тоқсан сайын есеп беріп отырады.

Жыл сайын мен сіздердің, еліміздің азаматтарының алдында не істегеніміз, нені істемегеніміз және неліктен істемегеніміз жайында есеп беремін. Әрбір жыл сайынғы Жолдауда мен біздің стратегиялық мақсаттарға қарай ілгерілей түсуіміз үшін келесі жылға жаңа міндеттер қойып отырамын.

Алдымызда тұрған қиындықтардың көптігіне қарап, бұл жоспарларды байыпсыздық санар көптеген күмәншілдер де табылар. Бәз біреулер біздің мұратымыз бен стратегиямызды бос сөзге балар. Енді біреулері Орталық азиялықтар, оның ішінде қазақстандықтар Ө здерінің Барысы болуға қабілетсіз дер.

Қазақтың халық мақалы „Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» дейді. Сондықтан да бізге — уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.