Хорология. Ареал туралы түсінік

Ареал-дегініміз белгілі бір аймақта жануарлардың таралуын атаймыз.

Зоогеографияда негізгі зерттеу обьектісі болып-түрдің ареалы саналады. Түр-тірі организмдердің систематикалық категорияларының бірі.

Түрдің ареалы-түр асты ареалдан құралады, түрдің ішіндегі туыстан.

Мекен ету аймағына, не болмаса түрлердіңұзақ уақыт белгілі бір аймақта тұрып, көбеюін, белгілі бір тығыздылықты сақтап тұруын ареал дейміз.

Карталарда ареалдарды түрлі әдістермен белгілейді. Соның бірі нүкте арқылы белгілеу. Оны нүктелік әдіс деп атайды. Карталарда түрлердің орналасқан жерін нүктемен немесе домалақ белгілемн көрсетеді. Бұл әдістің дұрыстығы картаның масштабына байланысты. Ареалдарды салыстыру үшін — контурлық әдісті қолданады. Бұл әдіс арқылы аралдардың шекарасы анықталады. Ареалдың шекарасындағы нүктелер сызықтармен біріктіріліп тұйық форманы қалыптастырады.

Кейінгі жылдары көптеген мемлекеттерде сеткалы әдіс, не болмаса формалді квадрат әдісі. Градус торына сәйкес зертелетін аймақ торларға бөлінеді.

Ареалдар түрлері алуан түрлі. Бірнеше аймақты қамтитын үлкен ареалдар,ұзын сопақша келетін кішкентай ареалдар. Материкті, аралды, түбекті дүние жүзін қамтитын алып ареалдар бар.

Құрлықтағы жануарлар кішігірім ареалдарды алады, ал теңіз жануарларының ареалдары кең көлемді алып жатады. Кейде түрдің ареалі табиғи географиялық аймақпен шектелген. Бұндай түрлерді эндемикті деп атайды. Тар ареалдар құстарда, көбелектерде таулы өзеннің жануарларында болады. Түрлі тотықұстар, мысалы жапалақты тотықұс Жаңа Зеландияның таулы ормандарын мекен етеді. Олардың да ареалдары өте кішкентай болады.

Барлық кішкентай аралдар эндемикті жануарларға тән. Эволюциялық көз қарас жөнінен эндемикті түрлердің екі категориясын ажыратады. 1. Палеоэндемиктер. 2. Неоэндемиктер. Палеэндемиктер- реликті эндемиктер болып саналады. Бұған ежелгі жастағы түрлердің өкілдері кіреді.Олар жер тарихыныңұзақ геологиялық дамуында қалыптасқан. Қазіргі ареалдар сол бұрынғы үлкен ареалдардың бөлігі.

Неоэндемиктер – бұл жас түрлер, алғашқы ареалға таралып үлгермегендер. Ата аналарынан екінші белгілерімен ажыратылады. Эндемиктердің жасын анықтау өте қиын. Ол үшін палеонтологиялық зерттеулер жүргізу керек. Кейде эндемиктердің жасын анықтау үшін ареалды анализ дейді. Егерде ареалдарұсақ аралдармен, тау жотасының алпі аймағымен шектелсе олар неоэндемиктер болады.

Табиғатта үлкен көлемді аймақты қамтитын ареалдар болады. Барлық материктарды, үлкен мұхиттарды қамтитын ареалдарды космополитті деп атайды. Теңіз жануарларынан- кашалоттар, дельфиндер, косатка-космополитті жануарларға жатады.

Неғұрлым жануарлардың алатын орны жоғары болса, соғұрлым ареалдар үлкен болады. Әр бір ареалдың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Ареалдың формасы әр түрлі болып келеді. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде, таулы аймақтарда ареалдар батыстан шығысқа қарай созылған. Бұл ареалдарды зоналық ареалдар дейді. Бұл климаттық жағдайларға байланысты.

Таулы аймақтарда жоталар бойымен созылған. Таулы аймақтарда домалақ ареалдар кездеседі.

