Фаунаның аса маңызды ерекшеліктерінің бірі эндемизм болып саналады. Энде-микалық жүйелік бірлігі деп, табиғатта белгілі бір аймақта кездесетін басқа еш жерде ұшыраспайтын түрлерді, туыстарды және басқа таксономикалық бірліктерді атайды. Осы себепті эндемиктер кез келген фаунаның ерекше компоненті болу мен бірге оны басқа фаунадан мүлдем өзгешелендіріп тұрады. Егер неғұрлым кең тараған түрлер фауналар арасындағы байланысты көрсетсе, эндемиктер оларды бір бірімен шұғыл ажыратады.
Түрлі фауналардағы эндемиктер саны бірдей емес. Эндемизмнің неғұрлым жоғары пайызы аралдық фауналарда, ал континентерде – рельефтері күшті бөлшектенген аудандарда, яғни таулы елдерде болады. Оның себебі географиялық оқшаулану – түрлердің пайда болуының қажетті шарты.
Түрлердің барлық белгілері географиялық өзгеріске ұшырайды. Егерде популяцианың бір бөлігі таралу кезінде оқшауланған аймаққа тұссе, онда оларда гендердің құрамы сақталмайды. Бұндай жағдайға тұскен ағза өзін жоймайды, тек қана аталық популяциалардан тәуелсіз болады.
Әрине локальді популяцидағы сұрыптау өз жолымен жұреді.. Нәтижесінде популяциада генетикалық қайта құру жұреді, соның нәтижесінде жаңа аналық тұр пайда болады. Жаңа пайда болған тұр өзінің экологиалық ортасын пайда етеді. Эндемизмдер таулы фауналарда аса қатты дамыған. Мұнда туыстық ареалдың белгілі бір бөлігінде түрлердің жиынтығы байқалады.
Эндемикалық түрлердің пайда болуы үшін географиялық бөлінуі мен қатар уақытта қажет. Фаунаның ұзақ және тоқтаусыз дамуы жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі. Осыған керісінше тіршілік жағдайының өзгеруі бір түрлердің жойылуына алып келеді.Ал екіншілерінің таралуына. Эндемиктердің көп болуы фауна дамуының ұзақтығын көрсетеді. Сондықтанда, жер шарының ұштік кезеңнен экологиялық жағдай өзгермесе,автохтондық эндемикалық тұрлер көп сақталады. Бұған мысал: Оңтүстік Американың ылғалды экваторлық ормандары немесе Оңтүстік Шығыс Азияның осындай жерлері дәлел. Осы фауналардың үздіксіз дамуы кезеңінде оларда тек эндемикалық түрлер ғана дамып қоймай, сонымен қатар туыстар тіпті жануарлар отряды да көптеп мекендейді. Керісінше таяуда ғана төртінші мұздықтан босаған (Европаның солтүстігі немесе Солтүстік Америка) жерлердегі жас фауналарда әлде қандай эндемиктердің елеулі тобы жоқ немесе олар түрден төменгі сатыда қалып қойған.
Көптеген фауналарда субэндемиктер деп аталатын немесе эндемикалық таксондарға (туыстар, түрлер) бар. Мысалы: Африка фаунасында (Эфиоп облысы) түйеқұс, антилопа-орикс және басқада кең тараған басқа да түрлер, өзі тектес өкілдері Арабияда да бар. Орта Азия насекомдар фаунасы, көптеген тұрлерді қамтиді Бұлар орта азиялық фауналар үшін субэндемикалық түрлер.
Әр түрлі фауналардағы эндемизм деңгейі де әр қилы. Мысалы, Австралия фау-насында қалталы сүтқоректілердің 8 эндемикалық тұқымдастары және кем дегенде құстардың 100 (270-тен) эндемикалық туыстары бар. Неотропика фаунасында (Оңтүстік Америка) сүт қоректілердің 17 (эндемикалық түлердің 80 пайызы) эндемикалық тұқымдастары және құстардың 26 эндемикалық тұқымдастыры (эндемикалық туыс-тардың 78 пайызы) саналады. Осыған қарамастан бүткіл тропикадан тысқары жатқан Евразияда (Палеарктикада) сүт қоректілер мен құстардың бір-бірден ғана эндемикалық тұқымдастары ғана ұшырасады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, эндемизмді прогрессивті және реликтовті деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Прогрессивтік эндемиктер деп, фаунада жақында арада пайда болып, оның террит-ориясынан әлі тысқары жайыла қоймаған түрлерді немесе туыстарды атаймыз. Бұлар жас әрі жаңа құрылымдар. Олардың осы түрдің өзге де туыстарынан азғана ғана айырма- шылығы бар. Олар мен бір территорияда тіршілік ететін басқа түрлер арасында болмашы ғана байланыстар бар. Көбінесе прогрессивті эндемиктер жақын туыстық түрлердің тобын құрайды. Олардың экологиялық талабы қоршаған ортаның жағдайына сәйкес келеді.
Реликтілі эндемиктерге (палеоэндемиктер) ареалдары бұрынғы уақытта аса ірі болған, ал қазіргі шақта олар жеке бір территорияларда ғана сақталған жануарлар жатады. Реликтовті эндемиктер (оларды кейде консервативті деп те атайды) фаунада әдетте оқшауланған жағдайда болады. Олардың жақын туыстық түрлері жоқ, олар жүйелі түрде оқшауланған. Реликтілі эндемикалық туыстар көбінше бірнеше немесе бар-жоғы бір ғана түрден (моноүлгідегі туыстар) құралады. Экологиялық жаңдай оларды салыстыр- малы түрде “қанағаттандырады”. Әрине, егер жағдай олардың талабына толық жауап бермесе, олар әлдеқашан-ақ жойылып кетер еді. Алайда, ареалда осы түрлердің таралуы ақтаңдақтық сипатқа ие, олар тар өрісті және шектеулі биотоптармен ғана байланысты. Фаунада реликтовті эндемиктердің болуы –олар үшін қолайлы жағдайдың (геологиялық мағынада), тіпті шағын ғана участокта болса да ұзақ уақыт бойына, сақталып келгенін дәлелдейді. Бұған – реликтілі эндемизмге – қылыштістілер тұқымдасына жата-тын, домалақбасты жорғалаушылар отрядының Жаңа Зеландияда тіршілік ететін жалғыздан — жалғыз өкілі — гаттерия тамаша мысалы бола алады.
Жоғары рангтағы консервативті эндемиктер көбінше дизьюнктивті таралу сипатына ие. Осыған тән мысалы ретінде, жұмсақаяқтылар тұқымдасына жататын құрбақалардың таралуын келтіруге болады. Бұған- 2 түр кіреді- жұмсақаяқтыдар жіне лиопельма. Олардың әрқайсысы дербес туыстарға бөлінеді. Геологиялық жасына қарай жұмсақаяқты құрбақалар – құйырықсыз қосмекенділер арасында- ең ежелгі түр болып саналады. Осы тұқымдастықтың қазылып алынған өкілдері жоғары юр шөгінді жыныстарынан белгілі.