Қазақстан биоресурстары табиғи ресурстарға өте бай. Оның себебі кең байтақ дала және түрлі географиялық аймақтарға бөлінгендігі. Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Табиғи байлықтардың ішіндегі ең бай ресурс биоресурстар есептеледі.
Биоресурстар деп — биологиялық тірі жанды заттар қорын түсінеміз. Оларды екі топқа бөліп өтеміз: жануарлар ресурстары және өсімдіктер ресурстары (микроорганизмдер).
Өсімдіктер биоресурстары ежелден адамзат игілігіне пайдаланып келеді. Өсімдіктер ресурыстарының көпшілігін ормандар құрайды.
Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді:
1.Судан және желден қорғаушы ормандар. Бұлар өзен, көл, авто, темір жол бойларында егіледі. Бұл ормандардан біз өндірісте пайдаланбаймыз.
2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты тіктеу үшін отырғызылады. Бұл ормандар шектелген түрде пайдаланылады.
3.Бұл ормандар көп аудандарды иелейді. Оларды өндірісте және ағаш материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз.
Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен маңызға ие. Олар медицинада биологиялық белсенді заттар жасауда кең пайдаланады.Өсімдіктер ресурстарының тағы бір пайдалысы ауыл шаруашылығы өсімдіктер есептелді.Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен адамзат өздеріне қажетті киім кешек, азық түлік жасауда кең пайдаланады. Біздің Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 5770 түрі өседі. Төменгі сатыдағылардың 500 ге жуығы өседі.
Жануарлар дүниесі туралы түсінік. Жануарлар дүниесі тарихи өзгерістермен пайда болған өз ареалына ие болған жануарлар түрлері жиынтығы есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, жасау ортасымен түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар классификациясынан басқа бір түрге кіргенмен олардың таралуына қарап та оларды бірнеше топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік).
Қазақстанда жануарлар ресурстарын пайдалануына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар.
Жабайы жануарлардың біздің елімізде аңдардың 150, құстардың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекнділердің 12, балықтардың 8 түрі бар. Биоресурстарын пайдаланудың ежелден келе жатқан түрі аңшылық есептеледі. Аңшылық жануарлардың терісі, еті үшін ауланады. Қазақстанда кеңес өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, суырдың 40%-і ауланады.Орта Азия мемлекеттерінде ауланған аң түрлері дүние жүзі бойынша алғашқы орында тұрады. Қазіргі күндері « жұмсақ алтын » деген ат алып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет өнімлерін жетістіруде тұяқты аңдардан кең пайдаланады. Кеңес үкіметі кезеңінде олардың саны 6,5-7,5 млн болса, қазіргі уақытқа келіп 500 -600 мың шамасында қалып отыр.
1970 жылы тұяқты аңдар есебінен жылына 6,5мың тонна ет дайындаған. Қазақстанда балықшылықта өркендеген кәсіптің бірі есептеледі. Балық кәсібі Балқаш, Каспий өндіреді. Одан басқа да 11мыңға жуық кішігірім өзендер,7000 көл бар. Қазақстанда жылына 490 мың центнер балық өндіріледі.