Солтүстік Америка мен Солтүстік Евразия, Гренландия аралдарының жағалаулары циркумбореальді ареалді аймақты құрайды. Бұл жерлерде тайга ормандарының жануарлары кездеседі. Дүниежүзілік мұхит ареалдары да домалақ түрін құрайды.

Ареалдардыңұзына бойы созылуы—лента тәрізді ареалдарды пайда етеді.

Бұл су маңына жақын ареалдарда болады. Сырдария мен Амудария өзендерінің маңында болады.

Біріне бірі түйісіп жатқан ареалдар кездеседі. Бір ареалдың шекарасы, екінші ареалдың шекарасыда болып есептелінеді.

Табиғатта ареалдар бөлініп, бөлшектерге бөлінеді. Ареалдың бөлінуіне себеп болатындар — өзендер, бүғаздар, көлдер болуы мүмкін.

Кейде ареалдар бір тегіс болып келеді, ортасында бөлек ареалдар болады. Оның себебі адамдардың ормандағы ағаштарды кесу.

Солтүстік жарты шарда ареалдардың тұтастылығының бұзылуы мұз басу процессімен байланысты.

Жер шарының 23 % шөлдер алып жатыр. Африкада- Сахара, Калахари шөлдері, Азиадағы- Гоби шөлі. Қазақстандағы, Орта Азиядағы шөлдердің табиғат жағдайы ерекше.Шөлді аймақтың климаты құрғақ, жоғары, жауын шашын аз түседі. Жылына 100-200мм.

Шөлдер- құмды, тақырлы, тасты болып келеді. Жануарлары – ксерофилдер мен эвритермдер. Жануарлардан – кеміргіштер, жыландар, кесірткелер,түйелер, насекомдар түлкілер. Бұл жануарларұзақ уақыт сусыз тіршілік ете алады. Физиологиялық процессі суды үнемдеуге бағытталған. Шөл биоценозі өте кедей.

Шөл мен орман арасын далалар бөліп тұрады. Дала аймағын қалың шөптер жауып тұрады. Солт.Америкада дала аймағын прерия дейді, ал Оңтұстік. Американың қоңыржай белдеуін помпастар дейді. Дала аймағының климаті континенті. Шілдеде орташа t0 20-23,50C. Жануарлар дүниесі фитофагті жануарлармен берілген. Олар кемірушілер, жабайы торпан аты, турлар, сайгактар, америка прерияларында бизондар, тұлкі, қасқыр, қоян, жыртқыш құстар. Дала зонасы орманды дала мен орман алқабына өтеді. Ормандардың 3 типін ажыратады. 1)субтропикалық мәңгі жасыл ормандар. 2) жалпақ жапырақты ормандар 3) қылқан жапырақта ормандар. Субтропикалық ормандар құрғақ және ылғалды болып бөлінеді. Құрғақ ормандар Жерорта теңіз жағалауы, Калифорния, Африканың Оңтүстік бөлігін қамтиді. Климаты жұмсақ жауын шашынды. Жануарлардан рептилиялар, амфибиялар, жабайы қоян, түлкі кездеседі жабайы муфлон қойы мекен етеді. Қоңыржай белдеуде – жалпақ жапырақты ормандар кездеседі. Климаты жұмсақ, қысы суық. Орман аңдары, зубр, жабайы қабан, қасқыр, түлкі, қоян,бұғы мекендейді.

Қылқан жапырақты ормандар – Евразияның 55 % жерін алып жатады. Климатына төзімді жануарлар мекендейді. Қысы суық,ұзақ, жазы қысқа. Орман ағаштары қылқанды болып келеді.

Лемминг, құндыз, тиын, бурундук, аю мекен етеді.Кейде бұғы кездеседі.

Тайганың флорасы кедей, жергілікті климат жағдайына байланысты.Қысы қатаң,ұзақ болғандықтан өсімдіктер әлемі соған беймделген болады.. Сол климатқа бейімделген жергілікті халық тіршілік жасайды.